Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әбілқайыр кілт тоқтады. Көптен бері жүрек түбінде жатқан бір ауыр ой кеудесіне кенет шаншудай қадала қалды. «Ал егер менің үмітім ақталмаса ше? Сонау салынғалы жатқан Ор қаласы, Барақ сұлтан айтқандай, өзіміз құлайтын орға айналса, ел-жұртқа не деймін? Жоқ, олай болуы мүмкін емес, егер ақ патша мені тек халқымның мүңкір-нәңкірі етіп пайдаланбақ болса, онда... Онда... Мен де алысып өлем! Осылай етуді құр өз басым ғана емес, мына әрқайсысы әр тайпа елді басқаруға жарап қалған ұл-қыздарыма да өсиет етіп тапсырып кетем!

... Әбілқайыр ханды бағалай білмеген кейбір орыс пен қазақ тарихшылары оны қара басының қамы үшін жұртын сатқан, бақ күндес жауларын табанының астына саламын деп қазақ елін Россия патшалығына бағындыру саясатын қолдаған дейді. Сол бір қилы кезеңде Әбілқайырдың түпкі ойы солай-ақ делік... Бірақ болашақ тарих, ұстаған жолының дұрыс екенін айқындады. Қазақ елінің Россияға бағынуының қажеттігі Әбілқайырдың өз басының қамынан көрі, әлеуметтік қасиетін жоғары сатыға қойды. Әбілқайыр ұстаған саясаты үшін еш уақытта күрестен бұғып қалған емес. Оған куә қан майданда үнемі алғы шепте болуы, қауіп-қатерді кезеңдерде өз басын қорғап тығылып қалмауы. Ұстаған жолы үшін өз басы түгіл, туған балаларының ешқайсысын аямай кезек-кезек аманат ретінде патша қол астына беруі. Демек, бұның бәрі Россияның қол астына кіру керек екеніне оның шын жүрегімен берілгендігін көрсетеді.

Әбілқайыр қанша қатыгез болғанмен балаларының орыс қаласына аманат боп барып, тәлім-тәрбие, өнер-білім алуын қуаттаған. Әрине орыс төрелерінің арасында ол өзіне деген қастарының да көп екенін білді. Олар әйел патшаға бұны екі жүзді деп хат та жазды. Келешек үлкен мақсаты үшін бұл оған да шыдап баққан.

Әбілқайырдың төрт заңды, үш заңсыз әйелінен он бестен астам ұл, қызы болған. Ханның көзі тірісінде бәйбішесі Бопайдан туған Нұралы, Ералы, Әділ, Айшуақ, Қожахмет және қалмақ әйелінен туған Шыңғыс, Қаратай сұлтандар өзіменен үзеңгілес жауға шауып, Орда ісіне кіріскен. Әбілқайыр бұларын орыс бекіністеріне аманат етіп қалдыру былай тұрсын, оларды ең қауіпті жорықтарға, тартыс-таластарға жіберіп отырған. Ханның сайдың тасындай, кілең «сен тұр, мен атайын» осы жеті ұлы көп жағдайда өзіне сүйеніш, серік болған...

Әбілқайыр ұзақ жүрді. Ол ауылдан әжептәуір алыстап кеткенін аңғарған жоқ. Оның ойы енді бастаған істерінің қаншалықты қиындыққа түсетініне ауды.

Ханның Россия патшасы Анна Иоанновнаға жазған хаты бойынша Тевкелев бір мың жеті жүз отыз бірінші жылы Кіші жүз Ордасына келген шағында қандай қиындыққа ұшырамады? Жыл өткенде еліне әзер қайтқан жоқ па? Әбілқайырдың Россия патшасына басшыларымен тегіс ақылдаспай, бүкіл халық атынан хат жазғанын соңынан білген Кіші жүз бен Орта жүздің шонжарлары не істемеді! Тевкелевті еліне қайтартпай қандай қорлық көрсетпеді! «Бұл қазақ жеріне тыңшылықпен келген, біздің күшімізді біліп алып келесі жылы соғыс ашпақ» деп, оны өлтірмек те болған. Дәл осы кезде башқұрт батырлары Торғай бойындағы қазақ ауылдарының малын шауып, әлі Россияға бағынудың байыбына жете түсінбеген халықтың наразылығын бұрынғысынан да өршіте түсті. Әрине, Бұғыбай батыр мен оның күйеу баласы Есет батыр кіріспегенде, о жолы Тевкелев те, оған еріп келген адамдардың бірде-бірі тірі қайтпаған болар еді. Рас, осы жолы Россиямен жақындасу жөнінде көп іс істелді. Бұхара мен Хиуа хандарына уәкілдер жіберілді. Қарақалпақ елінің ханы Қайыппен сөз жүргізіліп, оның Россия қол астына кіргісі келетіні анықталды. Әбілқайыр менімен ақылдаспай қатын патшаға хат жазды деп өкпелеп қалған Орта жүздің ханы Сәмеке де хат жолдап, Тевкелевпен кездеспек болды. Бірақ Арқа жеріне қарай осы кезде Жоңғар қонтайшысы әскерінің бет алған қаупімен байланысты бұл кездесу болмай қалды. Демек, өз басына төнген ажалға қарамай Тевкелев бұл жолы да қазақ елі мен Россияны жақындастыру жолында көп шаруа істеп кетті. Ол Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Абылай, Ұлы жүздің ханы Жолбарыс пен Қарақалпақ билеушісі Қайыптың Россия қол астына кіруге бар екенін біліп қайтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий