Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неплюев Құдабайдың сөзіне сенді. Ол жерге бір түкіріп, үйдің ішін кезіп жүр. «Маған Россия жағында Орта жүздің болуы үшін, Әбілмәмбеттің бір баласын аманатқа ала тұрыңыз деп ақыл үйреткен Әбілқайырдың өзі емес пе еді. Кіші жүз ханының бұл құпияны Әбілмәмбетке жеткізуінің қандай себебі бар? Әлде бәлені маған жапқаны — Әбілмәмбеттен қорыққаны ма? Жоқ, бұл арада басқа сыр бар... Әбілмәмбет пен менің арама от салғысы келеді. Орта жүз ханының маған қарсы екенін сездіріп, өзі менің алдымда да жақсы көрінбек. Россия патшалығы тек өзін ғана қолдасын дейді-ау шамасы. Бұ да айла. Бірақ Орта жүз бен Россияның арасының алшақтай бергенінен оған қандай пайда түседі? Әлде Орта жүзді де өзі арқылы бағындырсын дей ме? Солай тәрізді. Демек, Әбілқайырдың бір сыры ашылды ғой... Бұл ойыны немен бітер екен? Білмеген адам боп жүре тұрайын».

— Құдабай мырза, — деді бір заматта. — Сіздің ақ патшаға адал еңбек еткіңіз келетінін мен жақсы білемін. Бірақ сіз әлі біз риза боларлық қызмет көрсеткен жоқсыз...

— Губернатор мырза, мен естігенімнің бәрін жеткізіп жүрмін ғой.

Неплюев қабағын сәл түйді.

— Ойлаңыз, айтылмағаны да бар шығар.

Құдабай кідірместен жауап берді.

— Білерім сол, алдыңызда құран ұстап ант беруге бармын...

— Құран ұстап ант берудің құны қанша екенін сіз екеуміз де білеміз ғой, — деді кекетіп күлген губернатор. — Ал Әбілқайырдың қалмаққа бермек қарындасы жайында не естідің?

— Түсіне алмадым, тақсыр.

— Кіші жүздің ханы бір қарындасын Қалден Церенге бермек көрінеді ғой.

— Естімеген әңгімем.

Құдабай шынын айтқан. Әбілқайыр Орынбор губернаторына Жайықтың арғы бетінен жайылым бермеді деп ренжігенінде, Хиуаға жүргелі тұрған Нұралыға «Хиуа ханы арқылы Қалден Церен жағына қармақ салып көр. Әбілмәмбеттен гөрі бізге жөн қарайтын мүмкіншілік тумас па екен... Мұндай жағдай туа қалса қарындасым Қарашашты беруге бармын... Әрине, орыс патшасы рұқсат етсе...» деген. Нұралы бұл әңгімені аяқтай алмаған... Надир шахтың Хиуа хандығын басқарып отырған адамына бұл өтінішті жеткізудің орнына, Нұралы қастасып қайтқан. Бірақ оның есесіне Неплюевке жеткізген. Орынбор губернаторының оспақтап сұрап отырғаны осы жәйт. Құдабайдың бұл хабардан ада екеніне сенген Неплюев:

— Әбілқайырдың Жоңғар қонтайшысына қарындасы Қарашашты берсем бе деген ойы бар ма, жоқ па, соны біл, — деп тапсырды да қоя берді.

Неплюев шатырында болғанын білген соң Құдабайды енді Әбілқайыр шақырды:

— Не сұрады? — деді ол хатшысынан.

Құдабай болған әңгімені жасырған жоқ, бәрін айтып салды.

—Жоңғар ханымен сізді жақындаспақшы. Қалден Церенге қарындасы Қарашашты бермек ойы бар көрінеді дейді... Соның анығын білуді бұйырды.

Әбілқайыр тұнжырай қалды. Құдабайдың Орынбор губернаторының тыңшысы екенін хан білетін. Бірақ ол Әбілқайырға Неплюев не сұраса да айтып беремін деп уәдесін берген. Оған қанша сенгенмен де кейбір құпия сырын жасырып қалуға тырысатын. Одан тіпті қорқатын да. Хатшысын біржолата қуып жіберуге, Неплюевтің өзіне қандай қақпан құрып жүргенін Құдабайсыз тағы біле алмайды. Бірақ Неплюев Әбілқайырдың сырын кім арқылы білді? Бұл құпия ойын тек баласы Нұралыға ғана айтқан жоқ па еді? Сонда қалай болғаны? Неплюев, әрине, хан сырын Нұралыдан естіді. Әлде Нұралы басқа біреуге айтып, губернатор содан естуі де мүмкін ғой... Япырмай, солай болғай да!

Әбілқайыр ойлана түсті. Ол бірде көңілденіп отырып бәйбішесі, ақылды Бапайдан: «Мен өлсем, қай ұлым хан болуға лайық» деп сұрағаны бар. Сонда Бапай тұрып: «Айшуақты қойсаң — ат үстінен тұрып сиерсің; Ералыны қойсаң — жауыңа күнде тиерсің, Нұралыны қойсаң — мауыты шапан киерсің», деп жауап берген. Расында, осы Бапайдың сөзі дұрыс-ау... Бірақ Нұралы сол тақты әкеден өзі тартып алмақ па, қалай?»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий