Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тарихи деректерге қарағанда, Россия патшасы Анна Иоанновна Әбілқайыр ханға берген грамотасында: «... өздеріңнің өтініштерің бойынша жоғарғы көрсетілген тараулардың негізінде, қырғыз-қайсақ ханы Әбілқайыр, сені және бар қырғыз-қайсақ әскерін қол астымызға алдық... Сондықтан хан мен оның бар әскері біздің императорлық мәртебеміз бен оның мұрагерлеріне мәңгі-бақи адалдығын сақтауы керек» делінген. Бұл грамотада: «Адал және әділетті» патшаға қызмет істеу, соғыс кезінде Россия әскери басшыларының қарамағына қару-жарақты қол болып келуі, Жайық қазақ-орыстары, башқұрт, қалмақ секілді Россияға бағынышты ұлттарды шаппауы, қазақ жері арқылы өтетін орыс-сауда керуендерін тонамау, бұрын-соңды қолға түскен орыс, тұтқындарын қайтару секілді қазақ хандарының міндеттері көрсетілген. Сонда ғана Россия патшалығы қазақ елін өз қорғанына алмақ болған.

Әбілқайыр хан да, одан кейін «Россия қол астына кіріп адал қызмет істеуге» ант берген Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан да, сол жылы Бұғыбай мем Есет батыр бастаған Кіші жүздің үш жүз тоқсан тоғыз «игі жақсылары» да Россияға бағыну деген ұғымды қорған болу деген мағынада түсінген.

Не дегенмен де бұл кезеңнің басты маңызы — қазақ елі осы шақтан бастап Россияға арқа сүйей отырып, өзінің шаруашылығын, саясатын, енді сол Россияның көзқарасымен байланыстыра жүргізуінде болды. Бұл тарихи керек жағдай еді. Және бұл жағдай осы кезден бастап, алдындағы бөгеттердің бәрінің күл-талқанын шығарып, әрі қарай дами түсті.

Әрине, мұндай тарихи ауыр күрес-қимылдарда бағынышты қазақ елі мен патшалық Россия секілді отаршылық саясатты ұстаған екі жұрттың арасында қайшылық, толып жатқан қиындықтардың туатыны да мәлім. Бірақ соның бәріне қарамай, енді қазақ жеріне Жоңғар шабуылы тоқталды. Жоңғар қонтайшысы тек өзі басып алған қазақ даласының оңтүстік өңіріне ғана ие боп қалды.

Осындай «қол астына» кірген қазақ елін Россия патшалығы бір мың сегіз жүз қырқыншы жылдары Үргеніш, Хиуа тұсынан төнген Иран патшасы Надир шахтың шабуылынан да сақтай алды.

Ор қаласынан кейін Россия, Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойына әскери бекіністер сала бастады. Орыс патшалары бүкіл Россия шекараларына тұрғызылып жатқан бекіністер мен әскери қорғандарды бірімен бірін байланыстырып, солдаттармен толықтырды. Әскермен бірге қазақ даласына Россияның алыс түкпірлерінен қара шекпендер келді. Бұлар үй салып, егін егіп, меншігіне берген жерді иеленуге кірісті. Мұндай жағдайда келімсек жұрт пен жергілікті елдің арасында қырғи қабақтық, жанжал, сойыл ала жүгіру тәрізді келісімсіз істердің де тууы сөзсіз еді. Бұқара халықты біріне-бірін айдап салып елді басқару — ежелгі саясаты болған орыс генералдары да, қазақ бай-манаптары да бұл алауыздық, жанжалдарға астыртын дем беріп, өршіте түсті. Ұлт наразылығын тудыруда бұл екеуі де үнемі бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып отырды. Халықтар достығының неге апарып соғатынын әсіресе Пугачев көтерілісінен кейін бұлар өте жақсы түсінген-ді... Қазақ елі Россияға қосылуының арқасында феодалдық ұйқысынан оянып, мәдениетке қол соза бастады. Россия оны тарихтың алыс-жұлысына өзімен бірге алып кірді, қоғамдық және саяси жағынан күшеюіне мүмкіндік берді. Отырықшылық пен егін салуға, сауда-саттықтың жаңа үлгілері мен өнеркәсіптің өндірістік түрлеріне үйретті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий