Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сөйтіп сен, Неплюевтен іргеңді алыс салма дейсің ғой? — деді Әбілқайыр Нұралыға көзінің қиығын аудара.

— Іргеңді алыс салатын мезгілден өтіп кеттің, көке, шамаң келсе тіл табуға тырыс.. Сенің сөзің бүкіл Кіші жүздің сөзі...

— Ал егер оның өзі тіл тапқысы келмесе ше?

— Сол тіл тапқысы келгені үшін шақырып отырған болар.

— Жалғыз мені ғана шақырып па? Неплюев Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанды да шақырып отырған жоқ па?.. Анна Иоанновна маған берген грамотасында мені бүкіл қырғыз-қайсақ ханы деп бекіткен жоқ па еді? Қарамағымдағы елді де: Орта жүз бен Кіші жүз деп атаған... Неплюев егер тіл тапқысы келсе, менің мәртебемді осы тұрғыдан неге қарамайды?

— Көке, одан бері де он екі жыл өткен жоқ па? Сенің ондағы айбарың мен қазіргі айбарың бір емес қой... Орта жүз қазір Сәмеке ханның кезіндегідей емес, қай жауыңа болса да төтеп бере алатынын аңғартып отыр... Ақ патша губернаторлары олармен санаспасқа амалы жоқ. Ал алда-жалда Әбілмәмбет пен Абылайға Неплюевты қарсы қойғың келсе, оның жолын табу керек.

— Қандай жол бар? Сірә, тапқандайсың ғой...

— Көке, менің ақылыммен бәрібір жүрмейсің ғой.

— Сен менің ақылыммен жүргелі тұрсың ба?

— Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас...

— Солай де...

Әкесі мен баласы талайға дейін үн-түнсіз отырып қалды. Бұл екеуінің бүгінгі сырласуы Ор қаласында болатын кеңеске дайындалудан туған. Орынбор губернаторы Неплюев қазақ жеріне патша үстемдігін жүргізу ісі күннен-күнге қиынға түсе бастағанына көзі жеткеннен кейін, Орта жүз, Кіші жүз жөне Орынбор губернаторына бірдей жер орталығы деп саналатын Ор қаласындағы кеңеске Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанды және Әбілқайыр ханды шақырған-ды. Өзі де сол Орға келмек. Губернатор соңғы бес жылдың ішінде Кіші жүз бен Орта жүздің арасында пайда болған қайшылықтармен жақсы таныс. Қазақ хандарының Россия патшалығына адал қызмет істеуін талап етумен бірге, осы жолы екі ханның арасындағы наразылықты да соз етпек болған.

Әбілқайыр баласы Нұралы екеуінің арасы салқындап бара жатқанын бұрыннан да сезетін. Бірақ Арал маңындағы елді Россия патшалығы Нұралыға беріп хан санап указ шығармағанына, бұл жұрт әлі өз қарамағында екеніне тәубе етіп, баласымен бәлендей ашық сөзге бармайтын. Әбілқайырдың ұққаны Нұралының орыс патшасы жағында екені. Түбі қандай жолға түсері белгісіз, ал әзірге тағдырын да, болашағын да орыс патшасының дегеніне бейімдеген. Баласының өзінен де өткен орысшыл болуына, оны ес білгелі осылай тәрбиелеген Әбілқайырдың өзі себепкер еді. Енді ол Россия патшалығына деген өзінің өкпесін, күдігін бұдан әрі Нұралыға ашпады.

— Солай де... — деді Әбілқайыр қайтадан.

— Солай...

Әбілқайырды кенет ашу қыса қалды. Өзімен іштей арбасып отырған баласы Нұралының бір тайпа елдің ханы екенін ұмытып кетіп, жанында жатқан хан асасының астына алып, сойып салмақшы да болды. Асасына қолының тез барып қалғанын өзі де сезген жоқ, бірақ одан артық қимыл етпеді. Өйткені, Нұралының да ұзын тарамыс саусақтары беліндегі Хиуа қанжарының сабын қыса түскенін көзі шалып қалған.

— Солай де!..

— Солай!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий