Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жәнібектің тоғыз баласының ішінде бір анадан Ұснақ пен Жәдік туған. Жәдіктің балалары жеті атасынан хан болып келген. Ал Ұснақтан тараған Бұлақай Құяннан оның баласы Айшуақ, Айшуақтан туған Нырыш, Нырыштың баласы өз әкесі Аджаға (Абдоллаға) дейін, бірде-бір хан болып көрген жоқ. Бақ пен дарын жеті атадан кейін бір қонады деген қазақта қауесет бар, мүмкін содан болар, Жәнібектің жетінші буыны өзі хан болды. Онда да тек Кіші жүзге ғана. Рас, Үлкен Ордадан бұ да дәметкен. Әттең не керек, бақ күндес туыстары мақсатына жеткізбеді. Ал Кіші жүз жеке отау тігіп, Әбілқайырды өзіне хан сайласа, о да сонау үш жүздің қара шаңырағы — Үлкен Орда хандығы болжыpaп нашарлап кеткеннің нәтижесі! Ал ел басына күн туып, Жоңғардың қалың әскері қаптағанда, қазақ жұртын біріктіріп жауына қарсы тұруды басқарса, онысы өзінің ерлігінің, көрегендігінің арқасы. Әбілқайырдың бұл қасиеттері жұрт алдында абыройын асырды, кейде исі қазақ елінің көсемі дәрежесіне дейін көтерді. Орта жүздің кейбір ру басшысы, Жәнібек секілді батыры бұның соңынан ерді, қарындасын алып, жекжат болды. Солардың демеуімен Әбілқайыр өзін кейде бар қазақтың жоқтаушысы ретінде сезінді. Әрине, көпшіліктің көкейкесті арманы — тыныштық. Әбілқайыр халықтың сол тілегін пайдалана білді. Ұлы Россияға бізді қарамағыңызға алыңыз деп ең бірінші боп хат жазды. Өзге хандардан гөрі Әбілқайыр Қытай, Жоңғар боғдыхандарының қазақ елін мүлдем құртуға бел байлағанын жақсы түсінді. Әбілқайырдың қылығы үлгі боп, Сәмеке хан да орыс патшалығының қол астына кіруді талап етті.

Ал жоңғар дауылының қарқыны сәл басылып, қазақ елі кей жерде оларға төтеп беріп, кәрі Сәмекенің орнына Орта жүзде Әбілмәмбет, Абылай, Барақ, Қазыбек секілді ел басқара алатын адамдар шыға бастап еді, ел билеп отырған «игі жақсылар» екі бөлінуге айналды. Россия патшалығының қолтығына кіріп алып, Әбілқайыр бәрімізге үстем болмақшы деп қорыққандар да табылды. Олар енді Әбілқайырдың саясатын теріс көріп, кешегі жауы жоңғарлықтармен келісімге келуге де бар екенін жасырмады. Соның бірі Барақ сұлтан, Ал Әбілмәмбет пен Абылай...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий