Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қу тілмаш осылай деп губернатордың бетіне күлімсірей қарады. Губернатормен соңғы кездерде жиі кездесіп жүрген тілмаш Неплюевтің ызғарлы түріне де, орынсыз айқайына да үйреніп алған-ды.

Неплюев өз ойын онан ары сабақтады.

— Ол күйреп қалған қаланы қайта тұрғызу үшін, қанша қаржы керек екенін білуге геодезистер жіберуге тиістіміз. Жақында хан ордасына прапорщик-геодезист Илья Муравин барады. — Неплюев Құдабайға түксие қарады. — Оның қызметі тек көне қаланың орнын зерттеу ғана болмайды. Бар хабарды соған жеткізіп тұрасың...

— Құп, тақсыр, сеніміңізді ақтауға бармын.

— Әбілқайыр Муравинді өзіне патша үкіметінің атынан келген кеңесші деп санайды. Солай деп онымен келісілген. — Генерал күлімсіреген болды. — Кеңесші тілмаш емес, ханның ішінде не жатқанын да біліп тұруға міндетті. Ал осы прапорщик барғанша оның міндеті саған жүктеледі...

Неплюевтің өзіне сенбей Муравинді жіберіп отырғанына іштей наразы болып қалған Құдабай:

— Ол міндетті мен бұрын да атқарып келе жатқан жоқ па едім? — деді төмен қарап. — Және жаман да атқармаған секілді едім.

Неплюев өз тыңшысының көңілін тақа жүдеткісі келмеді.

— Сен жаман жұмыс істеп жүрген жоқсың. Адал еңбегің үшін дәрежеден де құр қалмассың... Прапорщиктен саған келер зиян жоқ. Бар!

— Құп, тақсыр.

Жарты сағаттан кейін Құдабай Әбілқайырдан көптен бері қолы жетпей жүрген сусар бөрік пен оқалы шапан киді. Бірақ хан одан жақында өзінің Ордасына Жанкентті тексеруге прапорщик Муравин келетінін, ал онын негізгі қызметі ханды аңду екенін білді. Ал сол күні түнде Неплюев Петербургке, сыртқы істер коллегиясына: «Әбілқайыр туған баласын аманатқа беріп отырып, Россияға қарсы шыға алмайды, бірақ оған сенуге де болмайды, өйткені ол екі жүзді және тәкаппар адам» деп хат жазды.

... Ал бұл кезде Әбілқайырдың орыс патшасының алдында тек өзім ғана адал болып көрінсем деген саясатының арқасында, Россия өкімдеріне өкпелеген Орта жүз ханы Әбілмәмбет Түркістан шаһары мен оның төңірегіндегі Қарнақ, Сукент, Сауран, Сығанақ секілді тағы отыз екі қаланы қайтарып берем деген Жоңғар қонтайшысының сөзіне сеніп, бір мың жеті жүз қырық екінші жылы Боқыраудың басында Қалден Церенге аманат етіп, өзінің кіші баласы Әбілфейізді жіберді. Кешегі жауына бас иген бұл қылығын ол бір жағынан, осы кезде Жоңғар қонтайшысының қолына тұтқынға түскен Абылай сұлтанды босатып алу үшін істеген боп көрінді.

Бұрын өзіне қарсы кеп, әр басқан адымын аңдып отырған Орта жүз ханының өз жағына шығатын құлқынын сезген Қалден Церен қырық бесінші жылы орыс бекіністері мен қазақ жерінің іргелеріне жиырма мың қарулы әскері мен жол салуға арналған жеті мыңдай адамын әкеп қойды. Бұның бәрі бүгін болмаса, ертең қазақ жерінің дәл ортасына басып кірудің дайындығы еді. Үлкен айқас басталғанша олар жақын тұрған қазақ ауылдарын дүркін-дүркін шауып, мазасын ала берді.

Мұндай киын жағдайда Орынбор әкімдерінің алдында екі түрлі міндет тұрды. Бірі, осы уақытқа дейін қазақ даласынан жырып алған жерлерін, салған бекіністерін сақтап қалу болса, екіншісі, қазақ даласына Жоңғар әскерін кіргізбеу.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий