Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Россияға бағыну — қала салдыру ғана емес. Бұл үлкен саясат, — деді Әбілқайыр, — жақында ғана маған Арал бай мен Оразкелді ақсақалдар келіп: «Қатын патшаға өтініп, Ұлы жүзді де Россия қол астына алдыр» деп кетті. Ал, Жайық пен Op өзенінің түйіскен жеріне қала салуды сұраған менмін. Бұл қала жеке маған ғана емес, бәрімізге керек... Түбі, қазақ елі толып жатқан ақымақтардың қолында бөлшектеніп жүргенше, бір ақылдының қолында тұтас отырғаны жөн емес пе... Мұнымды кім теріс дейді?..

— Мұндай қамқорлық Үлкен Орда ханы Әбілмәмбеттің ісі емес пе? — деді Барақ тұнжырап.

Әбілқайыр тура жауап беруден жалтарды...

— Мен Үш жүздің басын біріктіргім келеді. Сонда ғана өзге жұрт бізбен санасады, — деді сөзін сабақтап. — Жаңа Бөгенбай батырдың сөзін естідіңдер ғой. Жұрттың көбі осылай ойлайды.

Жерге қарап отырған Церен-Доржи басын көтеріп алды.

— «Кірпікшешен ініне кіргенше ғана дос» деген біздің жоңғарда мақал бар,— деді ол, — ініне кіріп алғаннан кейін инелерін сұға бастайды. Түбінде, қалап алған досыңнан қашып құтыла алмай жүрме.

— Жоңғар кірпікшешені жөнінде айтып отырған жоқсың ба, ноян? — деді Тайман батыр.

— Иә, Церен-Доржи, орыс патшасы бізге нендей сый әкеледі, әзірге беймәлім — деді Әбілқайыр. — Бірақ жоңғардың бұғауымен таныспыз. Ал шүршіттің зұлымдығын өздерің де бізден кем білмейсіңдер...

— Жарайды, Әбілқайыр хан, сенің бұл шешіміңді мен ұлы қонтайшыға күні ертең-ақ жеткіземін, — деді Церен-Доржи ханды қорқытпақ боп, — Жоңғардың бар түмені Ырғыз түбіне жеткенде сөйлесерміз.

Мейлі, Қалден Цереннің қанды қолын жаңа көріп жүр дейсің бе? Жіберсе, күтіп алуға бармын!

— Онда кешікпей Қалден Церенді де көріп қаларсың.

Жоңғар нояны орнынан түрегелді. Ханға әдет бойынша, сәл басын иіп тәжім етті де, асыға басып шығып кетті. Оның соңынан Барақ сұлтан да тұра берген...

— Отыра түр, Барақ сұлтан, — деді Әбілқайыр қолымен ишара жасап. Барақ үн-түнсіз қайта отырды. — Тевкелевтің келе жатқанын жаңа айттым ғой. Әрине босқа келе жатқан жоқ. Бұл жолы қазақ елінің ақ патшаға біржола бағынуын талап етуі хақ. Оған қандай жауап қайтарамыз?

— Өзің қандай жауап қайтармақ ойдасың?

— Мен жауабымды осыдан бес жыл бұрын бергем.

— Мен де жауабымды сонда бергем. Сірә, екеуміздің жауабымыз бір жерден шыға қоймас.

— Сонда ат құйрығын кескен жеріміз осы болғаны ма?

Әбілқайыр мен Барақ арасындағы араздық өз алдына. Қазір бұлардың шешетіні тым жауапты мәселе еді. Бірақ амал не, халық тағдыры бас араздықтың қанжығасында кете барды. Найман тайпасы Жоңғар хандығымен қатар тұрғандықтан, Бараққа да Әбілқайырдың айтқанына көне қою қиын еді, сондықтан да ол:

— Aт құйрығын кестім десең өзің біл, Әбілқайыр хан! — деді де ордадан шығып кетті.

Күзетшілер сол тас мүсін қалпында тұрып қалды. Үй ішін тағы да тымырсық тыныштық басты.

— Хан ием, — деді Тайман батыр тыныштықты бұзып, — халайық қайда болса, хан сонда болады деп сенеміз. Соңыңнан ердік, әзірге үмітімізді ақтап келесің. Бірақ бүгін бір түсінбей қалған жайым бар.

— Сөйле, Тайман батыр?

— Бізге Жоңғарлардың істемегені бар ма? Елімізді қан-жоса етті, шалымызды кәрі деп аяған жоқ, баламызды жас деп мүсіркемеді. Қыс қыстау етер, жаз жайлау етер бүкіл жылы өңірімізді басып алды. Ал сондай ата жауымыздың жаңағы Церен-Доржи тәрізді қандышелек батыры қолымызға өзі түсіп отырғанда, аман-есен қоя береміз. Ол аз болғандай, оның көзінше ашпайтын құпиямызды ақтарамыз. Біздің бар ойымызды ол ертең-ақ Қалден Цереніне жеткізбей ме? Білмеймін, жарқыным, неге бұлай бұның бәрі...

— Құпиямызды айтсақ, ол құпияны Церен-Доржи ешкімге жеткізе алмайтынын білген соң айттық.

— Қалайша?

— Церен-Доржи қасындағы жігіттерімен бүгін түнде Қанды жартас тұсында ажал табулары керек!

— Кім орындайды ол үкімді?

— Батыр Тайман мен оның сайыпқыран жас бөрілері.

Тайман абыржып қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий