Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Анықтап есептегенде отыз мыңнан астам жауынгер басы көрініпті. Бұл «Ақтабан шұбырынды» басталғалы, қазақтың ең алғашқы рет бірігіп, мол қол жинағаны. Әлі де келіп жатқан топтар аз емес. Басы Жәнібек, қарт Бөгенбай, Арғынның аты шулы батырлары Тайжігіт, Тасболат, Сырымбет, Жанатай, Жанұзақ, Сеңгірбай, Олжабай, Малайсары, Оразымбет. Абылайдың қамқорлары: Толыбай би, Қарауылдың шешені Қанай би, Жәпек батыр. Сырғалы Елшібек, Шекті Тайман, Табыннан Алтай батыр. Әрқайсысының қасында мыңдаған, жүздеген жауынгерлер. Қазақ даласында бұл кездерде атағы шыққан атышулы батырлардан Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзден Бұғыбай, Уақ руынан Батыр Баянның жоқ екенін Абылай іштен түйіп отыр. Әсіресе Баян батырдың осы уақытқа дейін келмеуі өкінішті-ақ. Ерлігімен, ел-жұрты үшін жанқиярлық ісімен танылған Батыр Баян Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбайдан кейінгі ең сүйікті батыры еді. Анау екеуі болса қазір пайғамбар жасына келіп қалды, ендігі ең сүйеніші со Батыр Баян мен өзімен бірге Қалден Церенде тұтқында болған Жәпек еді. Ел шетіне жау келсе, ең алдымен жетіп, алдыңғы шепте жүретін Батыр Баянның осы уақытқа дейін келмеуін Абылай жаман ырымға жорыды. «Оның өз басына бір қауіп туды, не ел-жұртының қамына да қаратпайтын бір пәлеге душар болды» деп ойлады.

Арқада Обаған атты өзен бар. Бұл өзеннің бойын ежелден Уақ руы жайлайтын. Орта жүздің жеті арысының бірі болып келетін Уақ руынан бүкіл қазақ даласына әйгілі Ер Көкше, Ер Қосай атты батырлар шыққан.

Осы Уақ руына жасының қартайған шағында келіп сіңіп кеткен, Жәнібек ханның кезіндегі атақты батырының бірі Саяннан туған Аян батырдың бір ұрпағы осы Батыр Баян еді. Қарадан шықса да жеті атасынан әйгілі батыр тұқымы болғандықтан, ел басына күн туғанда, осы Баян атқа ерте қонды. Өзінің асқан ерлігі, халқы үшін жан пида етерлік істері арқасында ол көп кешікпей Уақ руының көсеміне айналған. Әке-шешесі қалмақ шабуылының бір үлкен айқасында қаза тапқан. Өзімен бір туған, биыл он беске шыққан Ноян атты інісі ғана бар. Ноян әлі қолына найза ұстап жауға шапқан жоқ, бірақ алақанына түкіріп, бүгін-ертең менің де кезегім келер деп, бойына біткен қайратын жұмсайтын жер таппай, аласұрып, ауылда әзер жүрген. Өрт мінезді бала жігіт бір-екі peт ағасына «жорыққа мені де ала бар» деп жалынғанда, Баян оған: «Кезің келер, жорық сенен қашып құтыла алмайды. Әзірге сойыл соғып, садақ атып, соғыс өнерін әбден үйрен!» — деп ертпей қойған.

Баянның да қазір қырыққа таяп қалған кезі. Сұңғақ бойлы, аққұба, сұлу мұртты, көрікті жігіт. Жалғыз інісін жанындай жақсы көреді. Ағалық үлкен сезімнің әсерінен де ол өткен жылғы Іле бойындағы жоңғарларға қарсы аттанған сапарында, Ноянның «мені де ала кет» деп көзінен жасы мөлтілдеп тұрып өтінгеніне қарамай, ертпей кеткен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий