Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абылай ойланып қалды. «Иә, әккі қонтайшы ойламаған жерден жау шаппасын деп әскерінің жатқан ұясын жасырған екен. Мұндай жайда жоңғар жасағының шабуылды қай тұстан бастайтынын ешкім біліп болмайды... Сірә, Қалден Церен жауынгерлерін әлі ел түпкірінен қозғамаған болу керек. Әрине, Жоңғардың тоқпақ жалды мықыр жылқысы үш-төрт күннің ішінде-ақ текіректей желе шауып отырып бұл араға жетіп үлгереді. Қонтайшы соған сенеді. Шыныменен Қалден Церен Сарыарқаға аттанбақ па? Әлде Түркістан майданын кеңейте түсіп, Арал арқылы Кіші жүзге қарай ойыспақ па? О да мүмкін. Екі жаққа екі қол шығарады деген де сыбыс бар еді ғой, әлде солай ма екен? Әттең не керек, Үш жүздің әскері бірдей бағынса ғой бұған. Онда әр жүздің әскерін әр тұсқа қойып, Жоңғардың келуін асықпай күтер едім-ау! Бір жетіде екі жүз мың атты әскер жинап алатын Қасым хан дәуірі әлдеқашан өткен! Көрінген қара тасқа сала-сала, алмас қылыштың да жүзі майырылған! Енді міне қасқыр қай үңгірден шығады деп, шиті мылтығыңа сүйеніп жан-жағыңа алақтап қара да отыр...»

... Кеңес ақыры қазақ қолдарының жиналатын жерін Телікөл тұсы болсын деп ұйғарды. Бұл ара Үш жүздің әскеріне бірдей жақын. Әрине, Әбілқайыр сарбаздары келмейді, бірақ Жоңғарға өшіккен Кіші жүзде қазақ батырлары аз ба? Ең болмағанда Ырғыз, Торғай бойындағы Қошқарұлы Жәнібекке бағынышты Орта жүздің жауынгерлері келіп қосылар. Ал Ұлы жүз әскері жоқтың қасы.

Абылай аулы көктемнің алғашқы күндерінде-ақ Сырымбет беткейінен Бурабай көлінің жағасына көшетін. Көл жағасының қызғалдақты, сарғалдақты көк балауса шөбі ерте көтерілетін. Қарағай мен ақ қайың сыңси біткен Бурабай маңайы адам айтқысыз бір әсем сурет. Осы жайлауында Абылай аулы жаз өткенше болатын.

Сұлтан кеңесі бітісіменен, Сарысу бойында отырған Орта жүз ханы Әбілмәмбетке өздерінің шешімін айтып шабарман жіберді де, тамыздың бас шенінде Абылай аулы да Көкшенің биік тұсы Бурабайға қарай көтерілді. Салтанатты көш, көшпен іргелес шоқтай иіріп, шашау шығармай айдалған қалың көк ала жылқы. Жаугершілік заман; көшті, жылқыны қоршай, астарындағы болат тұяқ бедеулері мен бәйгі күреңдері жіті басқан, сойыл ұстаған, кілең шолақ сауыт киген батыр жігіттер... Көш ыңғайына қарай, соңынан шұбырған қара мал, оттай жайылған қой-ешкі тіпті кейін. Ауыл-ауылдың арасында, жорға салыстырған, сары даланы бастарына көтере ән салған топ-топ қыз, бозбала...

Аулын Бурабай көлінің жағасындағы «Абылай алаңы» аталатын көк майсалы, сыңсыған марал отты, қызыл ағашты, ақ қайынды, аршалы тау қойнауына қондырысымен, Абылай Ұлытау арқылы, Бетпақдалалатып, Телікөлге қарай аттанды. Көкше теңіз арқылы емес, алыс та болса осы жолды таңдады. Көкшетаудан Телікөлге дейін екі мың шақырымдай дала. Ал осы далада сыңсып отырған Орта жүздің рулары. Көкшетау, Сандықтау, Атбасар, одан әрі қарай Есілді жағалай, Терісаққан өзеніне жетеді, Қара қойын Қашырлыны басып, Ұлытауды бөктерлей, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Жезді өзендерінен асып, Сарысуға қарай шығатын сүре жолмен Телікөлге беттейді. Осы жердің бәрінде Арғын, Қыпшақ, Найман, Тарақты, Уақ, Керей. Ұлытаудың күнбатыс жағында Торғай алқабы қаншама ел. «Сонау Көкшетаудан шығып, Абылай Жоңғарға аттанып бара жатыр екен!» деген лақап осы қалың елге жетсе, бүкіл қазақ ауылдарының Жоңғар қонтайшысына қарсы тік көтерілетініне сұлтан шек келтірмеген. Жолда бір жарым айдай жүріп, Телікөлге кеп шатырын тіккенде, Арқадан жеткен жауынгерлерден көз тұнатын еді! Абылай өткен жерден қосылмаған қол жоқ. Саумалкөл мен Телікөлдің арасы ығы-жығы, қара құрымдай қаптаған әскер. Ертеңіне Абылайдың шатырына жігіттерімен келген әр рудың басты адамдары, батырлары тегіс жиналды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий