Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Неплюевтің ойы бұнсыз да күтпеген жерден тез орындалды. Бір мың жеті жүз қырық сегізінші жылы шілде айының аяғында Әбілқайырмен сөйлесуге Петербургтен генерал-майор Тевкелев келді. Бұл хабарды естісімен бүкіл балаларын және Кіші жүздің басты адамдарын ертіп Әбілқайыр Орға жетуге асықты. Он күндік жерге, ат ауыстырып отырып бес күнде келді. Екі аптадай болған әңгімеде Әбілқайыр орыс патшалығына, әсіресе Орынбор губернаторына деген бар өкпесін айтты. «Келіннің бетін кім бұрын ашса, сол ыстық» дегендей, Кіші жүздің ханы «Россия қол астына кіруіне» себепкер болған Тевкелевтен еш сырын жасырған жоқ, бар ой-құпиясын жайып салды. Өз заманының бір ақылды, берік адамы және Россия мен қазақ даласының қосылуына көп еңбек сіңірген Тевкелев бұ жолы да Россия патшасының отаршылық саясатын жүргізуші адал уәкілі екенін ақтады. Тіл тауып, Әбілқайырдың ашуын тарата білді. Әбілқайыр шын жүректен бұдан былай да ақ патшаға адал қызмет етуге уәдесін берді. Тевкелевпен келісіп, жеті жылдан бері қайтара алмай жүрген Қожахметін қайтарды. Орнына ел ағаларының балаларымен бірге өзінің ортаншы ұлы Айшуақ сұлтанды аманатқа қалдыратын болды. Бір жыл өткеннен кейін Айшуақтың орнына ең кенжесі Әбілді жіберетін боп уәделесті. Ал Неплюев пен Әбілқайырдың арасын жөндеуді Тевкелев өз міндетіне алды.

Осылай ақ патшаға адал қызмет істемек боп, Әбілқайыр еліне қайтты. Құдабайдың айтқан құпия сырынан қорқып, жолай Орынборға соғып Неплюевке жолықпай, тікелей Ырғыз өзенінің бойында отырған Ордасына беттеді.

Әбілқайыр жоңғар жағына шығып кеттіңдер деп көршілес қарақалпақ елін оқта-текте шабумен болатын. Әсіресе, Әбілқайырдың сойылы «Ақтабан шұбырынды» кезінде осы қарақалпақ тайпасына келіп қосылған Ұлы жүздің бір бөлегі Жалайыр ауылдарына қатты тиген. Бұл ел құрып кете ме деп қорыққан Жалайырдың басты адамдары, екі мың шаңырағын және олармен араласып кеткен екі-үш қарақалпақ аулын Кіші жүздің шекарасынан Торғай бойына көшірмек болған. Осы бір тайпа елі көшіп келе жатқанда «Сендер Әбілқайыр ауылысыңдар» деп, жақында ғана өзін Орта жүздің біраз жұртына хан көтерткен Көшек сұлтан екі жүз сойылымен қапыда кеп тиіскен. Көшектің қолына Барақ та келіп қосылды. Олар қарусыз көшті басып қалғанда, тек жүз үй қарақалпақтар ғана қашып құтылған. Осы құтылған жүз үйге Ор қаласынан қайтып келе жатқан Әбілқайыр кездесті.

Қарақалпақтар айыптарын мойындарына алып, Кіші жүз ханының қолына берілді. Енді Әбілқайыр Барақтан анау екі мың шаңырақты тартып алмаққа бел байлады. «Өзіміз бар болғаны жүз елу ғана сойылмыз, Бараққа төтеп бере алмаймыз» деген серіктеріне: «Барақтан қорыққан сендер — қатынсыңдар. Әйтпесе еркектен еркек қорқа ма екен» деп болмай, сол жүз елу адамымен, ұзап кеткен көшті қуып берген. Мүмкін Кіші жүз ханы жасағының жеткіліксіз екенін ойлаған да шығар, бірақ нартәуекел етті. Баяғы Нұрбике оқиғасынан кейін Бараққа әбден өшігіп алған намысқой Әбілқайыр, бұл айқастың қауіпті екенін ақылға сала алмады, бар арманы Барақты өз қолымен өлтіру болды да тұрды. Осы жолы қас жауының қанын ішпесе, оған Барақ екінші рет кездеспейтіндей көрінді. Сол себептен де атына қамшыны асыға басты. Екі қол Торғайдан бір күндік жердегі Улкаяқ өзенінің жағасында кездесті.

Қарамағына енген Жалайыр жігіттерімен жасағы көбейіп қалған Барақ, Әбілқайырдың жүз елу адамына бет бақтырмады. Тықсырып, қоршап алып, біреуін қалдырмай қыруға айналды. Әбілқайырға әбден өшігіп алған Жалайыр мен қарақалпақ жігіттері енді Барақ жағына шығып, жан аяспай соғысты. Бірақ жаратылысынан батыр Әбілқайыр «тағдырдың жазғаны осы болса көріп алайын» деп, кейін шегінбеді. Бірінші адамды ат үстінен ұрып түсірді. Өзі де Барақтың баласы Шағайдың қолынан ат жалын құшып құлады. Жерде сұлап жатқан ханның жанына шапқылап жеткен Барақ беліндегі ұзын сапты, сүйір ұшты Хиуа қанжарымен жүрек тұсынан сәл төмендеу жерден құлаштап ұрды. Әбілқайыр ышқынып барып демін алды. Көгілдір аспан заматта қанға малынғандай қып-қызыл боп, шыр көбелек айнала жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий