Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абылай езу тартты. Адуын жыраудың «ортаңдағы орыс бекіністерін орағытып» деген сөзінен-ақ сезіктеніп, әңгімені бөтен жаққа бұрғысы келді.

— «Жырыңыз» бен «шеріңізді» естіп, ат-тон айыпты біз төлеп жүрмесек нетсін, — деді күліп, — сол ат-тон айыбымды берместен бұрын, басқа бір өтінішім бар.

— Төренің қарадан өтініші болмас, өкініші болар. Шамам келсе өкіндірмейін, арысым айта ғой.

— Түнде түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген Үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап түр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға?

Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Әлден уақытта барып жырау:

— Түс жору — түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін...

— Сөйлеңіз, көмекей әулие...

— Қырыққа келмей табытта жатсаң — өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен.

Абылай үндемеді.

— Үндемей қалдың ғой, сұлтаным. Шешуім ұнамады ма?

— Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын майданда қалдырады екен. Сонда мен өзім қайда қаламын?..

— Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса үш жүздің жүрегінде қаласың!

Абылайдың қабағы жадырап сала берді. Қазақ: «еркектің ақылы қырықтан бастап толады, алпыстан бастап солады» дейді. Абылай қазір қырықтан жаңа асып барады. Түсін жорыған сыншы жырау оның түпкі сырын дұрыс болжады. Абылай — қазақ елін ұлы елдер қатарында көргісі келді, хан болса сол ұлы елге хан болуды арман етті. Сондықтан да ана жылы тұтқында жатқан Абылайға Қалден Церен: «Дүниеде не жаман?» деп сұрағанда, ол: «Дүниеде аз асқа бақауыл, аз елге хан болған жаман» деп жауап берген.

Абылай — Әбілқайыр да, Әбілмәмбет те, Барақ та, Нұралы да емес еді. Ол бұл кезде көп нәрсені түсінгенді. Өзінің әр әрекетін сол тұстағы көшпелі ел көсемінің қолынан келетін мүмкіндігіне қарай құратын. Ал тек құдай алдында ғана жауапкер Бұқар жырау болса, күнде өзгеріп жатқан дүние қайшылығын көріп, «дүние шіркін қайда бара жатыр?» деген аздаған күмәнда болатын. Сүйері көк шалғыны толқынданып, жұпар иісі аңқыған қазақтың жасыл даласы, тілегі — халқының қамы.

Бұқар жырау үнемі қасынан тастамайтын қарағай домбырасын қолына алды. Құлақ күйіне келтіріп, біраз шертіп отырды да, алыстан күркіреп келе жатқан жауар бұлттай, әуені қобалжыған бір термені бастап кетті.

«Ай заман, заман-ай,

Түсті мынау тұман-ай,

Істің бәрі күмән-ай

Осылай ол бір толғап алды да, әрмен қарай нөсерлете жөнелді. Жырау салынып жатқан бекіністер мен қазақ елінің болашағын толғады.

Ол әр сөз шумағын лақтырған сайын, алпыста емес, жиырма беске жаңа шыққан жас жігіттей қызулана түсті. Қазақтың көсем ұлдарынан, әсіресе, Абылайдан ел қамын ойлауды талап етті.

Жырау толғауы отырғандарға ұнады ма, жұрт енді домбыраның қағысымен бірге қимылдап, қызулана «Уа, пәле!» деп қосыла теңселді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий