Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абылай соны айтты да жігіттерін ертіп, бел асып жүріп кетті. Үйі тігулі, жүгі жинаулы, қазаны асулы қалды. Өрістегі малына да тимей, әдейі ауыл төңірегіне тастады. Келер жауды қарсы алу күтуші жігіттер мен әйелдерге ғана міндеттелді.

Екпіндеп жеткен ереуілшілер мұны көрген соң, күрт басылды. Бұл — Абылайдың өз айыбын түсініп, кешу сұрағаны деп, басалқы айтушылар да табылды. Өздері шаршап, қарындары ашып келген жұрт мал сойып, қазан көтеріп жатқан ауыл адамдарымен әкей-үкей табысып кетті. Аздан кейін қазандағы ас та пісіп, жігіттер қауқылдасып, кенелді де қалды.

Дәл осы сәтте анадайдан аттан түсіп жаяулап келе жатқан Абылай сұлтанның өзі де көрінді. Қасында бір-екі адамы мен талай жорыққа бірге аттанған Тұрсынбай батыр ғана бар.

Ботақанның немере ағасы Қапан мерген қара шиті мылтығын оқтап жіберіп, Абылайды атпақ боп тізерлей отыра қалып еді, Бекболат би ақырып жіберді:

— Алдыңа келсе әкеңнің құнын кеш деген. Тоқтат!

Қапан мерген орнынан амалсыз түрегелді.

Абылай сәлем беріп, топ ортасына кіре берген. Сол уақта көлденең тұрған бір бозбала жігіт оның алдына жетіп барып, үкілі домбырасын қағып-қағып жіберді де, шырқап қоя берді.

«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің,

Сұлтаным, қарашыңмен дауыл болып,

Үстіне ақ орданың қол келтірдің.

Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?

Жанайды бүгінгі күн босатпасаң,

Болады ертең жесір қатын-балаң!»

Бұл жігіт — Арғынның ішіндегі Сүйіндік руынан шыққан Көтеш ақын еді.

Бұдан кейін билер дауы басталды.

Абылай өзін кінәлі санап, Ботақанның өлімі үшін үш кісінің құнын — әрқайсысы атан бастаған тоғыз қарадан, жиырма жеті бас мал, оған қоса ат-шапан айып төледі. Өзін атпақ болған Қапан мергенге мылтығыңның қарымы қайтпасын деп, ал оны ұстап қалған Бекболат биге, өлімге қимаған жақсылығың үшін деп, құндыз жағалы күзен ішік пен бір-бір жорға мінгізді. Екі жақ бітімге келіп, жанжалдың аяғы тойға ұласты.

Арғынның бұл келген ереуілді тобынан Абылай сұлтан екі затты бүйіріне қатты түйді. Бірі — қарамағыңдағы бұқара өзіңе қарсы шықса, онда төре ісінің қараң қалғаны. Ашуланған халық жараланған арыстаннан кем емес, өзіңді жарақаттамай тынбайды. Төремін деп басынба, жазамен ықтырам деме, шамаң келсе баурыңа тартып ашуын басуға тырыс. Екінші түйгені, сырт жауың болса, оған ел болып қарсы шығасың, не басын аласың, не қан сорпа етіп қуасың... Ал өз еліңнің қай тентегінің басын кесіп құртасың? Мұндай халықты билеудің жолы бөлек. Арыстанды темір торда ұстасаң ғана қауіпсіз. Халықты да үнемі темір торда ұстай біл. Мейлі ол саған ақырсын, айбат көрсетсін, бәрібір шаба алмайды, мерт ете алмайды. Ал бар халыққа темір тор құру мүмкін бе? Жоқ, халқыңа деген темір торың, құр ғана жалаңаш қылыш әскерің емес, ол ақылың, айлаң...

Абылай өле-өлгенше осы екі тұжырымын бұлжытпай орындауға тырысып өтті.

Қасымның сүндет тойы сол күні-ақ түс ауа басталған. Шабуылдан аман қалған сұлтан аулы келген қонақтарын тік тұрып күтті. Күрес, көкпар, бәйге, айтыс, сайыс — бәрі болып, тойға жиналған топ ертеңіне тарады.

Сұлтан ордасында енді тек осы Көкшетау, Қараөткел, Атбасар, Қызылжар маңайындағы Орта жүздің басты адамдары мен Абылайдың үзеңгілес батырлары — Арғын тайпасына жататын Бәсентин руынан Сырымбет, Малайсары; Қаржас руынан Олжабай; Тарақты руынан Байғозы; Ұлытаудағы Бағаналы руынан Оразымбет; Керей руынан Тұрсынбай батырлар қалды. Бұл жиынға жер шалғай боп Арғынның аты шулы батырлары Шақшақ Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Алтай руынан ағайынды үш бөрі Жанұзақ, Жолдыбай, Сеңгірбай; Найманнан Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батырлары Тайман мен Бұғыбай, Абылай сұлтанның ең жақсы көретін батырының бірі Уақ руынан Батыр Баян келмей қалды.

Ханмен қадірі бірдей сұлтан өзге батырлардың келмегеніне бәлендей мән бермегенмен де, Батыр Баянды күткен-ақ еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий