Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Тәубе! Тәубе! — деді даусы қуанышқа сыймай, мұндай да тамаша түндер болады екен-ау!

Ақторғын құрсақ көтеріп қалған еді. Бірақ Бұхардың кең жібек көйлегі оның тола бастаған ішін өзгелерге аңғартпаған. Әйтсе де, хан сарайындағы тесіле қараған көп көзден ханым қысыла бастаған. Бүгін болмаса, ертең құпия сырдың ашылуы айқын... Тұяқ батыр анадай күйге ұшырағаннан кейін, оған қашудан бөтен жол жоқ-ты. Қашпаса бәрібір жұрт алдында масқара болады. «Не Тұяқ батырға қосылуым керек!» деді нағашысы Жолымбет батырға Ақторғын өзінің шын сырын ашпаса да, алыстан ұқтырып.

Бір сұмдықтың болып қалғанын іші сезген Жолымбет, енді бүкіл Кіші жүздің абыройын сақтағысы келді. Бұрын көңілінде аздаған дүдәмал күдігі болса, осы мезгілден бастап «нартәуекел!» деп, Ақторғынды құтқаруға кірісті.

Сол күні түні Жолымбет батыр бастаған бір топ жауынгер қаланың күнбатыс жағында қақпаның түбіне келді.

— Қайда барасыңдар? Кім рұқсат етті! — деп алдарынан кес-кестей күзет бастығы тұра қалды.

— Мен рұқсат еттім! — деді Жолымбет атының басын сөл тежеп. Кіші жүз батырының ұр да жықтау, сотқар мінезімен бұрыннан да таныс күзет бастығы «о, сіз бе едіңіз» деп кейін шегіне берді

Бір топ жігіт қала қақпасынан шығып, батысқа қарай шаба жөнелді. Ортасында Тұяқ батыр үйреткен есік пен төрдей шұбар айғырды мінген, бет-аузын тұмшалап жауып алған біреу кете барды. Бұл Ақторғын еді.

Жесір жеңгесінің қашқанын ертеңіне білген Есім ашуланып, дереу қуғын жіберді. Бірақ Ақторғынды ұстай алмай бар қаһарын Тұяққа аударды. Күзетін күшейтті. Жолымбет батыр оны құтқарып үлгермеді: Есім хан Тұяқ батырды қара аландағы зынданнан шығарып, өз сарайының іргесіндегі зынданға әкеп салдырды.

Есім Кіші жүзбен біржолата жанжалдасқысы келмеді. Өшін бөтен жолмен қайтаруды ойлады. Тұяқ батырдың орнына Шығыс Түркістандағы болғалы жатқан ұрысқа ол енді Жолымбетті жіберді. Бір ажалға барып қайтсын, деді хан ішінен, тірі келсе сонда көрерміз, хан ісіне қалай кірісудің керек екенін!

Жолымбет Қашқардан алты айдан кейін оралды. Және үлкен жеңіспен қайтты. Бұл жеңісті ол Әбдірахманның іні, ағаларымен соғысудан емес, сыртқы жауымен айқасудан тапты.

Қытай боғдыханына тістері бата алмаған Жоңғар қалмақтары осы кезде Жетісу бойындағы қазақ пен қырғыз ауылдарына шабуылды үдеткен. Осындай үйреншікті бір жорығынан қалмақтың қалың қолы қайтып келе жатты. Алдарында қыруар мал, түйе теңдері толған дүние-мүлік. Арқанмен матастырған қырғыз-қазақ ауылдарының қыз-келіншегі.

Шатқал, құзды тауларының бір бөктерінде аңдып тұрып, жоңғар қолы жазық ойпатқа шыққан кезде, Жолымбеттің бес мың жауынгері жан-жағынан атой салған. Жау әскерінің саны көп болса да, ойламаған жерден тиген қазақ жауынгерлеріне төтеп бере алмаған. Зәре-құты қашып, өз бастарын қорғаумен болды.

Жолымбет қалмақтардың күл-талқанын шығарып, бес жүздей жауынгерін қолға түсірді. Шабылған қазақ, қырғыз ауылдарының адамдарым босатып, мал-мүлкін тегіс өздеріне қайтарды. Ал Жоңғар қолынан түскен басқа көп олжаны «елдегі қатын-балаларыңның несібі» деп ала жібіне дейін қалдырмай, алты айдан бері олжасыз жүрген әскеріне бөліп берді. Оның ішінде «хан үлесі» саналатын қазына-мүлік те кеткен. Жолымбет Ордаға қайтпай жатып, оның бұл қылығын (әрине, түскен олжаны он есе өсіріп) қастары Есімге жеткізді. Ханға «олжамыз» деп, тек бес жүз тұтқын жау жауынгерін ғана алып келген. Бұрыннан да өш Есім, енді бетінен түгі шыға ашуланды. Оның үстіне сол күні түнде зынданнан Тұяқ батыр да қашып кеткенін естіген. Тексеріп келгенде Тұяқты қашырған Жолымбеттің адамдары болып шықты. Әбден ызаланған Есім Жолымбетті ұстауға бұйырды. Жендеттер Тұяқтың орнына енді Жолымбеттің өзін зынданға апарып салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий