Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір мың жеті жүз қырқыншы жылы августың жиырма сегізі күні көп келісім сөздерден кейін, Орынбор комиссиясының бастығы генерал-лейтенант Василий Алексеевич Урусовтың алдында «Россия қол астына кірдік» деп Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан мұсылман дәстүрімен бастарына құран көтеріп ант берген. Генерал-лейтенант со жолы әрқайсысына күміс қынапты қылыш тартқан. Сондай қылыш. Кіші жүздің батыры Бұғыбай мен Есетке де тапсырылған. Сол күні «Россия патшалығының қол астына кірдік» деп Орта жүздің жүз жиырма сегіз старшынасы, ал келесі күні, Кіші жүздің жүз алпыс бес старшынасы қолдарына құран ұстап келісімге келген.

Орта жүздің ханы мен сұлтандарының Россия патшалығының қарамағына кіруіне көп еңбек еткен Урусов со жолы Петербургке бөтен қызметке шақырылып, келесі жылы оның орнына Неплюев келген. Қазір Орынбор губернаторының айтып тұрғаны осы жағдай.

— Біз көшпелі елміз ғой. Антты құр бос уәде деп қарайды қазақтың көп адамы.

— Сіз олай қарамайсыз ғой!

— Менің жолым бөлек.

— Әбілмәмбет хан да антын бұзған жоқ қой...

Бұзбаса енді бұзады.

— Оған қандай дәлеліңіз бар?

— Дәлелім... Әбілмәмбет хан сіздің мәжілісіңізге неге келмей қалды?..

— Бәсе, неге келмей қалды?

Жоңғар уәкілін шақырғаныңызды біліп, келмей қалды. Өзі Жоңғар жағына шыққалы жүргендіктен ол елдің елшілерінің алдында сізге жолыққысы келмеді... Бұным дәлел емес пе?..

— Жарайды, Әбілмәмбет Россия патшалығына қарсы делік, — деді генерал салқын үнмен, — сонда сіздің бірінші тілегіңіз неде болмақ?

— Россия патшасының жауы — менің жауым. Әбілмәмбет секілді жауды құртып, Россия патшасының аяғының астына салу үшін, бірінші өтінішім — маған қарулы үш мың солдат беріңіз. Мыңы орыс, қалған екі мыңы қалмақ пен башқұрт жауынгерлерінен.

Неплюев бұған тіпті қуанып қалды. Әбілқайыр мен Әбілмәмбет ханның арасының шын жаман екеніне көзі анық жетті. Бұл Россия патшасының бір елді бір елге, бір ханды бір ханға айдап сап, ортасынан пайда көздейтін ежелгі саясатына дәл келетін жәйт еді. Россия әкімдері бір ханның ұпайынан екінші ханды күшейтуді дұрыс көрмейтін. Бірін-бірі жеңе алмай, ит жығыс боп алысып-жұлысып жүргендері оларға тиімді еді. Оның үстіне Әбілқайырға үш мың әскер беретін Орынбор губернаторының халі де жоқ. Орыс патшалығы өзі үлкен соғыс жүргізіп жатқанда, қазақтың хандық таласына үш мың әскер қайдан берсін. Бірақ ол шу дегеннен «бермеймін» демеді.

— Ал екінші тілегіңіз не? — деді Неплюев, — не болса да екеуін де естиік...

— Екінші тілегім: ортаншы ұлым Қожахмет сіздердің қолыңызда аманат болып тұрғалы жеті жылдан асып барады. Шешесі сағындым деп әбден мазамды алып жүр. Енді Қожахметті босатып, оның орнына кіші ұлым Шыңғысты аманатқа алсаңыздар.

— Шыңғыс қай әйеліңізден туып еді?

— Қарақыз ханымнан.

— Е... е...

Әбілқайырдың ортаншы бәйбішесінен туған Қожахметті жақсы көретінін, оны өзіне қырғи қабақ бола бастаған Жағалбайлы руына қарсы пайдаланғысы келетінін бұрын Нұралыдан естіген-ді. Бәлендей баурына тартып өзіне жақын ұстап көрмеген, тоқалдан туған Шыңғысты аманатқа бергенінен — бермегенінің өзі жақсы емес пе?

Әбілқайырдың түпкі ойларын түсінген Неплюев енді оның өтініштеріне тікелей жауап беруге кірісті.

— Әбілқайыр хан, — деді ол жылы сөйлеген боп, — Сіздің Россия патшасының алдында еңбегіңіз көп. Сіз бірінші боп қазақ елін Россияға бағындырам деп бірталай әрекет істедіңіз. Сол еңбектеріңіз үшін, жай уақытта болса, екі тілегіңіздің екеуін де орындар едік. Ал қазір бұл өтініштеріңді орындайтын мүмкіндігіміз жоқ...

— Қалайша?

— Қазір Россия үлкен соғыс үстінде. Әр солдат есепте. Мұндай жағдайда қазақтың екі ханы бірін-бірі мұқату үшін Елизавета Петровна үш мың солдат бере алмайды. Әрине, қазақ даласында Россияға жамандық келтірердей шын қиын жағдай туып тұрса, онда бір сәрі... Үш мыңнан да көп солдат табуға болады...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий