Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кезде Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Түркістанды беремін деп алдаған Қалден Цереннен мүлде ат құйрығын үзген. Жоңғар қонтайшысының шақырғанына, ақсақалдармен ақылдасып бармай қойған. Бұған ашуланған Қалден Церен қолындағы Әбілмәмбеттің аманат баласы Әбілфейізді, Барақтың ұлы, Шағайды өздеріне қайтарып, қазақ даласындағы елшілерін, саудагерлерінің бәрін жинап алған. Бұнысы Қалден Цереннің тағы соғысамын дегені еді. Бұндай жағдайда Орта жүздің ханы Әбілмәмбет те, батырлары Барақ, Абылай, Жәнібек, Бөгембай, Күшік те, Кіші жүздің белді адамдары Бұғыбай, Бөкембай, Алтай, Тайман, тіпті хан балалары Нұралы, Ералы, Айшуақ та Россия жағына шығып, соны паналауды ұйғарған. Бұны біреуі ел қамын ойлап істесе, енді біреулері қорыққандығынан мақұлдады. Барақ секілділері Россия патшасына бағынуды түпкі ойы ұнатпаса да, басқа лажы болмай, амалсыз көнді.

Бүкіл Орта жүз бен Кіші жүз басшыларының бұлай Россия жағына күрт құлауына тек Жоңғар қонтайшысымен араларының қиындап кетуі ғана себеп болған жоқ. Халық бұл кезде соғыстан, алыс-жұлыстан әбден шаршаған еді. Енді ол аз уақыт болса да тыныштық іздеп, өзінің азып-тозып бара жатқан шаруасын жөндегісі келген. Мұндай аласапыран кезеңде халық тыныштық тек орыс патшалығы арқылы ғана келеді деген сенімде еді. Өйткені Россия патшалығы кеше қазақ жеріне бекініс ретінде салған: Орск, Елецк, Троицк, Үйшік, Ямшенев, Семейпалат, Тобольскілердің бәрінде де сауда-саттық жүргізе бастаған. Қазақ еліне керегі де осы. Енді олар бұл қалалардағы орыс саудагерлеріне малын, терісін, жүн-жұрқасын сатса, өзіне керек астығын, матасын, қазан-ошақ, ыдыс-аяғын, кетпен-балтасын алды. Орыс әкімдері қазақ еліне тек мылтық, күкірт секілді қауіпті заттарды коп сатуға рұқсат етпеді.

Россияда сауда қалаларының күшейе бастағаны соншалық, ондағы болатын жәрмеңкелерге қазақ жерін басып Орта Азия хандарының сауда керуендері де келді. Ал қалың бұқара орыс қара шекпендерімен таяу танысып, олардан егін салу, балық аулау секілді өнегелерді үйренуге кірісті. Көбі өзі секілді шаруалармен тамыр-таныс боп алды. Орыс әкімдері де бос жатпады. Біресе Әбілмәмбетке, біресе Абылай, Барақ, Жәнібектерге бір кезде Россия қол астына кіргендерін құлаққағыс етіп, кісі жіберумен болды.

Осы тұста Кіші жүз ханы Әбілқайырдың күйі бұрынғысынан да нашарлай түсті. Екі жүзділік саясатының салдарынан ол не қазақ елінің, не орыс патшалығының сеніміне кіре алмады. Ал Орынбор губернаторы Неплюев өз жұртының алдында қадірі кеткен Әбілқайырдан мүлдем құтылуды қарастыра бастады. Бұл жолы ол Әбілқайырды сенат, не Сыртқы істер коллегиясы арқылы емес, Кіші жүз ханының Орта жүз сұлтандарымен бәз баяғы бас араздығын пайдалану арқылы-ақ құртпақ болды.

Ал Әбілқайыр енді тікелей Петербургпен тілдеспекке қол созды. Ол өзінің Неплюевпен қырғи-қабақ екенін айтып, жәрдем сұрап Тевкелевке хат жазды. Орынборға бұл хатты алып келген Құдабайды ертеңіне Неплюев шақырып алды.

— Орынборға неге келдің? — деді амандықтан кейін.

Құдабай жасырған жоқ.

— Әбілқайыр ханның генерал Тевкелевке жазған хатын әкелдім. Осы жерден Петербургке баратын біреу арқылы беріп жібермекшімін.

— Хат не жайында?

Әрине, дворян тәрбиесімен өскен Неплюев біреудің хатын ашып оқудан аулақ еді. Ал тілмаш, ханның өтінішімен өзі жазған хаттың дымын да жасырмай бәрін айтып берді. Хаттың түпкі мәні Кіші жүздің ханын Орынбор губернаторымен татуластыру жайында және Неплюевтің өзі сенатқа жазған Әбілқайыр екеуінің арасындағы қайшылықтар туралы болғандықтан, Неплюев Әбілқайырдың аңқаулығына езу тартып күлді де:

— Жақсы, хатыңды ертең біздің почта арқылы жібер, — деді. Сосын кетіп бара жатқан Құдабайды тоқтатып, — Кіші жүз ханы мен Орта жүз сұлтандарының арасындағы бақ таластықты, қайсымыз орыс патшасына көбірек жағынып, атақ-дәреже аламыз деуден туған өшпендікті өзім де жақсы білемін. Бірақ мәселе қазір онда емес... Басқада. Россия патшалығы енді Әбілқайырға арқа сүйей алмайды...

Құдабай сәл басын көтерді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий