Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Құшағында тұрған жас сұлудың көзінен аққан ыстық жасы жігіттің албырт жүрегін қорғасындай балқытып жіберді. Ерлікті, әділеттікті арман еткен бала жігітке дәл осы сәтте қыздың қиыла айтқан бір сөзі дүниедегі ең әділетті, ең қасиетті сөз боп естілді. Құралайдың ана тілегін орындауға рұқсат ет деген өтінішінен оның қаншалық пәк, адал, қасиетті жан екенін бұрынғысынан да артық сезіне түсті. Дәл осы сәтте қызға еріп, туған елін тастап жау жағына қашу — ел-жұрты кешпейтін қылмыс саналатыны есіне де келмеді. Тек сүйген жарының адамгершілікке жататын күнәсіз тілегін тезірек орындауды борыш санады. Ол өзін енді сонау мөлдір аспанда көз жетпес шыңға көтеріліп бара жатқан қырандай сезінді.

— Тілегіңді тегіс қабылдадым, — деді құлшынып. — Темірқазық туа мені осы арада күт. Ел жатқанша жылқыға барып қос күреңді ұстап әкелем.

Ноян уәдесінде тұрды. Батыр Баянның Тұлпаркөгінен осал соқпас қос күреңге мініп, бұлар Темірқазық туа: «Уә, алла, жолымызды оң ете көр», — деп оңтүстікке қарай «шу!» деп жөнеп берді.

Қос күреңді түнде Ноянның алып кеткенін, ауыл адамдары сәскеде көлге жылқы келгенде бір-ақ білді. Ауылда Ноян да, Құралай да болмай шықты. Қос күреңге арналған шоландағы күміс ер-тоқым да жоқ екені анықталды. Қарсаққа бүркіт салуға шыққан қүсбегі таң атып бара жатқанда, Іле жақтағы Жоңғар еліне қарай шауып бара жатқан екі салт аттыны көріпті, Ноянның Құралайдың азғыруына еріп, Жоңғар еліне қашқанына енді ешкім шек келтірмеді. Қанша қиналса да амалы жоқ, ауыл ақсақалы, бұл хабарды Батыр Баянға барып жеткізді.

— Ер Көкше, Ер Қосай, Батыр Баян, Уақтың аруағын көкке көтеріп едіңдер, — деді қария, — сендер көкке көтерген жалауды Ноян бала жерге түсіріп тұр. Үкімін өзің айт, амалын өзің тап!

Жоңғар қызының бір күле қарағанынан періште де жолынан таятынына шек келтірмеген Батыр Баян қайтарып ештеңе сұраған жоқ. Кесел болып іште жатқан күйігі, елінің намысы, жалғыз інісінен айрылу қаупі — бәрі-бәрі жан-жағынан қабаған иттей қамалап жан сезімін астан-кестең етті... Батыр Баян енді бір-ақ шешімге тоқтады. Бір қыз үшін елін сатқан қара бетті қалайда қолға түсіріп, өзі жазаламақ болды. Сауыт-сайман киместен, керегеде ілулі тұрған қыпшақ садағы мен сауыт бұзар қос жебе салынған қорамсақты жалпақ күміс белдігіне байлай сап үйден атып шықты. Үнемі белдеуде тұратын Тұлпаркөгіне міне сала, бұ да оңтүстікке қарай шаба жөнелді.

Ешкім тоқта деген жоқ.

Батыр Баян ұзақ шапты. Оқтаудай боп жаралған Тұлпаркөк тер шыққан сайын қарыштай түсті. Түс ауа Жолдыөзек деген жерге таяғанда, алдындағы екі қараны көрді. Бұл — Ноян мен Құралай еді. Қос күрең қанша жүйрік болғанмен, тоқ күйінде ұзақ шабысқа шыдамай, оптығып, болдыра бастаған.

Қыз бен жігіт арттарынан құйғытып келе жатқан жалғызды байқады. Батыр Баян екенін айтпай таныды. Атының шапқан екпініне қарап, батырдың қатты ашулы екенін де ұқты.

— А, құдай, құтқара көр! — деп, Құралай тебіне түсті.

Екеуі жарыса шауып, Жолдыөзекке таяп қалды. Бұл бір бақытсыз жер еді. Құнарсыз, сортаң. Бұл арада бұрынды-соңды талай адамның қаны төгілген. Сол себептен де бұл өзекті Асан Қайғы «Жолдыөзек» демей, «Қандыөзек» деп атаған. Осы жаман атынан шошып Атығай руы соңғы кезде бұл араны жайламайтын болған.

Осы Қандыөзекке келіп қалғанын көрген жас Ноян бір сұмдыққа душар боларын сезді. Қашқанмен құтылмасын байқады да, атының басын тежеп, тоқтай қалды.

— Құралай, ең болмаса сен құтыл! — деді ол Жоңғар қызына. — Тоқтама, шаба бер, не болса да өзім көрейін...

Ноян атынан секіріп түсіп, ағасына қарсы жүрді. Садағын кезене ананың шауып келе жатқан түрінен шошынып, жас жігіт қалтырап кетті.

— Көке, кешір! — деді көзі жаутаңдап, ағасы арқан бойы таяғанда.

Бірақ дәл осы сәтте атының басын тартпастан құйғытып жетіп келген ашулы Баян ызаға шыдай алмай, қыпшақ садағын тартып қалды. Башқұрт тәсілімен істелген сүйір ұшты сауыт бұзар қайың жебе жас Ноянның дәл жүрек тұсынан кеп қадалды, жас жігіт тіл қатуға да шамасы келмей ұшып түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий