Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екі жақтың да қолы шығын болғанмен, бұл жолы қазақ жігіттерінің жоңғарлармен айқасы қиынға түсті. Кескілескен, бірін-бірі аямаған қан төгіс үш күнге созылып, ақырыңда саны сәл басым Баян жағы жеңді. Қазақтың бес жүз жарақты жігіттерінен үш күн ұрыстан кейін тек екі-ақ жүзі қалды. Төртінші күні ұрысқа шыдар-шыдамасын білмей, Іле бойының қалың тораңғыл, жиде тоғайының арасында жатқан осы екі жүз жігіт, таң ата, үш күннен бері өздері соғысқан жоңғарлардың сегіз аулының бірден көтеріле, тайлы-таяғына дейін қалмай, ұбырып-шұбырып, Қытай жағына қарай көшіп бара жатқанын көрді. Қазақ қолы бұл оқиғаға алдымен таң қалды. Сөйтсе де, олар мал қайырлап жүрген бір жоңғар шалынан ауылдардың неге үркіп қашып бара жатқанын білді. Жоңғар ауылдарына: «Кешеден бері ұрысып жатқанымыз қазақтардың жәй әшейін ертөле топтары екен, Бөгенбай мен Қабанбай басқарған бес мың қол бүгін түсте осы Іле жағасына жетеді екен», — деген хабар кепті. Осы хабардан кейін Іле қойнауындағы жоңғарлардың мына сегіз аулы қопарыла көтеріліпті. Бұл хабардың қалай шыққанын қазақ жігіттері артынан барып естіді. Жоңғарлардың қолына түскен бір өжет сарбаздан: «Бәрібір өлесің, егер шыныңды айтсаң қоя береміз» деп осы ұрыстағы жоңғар батыры жауап алады. Одан: «Осыншама елге шағын қолмен қалай келіп тиістіңдер? Неменеге сендіңдер?» деп сұрапты. Жігіт: «Сендерді жеңетінімізге сендік!» депті. «Қалайша? Осыншама жоңғарды бес жүз сойылмен жеңбек пе едіңдер?» деп мысқылдап күледі жоңғар батыры. Сонда өжет жігіт: «Бәрібір қырыласыңдар! Артымызда Бөгенбай мен Қабанбай басқарып келе жатқан бес мың қол бар! Олар таң ата жетеді! Біз тек ертөлелер тобымыз!» дейді. «Өтірік айтасың! Шыныңды айт! Әйтпесе өлтіреміз! Ал егер айтып тұрғаның жалған болса, қазір босатамыз. Тек бізді алдама!» деген Жоңғар батырының қорқып тұрғанын білген қазақ жауынгері «бәрібір мені өлтіресің, онан да зәреңді ала өлейін» — деп айтқанынан танбапты. Жоңғар батыры сенеді. Еліне сол түнде қопарыла көшуге бұйрық береді. Әлгі сарбазды өз қолымен бауыздайды. Қазақтың қалың қолы келе жатыр деген сөзді естіген жоңғар ауылдары алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Бұл оқиғаның неден болғанын соңынан естіген қазақ жігіттері, дәл осы сәтте жаңа ғана үйлерін жығып, көштері енді қозғала берген соңғы жоңғар батырының аулына тоғайдан шыға лап қояды. Батыр Баян бастаған екі жүз жігіт көшке екі жүз аш қасқырдай тиеді. Әбігері кеткен көш жөнді қарсылық көрсете алмайды. Жоңғардың бас батыры Батыр Баянның қолынан қаза табады.

Бірақ шабылған елден Батыр Баянның жігіттерінің қолына жөнді олжа ілікпеді. Тек шу дегенде қоршауында қалған бір топ қыз-келіншек пен аздаған мал-мүлік қана қолдарына түсті. Босқан елдің көп дүниесі Іле өзенінің суына кетті.

Ұрыс бітіп, болмашы олжаға көңілі толмай тұрған Батыр Баянның кенет екі бетіне қан жүгіріп құлпырып сала берді:

— Мынау адам баласы ма, әлде періште ме? — деді ол қасында тұрған Жәпек батырға, қолға түскен бір топ қыз-келіншектің ортасындағы, үлбіреген жас сұлу қызды көрсетіп.

— Бұл Қорен батырдың он бес жасар жалғыз қызы Құралай сұлу, — деді Жәпек.

— Қай Қорен?

— Кеше Жанатай батырды найзалаған, ал бүгін сенің қолыңнан қаза тапқан жоңғар батыры Қорен...

Баян Тұлпаркөгін тебініп қап, қоршауда тұрған қыз-келіншекті бір шолып өтті. Құралай десе құралай-ақ екен! Мөлдіреген екі көзі тостағандай, қара торы жүзі сәл қаны қашып қуқыл тартқан, қолаң шашы шұбатылып үзеңгіден асып жатыр, басына киген сүйір төбелі құндыз бөркі мен күміс зерлі қара мақпал қынама бешпент-шалбары күміс ер-тоқымымен жарасып тұр. Осынау көрік, жарастық көзді еріксіз тартып, барады. Қызға тесіле қараған Батыр Баян жүдей жаудыраған қарақат көздің қиығынан өзіне деген бір өшпендіктің ұшқынын сезіп қалды.

— Атың кім, Құралай ма? — деді ол қызға.

— Атым Құралай, біліп тұрып несіне сұрайсыз? — Қыз теріс бұрылып кетті. Бірақ ол қазақ батыры атын қалай біліп қалғанына таң қалды. Баянға сол сәтте бір тәуекел ой келді. Жүрегін өртеп бара жатқан сезім жалынын баса алмай:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий