Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

деп жырлаған Бөгенбай мен Қабанбайдың ерлігі ерекше көрінген жорық еді. Бөгенбай он мыңға жуық қолды басқарып, Түркістан уәлиетінің солтүстік жағына, Қалден Цереннің Ұлытауға аттанбақ болған Созақ бекінісі тұсына қарай беттеді. Қолмен бірге атақты жырау Үмбетай аттанды.

Екінші қолды Жәнібек тархан басқарды. Бұлар Сыр бойының төменгі саласына қарай сапар шекті. Жәнібек әскеріне тек қана Торғай, Ырғыз бойын жайлаған Орта жүздің жігіттері ғана емес, бұған Сырдария жағасындағы өздерінің атамекен қоныстарын қайтарып алмақ болған Кіші жүздің Шекті, Табын, Тама, Адай секілді біраз руларының өжет жігіттері қосылды. Бұл қолда сол Торғаймен шектес Сарыкеш маңындағы Уаққа жататын Тәтіқара жырау бар.

Үшінші қолды (негізгі қолды) Абылайдың өзі басқарды. Бұл сап Шиелі, Жаңақорған бойларымен кеп Түркістанның өзіне күнбатыс бүйірінен тимек болды. Бұнда қазақтың аты шулы батырларынан: Баян, Сырымбет, Жанұзақ, Малайсары, Жәпек, сол кейінірек келіп қосылған Қабанбай болды.

Абылай қолының ас-суын дайындап, жауынгерлерінің кір-қоңын жуатын бір топ қатын-қалаш, қыз-қырқынмен бірге, Қабанбайдың Гауһардан туған қызы Назым жорыққа шықты.

Бұл жолы Баянауылда Бұқар жырау сырқаттанып қалып қойды. Оның орнына жазда Абылайдан Ботақан мен Жанайдың құнын өлеңмен сұраған он жеті жасар Көтеш ақын ерді.

Жазғытұрымғы сай-саланы қуалай аққан қар суындай қазақ қолдары тарамданып, жан-жаққа қарай аттана бастады. Қазақ жауынгерлерінің жұмған жұдырықтай боп бір майдан ашудың орнына үш тарам боп бөлінуінің де себебі бар еді. Қазақ қолдары қазір едәуір күшейіп қалғанмен де, соғыс өнеріне келгенде, Жоңғар хандығының тұрақты әскерінен әлі де болса төмен жатқан. Құр ерлік, жанқиярлық. өжеттік жеткіліксіз қасиет. Әбден машықтанған өнер, әдет еткен соғыс тәсілдері керек-ті. Шиті мылтықтан басқа қаруы жоқ қазақ жігіттерін топырлатып, аз да болса зеңбірегі бар, соғыста әбден шыныққан Қалден Цереннің тәртіпті әскерлеріне қарсы қоюға Абылайдың көңілі дауаламады. Өз әскерін үшке бөліп, Қалден Цереннің әскерін де үшке бөлшектеп, жеке-жеке құртпақ болды...

Бірақ қазақ тәрізді көшпелі елдің қонтайшысы Қалден Церен Абылай қулығын бірден ұқты. Қазақтың бас күші Созақ тұсынан шығатын Бөгенбай бастаған, не болмаса Аралдың жоғарғы сағасынан, — қарақалпақтың өкпе тұсынан кеп тиісетін Жәнібек сарбаздары емес екенін айтпай түсінді. Бас күш Абылай маңайында деп ойлады ол. Бұны Түркістанның күншығыс жағына жіберген ертөлелері де анықтап қайтты. Бұл кездегі жоңғар әскер басшысы Қалден Цереннің ортаншы ұлы Цеван-Доржи Созақ пен Қазалыға көмекші әскерлер жіберді де, өзі он бес мың қолымен Абылайға қарсы аттанды.

Абылай әскерінен бұрын келіп, ол Жаңақорған бекінісін қоршай шебін құрды. Ортада жаяу жасағы. Екі бүйірінде жоңғардың жал құйрығын еріп тастаған тапал жылқысын мінген атақты атты әскері. Цеван-Доржи бұ жолы түйе үстіне орнатылған он бес жеңіл зеңбірегін, Абылайдың мың төлеңгітінен құрылған кілең ер жүрек атты әскері жүреді-ау деген жерге орналастырды.

Алдында жау шебі барын білген Абылай, енді өз әскерін жая түсті. Жаңақорған бекінісін алуды бес мергені бар Қабанбайға жүктеді, Сырымбетті оң жақ қанаты, Баянды әскерінің сол жақ қанаты етті. Әрқайсысында үш мыңнан атты әскер. Олардың соңынан сойылды, шиті мылтықты үш мыңнан сарбаздары бар Малайсары, Оразымбет батырлар. Өзі Сағымбай, Қанан, Жанұзақ секілді ерлерімен, жорыққа алғашқы аттанған он жеті жасар Жанай деген баласымен шептің дәл ортасында болды. Қарамағында аты шулы, ер жүрек төлеңгіттерден құралған мың салт атты жауынгерлері бар. Бұны басқаратын «Алтайдың ақбасы» аталған ер Сеңгірбай.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий