Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әңгіме қазақ әскерлері жайында. Хиуаға орыс әскерін енгізудің керегі жоқ. Діншіл жұрт, көпір әскері келді деп, бүкіл халқы боп қарсы тұруы мүмкін. Ал қазақ жауынгерлері оларға өз қосындарымен бірдей. Хиуаны біздің бабаларымыз бұрын да талай алған. Әрине, басып кірген Қызылбас елінің патшасы Надир шахтан көрі қазақ сұлтаны Нұралыны жергілікті ел құшағын жая қарсы алады.

— Бұл еске алатын жәйт екен, — деді Неплюев ойлана, — бірақ дәл қазір

Надир шахқа қарсы соғыс ашу мүмкін бе? Россия жеті жылдан бері Түркиямен соғысып жатыр. Азов төңірегінде жеңгенмен, Очаковоны алғанмен, біз әлі түріктерді мүлдем тізе бүктірген жоқпыз. Оның үстіне Персиямен соғыс ашсақ...

— Сіздер емес. Хиуадағы Надир шах әскерімен біз соғысамыз ғой. «Надир шах туралы әңгімені бұл неге бастады, деп ойлады Неплюев, — бізді тағы бір үлкен соғысқа арандатпақ қой. Сөйтіп лай суға қармақ сап, пайда таппақ...»

— «Біз» дегеніңіз кім? Кіші жүз хандығын айтасыз ба? Әлде сіз, Әбілқайыр мырза, Кіші жүздің Россия қол астындағы ел екенін білмейсіз бе? Сіз білмегенмен мұны Надир шах жақсы түсінеді ғой. Хиуа мен Үргенішті алған Надир шах енді қазақ жеріне кірмек болғанда, кім тоқтатып еді оны? Сіз бе? Әлде Ұлы Россия патшасы ма? Жоқ, мұндай елмен қазір соғыс ашудың қажеті болмас. Ал соғыс аша қалар жағдай туса, бұған Петербургтың рұқсаты керек. Онсыз қимылдауға қақымыз жоқ.

Әбілқайыр ақырын басын изеді, Россия қол астына еніп, Жоңғардан аман қалғаны үшін, Әбілқайыр өзінің билігін құрбан етті. Енді ол бұрынғыдай қалаған уақытында сау етіп Хиуа қақпасының алдына бара алмайды. Оған Россия патшасының рұқсаты керек! Иә, мұндай бағыныштылыққа болашақ ұрпақтары қалай қарар екен?

— Жөн екен айтқаныңыз, губернатор мырза, — деді Әбілқайыр сыр бермей — Петербург не айтады, соны күтейік. Надир шахтың әскері Хиуаны бүгін-ертең тастап кеткелі тұрған жоқ қой. Әлі уақыт бар...

Неплюев Әбілқайырдың көңілі жүдеп қалғанын білсе де, оны жұбатқысы келмеді. «Қанша дегенмен де бізге бағынышты адам ғой. Бәрібір, бүгін болмаса, ертең осылай сөйлесуге тура келеді, еті үйрене берсін» деді генерал ішінен.

— Бірімізбен біріміз ұғынысып алғанымыз қандай жақсы болды, деді Неплюев, қалтасынан шынжырлы алтын сағатын алып. — Біраз уақыт болып қалыпты. Қалған шаруаны ертең кеңесте талқылармыз. Қайталық. Әлі маған Жәнібек мырзамен де ақылдасу керек.

Әбілқайыр бұған елең ете қалды, бірақ үндеген жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий