Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неплюев ақырғы сөзімен Әбілқайырдың қомақтап айтқан себептерін жоққа шығарды. Бұны ұққан Әбілқайыр:

— Бәрі түсінікті, — деді қабағын сөл шытып, — ал Қожахмет жайында не айтасыз?

— Бұл ойланатын мәселе. Түбі мәртебелі Россия патшасы Елизавета Петровнаға хат жазу қажет шығар. Аманатты ауыстыру үшін патша ағзамның указы керек...

— Солай деңіз.

— Ал енді үшінші тілегіңізді айтыңыз.

Әбілқайыр қаншама өзін-өзі ұстағысы келгенмен де, тамағына тығыла қалған ашуын баса алмады.

— Үшінші тілегім. Көптен бері Қалден Церен менің қарындасым Қарашашты сұрап жүр еді, — деді даусы сәл қырылдап шығып. — Біздің ойымыз Қалден Церенді өшіктіре бермеу... Артымда бәлендей сүйенер тірегім болмағандықтан, Жоңғар қонтайшысымен үнемі жауласа беруден пайда шықпас деймін. Мәртебелі Елизавета Петровна бұған қарсы болмас.

«Әһе, — деді ішінен Неплюев, — тырнағыңды сен де көрсете бастадың ба? Бұның: сендер мені қолдағыларың келмесе, мен былай шығам, — деген қоқан-лоқың ғой... Қарайық бұдан не табар екенсің?».

— Жоңғар тайпасымен Бірінші Петр патшаның кезінен достық бітіміміз бар. Бізбен дос елмен достасамын дегенің теріс емес, — Әбілқайыр Неплюевтің кекетіп, не шынын айтып тұрғанын түсінбейді. Жайбарақат пішінмен генералдың бетіне қарап еді, қатып қалған тас мүсін тәрізді, шикіл сары бетінің бір тамыры бүлк еткен жоқ. Неплюев сөзін жалғай түсті, — әйткенмен сәл қоя тұралық, арғы күнгі келіс сөзден не шығар екен, соны күтіңіз. Қыз болса күйеу табылар...

Әбілқайыр бүл өтінішімен де ештеңе ұтпағанын сезді. Өкпелеймін деп бір сырын ашып алғанына өзі де өкінді. Сөйтсе де бұл ойын Неплюев Нұралы арқылы бұрыннан да білетіні есіне түсіп, «оқасы жоқ, ең болмаса менің бұлардан жасырын ісімнің жоқ екенін ұқты ғой, бұған да шүкір» деп далбасалады.

Нұралы туралы сөзді енді Неплюевтің өзі қозғады.

— Өзге балаларыңызға қарағанда, Нұралы қазіргі жағдайды анағұрлым жақсы түсінеді, — деді генерал. — Сіз ол туралы бұрынғы пікіріңіздемісіз?

Әбілқайырдың зығырданы қайнады. Нұралы туралы әкесінен бұрын Неплюевтің сөз қозғауы оның күдігінің дұрыс екенін анықтады. Сонда да сыр бермей:

— Нұралы менің тірегім, менің ісімнің жалғаушысы, — деді. — Ол туралы ойымды өзгертпеймін.

Неплюев те Нұралының әкесі жайында ақпар беріп жүретінін Әбілқайырдың білетінін түсінді. Бірақ оның сөзін бөлген жоқ. Хан сәл ойланды да:

— Жаман айтпай жақсы жоқ, мен алда-жалда қаза таба қалсам, ақ патшадан жалғыз тілегім: менің орныма Кіші жүздің ханы етіп Нұ ралыны бекітсін.

— Бұл тілегіңізді патша ағзам мақұлдар деймін, — Неплюевтің лып етіп көне қалғанына Әбілқайыр іштей қатты ренжіді. «Осы иттер менің тез өлгенімді күтіп жүр ме, қалай?» Неплюев те өзінің тым тез жауап бергенін сезді. Ол күліп:

— Бірақ, сіз әлі ұзақ жасайсыз. Нұралы қанша жақсы болғанымен сіздің жолыңыз бөлек. Россия өзінің адал достарынан айрылғысы келмейді.

Неплюевтің бұл сөзді саясат үшін айтып келе жатқанын түсініп тұрса да, хан көңілі көтеріліп қалды. Жылы сөзге кім жібімесін:

— Иә, Нұралы жақсы хан болуы мүмкін...

— Нұралының тағы бір артықшылығы — ол Қарақалпақ елімен жақсы. Тіпті бір рет қарақалпақтарды өзіңіз шаппақшы болғаныңызда оларға араша түсіпті. Нұралыны қарақалпақтар сыйлайды. Ал бізге қазір олардың Россия қол астына кіргені шарт. Өйткені, Хиуаны Россияға қарату үшін, орта жолдағы Қарақалпақ жерінен өтуіміз керек.

— Сөз жоқ, қарақалпақтарды Россияға қаратуда Нұралы таптырмайтын адам. Ал бірақ Хиуа туралы оның өз ойы бар... Нұралы жақында Хиуадан қайтты. Ондағы бар жағдайды көзімен көріп келді. Егер маған әскер берсеңдер, өзім барып Хиуаны Надир шахтың қойған адамынан тартып аламын дейді.

«Әбілқайыр қулықпен орыс әскерлерін тағы қолына түсіргісі келіп тұр-ау» деп тұжырған Неплюев;

— Қандай әскерді айтады Нұралы сұлтан? — деді елең етіп.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий