Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жырау бір мезет ел жайын емес, тек өз басының қамын ойлаған хандарды сөге келіп, кенет сөзін бітірді де, қолындағы домбырасын ашулана есікке қарай лақтырып жіберді. Шабыттанған шақтағы жыраудың мұндай әдетіне қанық есік алдында тұрған атқосшы жігіт домбыраны жерге түсірмей қағып алды.

Бұқар жырау Абылайға түйіле қарады.

— Бар сенгеніміз сенсің, Абылай! Оң жағындағы тұңғиықтан құтыламын деп, сол жағындағы шыңырауға құлап кетіп жүрме. Шүршіттің ызғарынан қорқып, орыс патшасының қолтығына кірдім деп ант-су іштің. Мүмкін, бұның дұрыс та шығар... Дегенмен, «көппен кеңесіп пішкен тон келте болмас», жұртыңмен ақылдас.

Абылай үнсіз тыңдап отыр. Қазақ даласы қазір үлкен қобалжу үстінде...

Орынбор генерал-губернаторы Неплюев Op, Елек, Жайық бойларында орыс бекіністерін салып, қазақ жерін отарлау саясатын қолға алса, Сібір генерал-губернаторы князь Гагарин де одан кейін қалмаған. Ол бір мың жеті жүз он үшінші жылдың өзінде-ақ Бірінші Петр патшаға Ертіс бойына бекіністер салудың мүмкіншілігі барын айтып хат жазған. Осыдан кейін бір мың жеті жүз он сегізінші жылы Семей бекінісі, бір мың жеті жүз жиырмасыншы жылы Өскемен бекіністері салынған. Бұдан екі-үш жыл өткеннен кейін орыс солдаттары Көкшетау маңын иемденіп, жиырмасыншы-отызыншы жылдары Ақмола, Баянауыл, Қарқаралы бекіністері тұрғызылған. Бұл бекіністердің бәріне солдаттар әкелініп, Россияның шалғай түкпірінен көшіп келген шаруаларға жер беріп, енді бұл араны біржолата қоныс ете бастаған. Ал Сәмеке хан қайтыс болған бір мың жеті жүз отыз жетінші жылдан бастап, патша үкіметі Ақмола мен Көкшетау арасына жол жүргізіп, бекеттер салуға кіріскен. Бұған он мыңға таяу орыс жұмыскерін сонау орталық Россиядан әкеп төккен. Бұл жол Көкшетаудың таулы алқаптарының бойын қуалай он жыл ішінде әзер біткен. Әрине қазақ жерінің бұл «бөлісінде» шонжарлар өз ұпайын жібермеген. Жерлеріне жер қосып алған. Сөйтіп, қазақ кедейі қиянатты орыс генерал-губернаторымен бірге өз би, сұлтандарынан да көрген. Қатар қоныстануға мәжбүр болған қазақ, орыс кедейлері өмірдің ауырлығын да, азабын да бірге тарта бастады. Осы қиындықта туған бауырмалдық қатынас ақыры екеуін бірдей апарып Пугачев ереуіліне қосты. Әділетсіздікке көнгісі келмеген қазақ аулына патша бекінісі мен хан ордасынан ел жылатқан «кәрі қылыш» жасағы шығып тұрды. Бірақ қалың халық дәл бүгін ыңғайлы сағатын күтіп, Ертістің арғы бетінде қазақ жерін шапқалы Қалден Цереннің жиырма мың әскері тұрғанын білмейтін. Бар ұғары жерінің тарылып, малының азайып бара жатқаны. Жырау толғауы да осыны айтады, халық та сол үшін оның сөзін ойлана тыңдайды.

Ал халық күйзелісін өз көзімен көріп отырған, ел қамын ойлайды деген Абылайдың көп ісі Бұқар жырауға түсініксіз еді. Әбілмәмбет ханға еріп, бір мың жеті жүз қырқыншы жылы, Қалден Церенге тұтқын болар алдында, Орынбор қаласына барып, қолдарына құран алып, «Қол астыңызға кірдік» деп патшаға ант беруі, содан кейін Қалден Цереннің тұтқынынан қайтып келісімен, арасында бір ай өтпей, Абылай сұлтанның Неплюевке немере ағасы Жолбарысты жіберіп «Россияға қарсылық көрсетпей, онымен сауда-саттық жүргізуге бармыз» деп хат жазып бас июі — қарт жырауды ойға шомдырған. Бұл аз болғандай, Абылай бір мың жеті жүз қырық бесінші жылы Тобыл губернаторы А. М. Сухаревке «Үйсін руын да патша ағзамның қол астына алуларыңызды сұраймын» деп хат жолдаған. Бір мың жеті жүз елуінші жылдары Абылай қазақ жеріне салынған орыс қалаларының жәрмеңкелеріне өзі қатынаса бастаған. Ал Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргеннен кейін, оны қорғаудың орнына, Кіші жүздің ханының қазасына қиналып, Барақ сұлтанды «жауыз» деп, Орынбор әкімдері Әбілқайырдың балалары Нұралы, Айшуақ, Ералылармен көбірек ақылдасып тұруын өтініп Неплюевке тағы хат жіберген. Осының бәрі қазақ халқының қамын ойлаған жырауға әзірге түсініксіз жәйттер.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий