Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жарайды, құлдың баласы демей, батырым деп тыңдағың келіп тұрса, айтайын... Алдымен мынаны білгім келеді. Хан ием, мен ақ сүйектен шыққан жоқпын, жан-тәніммен ел-жұртыма қызмет істеп келем. Ерлігім, не қызметім көңіліңізге олқы соғып жүрген жоқ па?

— Жоқ, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің ғой. — Шыны ма, кекесіні ме Тұяқ айыра алмады. — Әбдірахманға жұмсап отырғаным да содан емес пе...

— Онда айтайын. Бас кеспек болса-дағы тіл кеспек жоқ. Қисаң жеңгең Ақторғынды маған бер.

Біреу жағынан тартып жібергендей, Есімнің өңі қара күреңденіп кетті.

— Ей, сен не малтаңды езіп отырсың?

— Жаңа өзің айтқан жоқ па едің, өзге батырларым бір төбе де, сен бір төбесің деп...

Ханның ызадан қаны қашып, мойнына құрық түскен асаудай басы кекжең ете қалды. Әрине, қазақ елінде хан мен әйелі бірге өлсін деген заң жоқ. Ағасы Тәуекелдің жұбайы да өмір бақи жесір қалмайды. Біреуге шығуы керек қой. Бірақ ол ханның әйелі, ханның жеңгесі емес пе? Есігінде жүрген құлға қалай шығады? Ол мүмкін емес...

— Жеңгең Ақторғын да осыны тілейді, — деді Тұяқ батыр.

— Сонда қалай болғаны? Тәуекел ханға жыл болмай жатып көңіл қосып қойғансыңдар ма? Онда екеуің де айыптысың?

— Жоқ, олай емес, хан ием!

— Жә, тоқтат!

Қанына тартпағанның қары сынсын дегендей, Есім қазір қанына тартып отыр. Төреден жаратылған ханның жесірін қарадан шыққан бір батырдың аламын дегеніне қорланып қалған, Бұл да ештеңе етпес еді, егер құралай көз, оймақ ауыз жесір жеңгесіне жас ханның өзінің көзі түспеген болса... Өзінен он жас үлкен болса да, Есімге ол он жеті жасар қыздай көрінген. Қыпша бел, ақша маңдай, кербез жеңгесінің қасында өзге орда сұлулары аққудың жанындағы қоңыр қаздардай ғана боп. қалған. «Аға өлсе, іні мұра» деп қарайтын қазақ дәстүрімен, Есім ағасының асынан кейін жесірін өзі алмақ ойда еді. Хан қанша әділеттімін дегенмен де, өз нәпсісінің тілегінен аса алмаған.

Ол қолындағы күміс қоңырауын үсті-үстіне ашулана қақты. Үйге асыға кірген күзетшілерге:

— Қару-жарағын сыпырып алып, мынаны қазір зынданға тастаңдар! — деп бұйырды да теріс бұрылып кетті.

Хан сарайының жанындағы қара алаңдағы зынданға атақты мыңбасы Тұяқ батырды апарып салған хабар заматта бүкіл Түркістан шаһарын шарлап өтті.

«Қару-жарағын сыпырып алып Тұяқ батырды қара алаңға апара жатыр» деген хабарды дәйекші балаларының бірі келіп жеткізгенде, Ақторғын жерге тиер ұзын қолаң шашып өргізіп отырған-ды. Жүрегін ұстап, кенет аппақ боздай боп шошып кетті.

— Жолымбет батырды шақыр, — деді қасында тұрған әйелге.

Кіші жүздің таңдаулы қолын басқарып жүрген Жолымбет батыр Ақторғынның нағашы атасы. Ханнан кешірім сұраудың керегі жоқтығын ханым бірден ұққан. Сұрағанмен де бұл өтініші жақсылыққа апармайды. Қазақ дәстүрі: Есім өз жесіріне не істеймін десе де еркі бар. Әрине, ақылға салса хан өзінің нәпсісі үшін Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырын зынданға тастап, қалың елді өзіне қырғи қабақ етпес еді. Және Ақторғынның Кіші жүздің қызы екенін де естен шығармағаны жөн. Бір тайпа елдің намысына тиюдің қанша қажеті бар? Аз күнгі ләззатынан басқа, он жас үлкен Ақторғын оған не бере алады? Алдымен өзі суынбай ма? Ал Тұяқ болса бір сәрі. Қырық жас еркектің қылшылдаған кезі. Тұяқтың жасы да Ақторғынға сай. Сол себептен де Ақторғынның кішкентай жүрегін ол өзінің үлкен алақанына сап мәпелеп тұрғандай болып көрінеді жесір әйелге. Иә, Тұяқтың бұны өмір бақи мәпелеп өтетіні хақ.

Ақторғынға мұндай сезім осыдан жарты жыл бұрын пайда болған. Тұяқ бұны бір күні қолтығынан көтеріп атына мінгізген. Ағашты түбірімен жұлып алатын сонау бақандай күшті қолы сонда Ақторғынның кеуде тұсына тіпті жұмсақ тиген. Неге екені белгісіз, сол сәтте бұның кішкентай жүрегі алас ұрып ойнай жөнелді. Ақторғын сонда осы бір алып қолдың жүрек тұсында ұзақ қалуын тілеген...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий