Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Дүниеге келген соң өлуге де тиістісің, — деуге шамасы келді. — Амал қанша, арманда кетіп барам. Бірақ мен өлсем де менің арманым жетінші ұрпағымда бір қайталанады. Бір әулетім өзім тәрізді батыр және асқан жырау болады, — деді де көзін жұмды...

— Иә, Олжабай өлеңді жақсы көретін еді, — деді Абылай. Содан кейін төсегінен түрегеліп, сауыты мен қаруын әкелуді бұйырды.

Олжабайдың айтқаны келді. Жетінші ұрпағында тағы бір ұл туды. Халық оған арғы бабасының атын берді. Ол жас еді, бірақ асқан дарынды, тамаша ақын болды...

II

Манжурлардың атақты қолбасшысы Фу Де басқарған қара құрттай қайнаған Қытайдың жаяу әскері Алтынемел қырқаларынан үшінші рет кейін асып түсті. Бүгін таң атқалы Абылайдың қалың қолы үшінші мәртебе шабуылға шықты. Осы үш шабуылдың үшеуінде де Қытай әскері Іле өзені мен Алтынемел адырларының арасындағы ойпатқа жетіп, қазақ жігіттерінің тегеурініне шыдай алмай кейін қашты. Майданда қыруар өліктері қалды. Абылай «осы жолы жеңдім-ау, енді беттей алмас» деп ойлаған сайын тағы қарсы жақтағы белестен шұбырып түсіп келе жатқан қытай әскерін көреді. Қанша қырсаң да, бітпейтін құмырсқа сынды. Оның үстіне қытай әскерлерінің арғы жағына барып қайтқан ертөлелердің айтуы бойынша, ішкері жақтан қаптап қытайдың екінші қолбасшысы Чжао Хойдың әскері таяп қалған көрінеді. Дені атты әскер деседі. Тұлғасы тұрымтайдай жылқы мінген қытайдың атты әскері қазақ жігіттеріне бәлендей қорқынышты да емес-ті. Жауынгерлері ат үсті ұрысына қорқақ... Бірақ қытайдың қаныпезер, қаттылықтарымен аты шыққан екі қолбасшысының әскері түйісе қалса, әрине, қазақ қолы шегінуге мәжбүр болады. Бұндай жағдайда қытай әскерінен кейін шегіну деген сөз — қазақ жеріне екінші «Ақтабан шұбырынды» келтірумен бірдей. Сондықтан да Абылай төртінші шабуылға дайындалды. Қайткенмен де Фу Де мен Чжао Хойдың әскерін ойсырата жеңсе, әлі де үміт бар. Жоқ, бұ жолы Абылай жауын жеңе алмайды. Өйткені ақ түйесінің бүгінгі жатысы оған ұнамаған.

Ақ түйе кенжесі Жанай қаза тапқан жоңғар жорығынан қайтысыменен пайда болған. Қайғыдан әлі сейіле қоймаған Абылай сол күні ерте тұрып, Ақ Ордадан шыққан. Күздің қара суығы келіп қалған екен. Бір-екі күннен кейін аулы қысқы қонысы Көкшенің қойнауына көшпек. Қысты қалай өткізудің қамын ойлап тұрған Абылай кенет ауыл сыртындағы ақ түйеге көзі түсті. Мүше бітісі өзгеше, ірі, жүні сүттей аппақ, шудалары шұбатылып жерге түскен. Абылай баяу басып қасына барды. Түйе үріккен жоқ. Мұрны тесілмеген, үстіне қом салынбаған. Әр өркеші баладай. Абылай тағы таяй түсіп еді, ол тайраңдай шауып бел асып кетті... Ертеңіне таң атып келе жатқанда Абылай тағы сыртқа шықты, тағы ақ түйені көрді. Абылай жақындап еді, қашпады, үйіне қарай беттеп еді, соңынан ере жүрді. Сол қыс ақ түйе Абылайдың түйелерімен бірге болды. Қыс қандай қатты болса да, Абылайдың бірде-бір қотыр ешкісін қасқыр тартқан жоқ, қотыр тайы бораннан ығып, жылымға түсіп шығынға ұшырамады. Жұрт бұл түйені Абылайдың ырысы, киесі деп жорысты. Бұл ақ түйенің шын ғажап қасиеті кейін байқалды. Абылай жаз шыға күнгейі мен күншығысынан мазасын ала берген жоңғар әскеріне тағы қарсы аттанбақ болды. Сұлтан кеңесі Ертіс жағасының торғауытына ма, әлде Іле бойының ойратына ма, қайсысына жорыққа шығуды шеше алмай тарасты. Абылайдың таңертең өзгеден ерте тұратын ежелгі әдеті. Далаға шықса, ақ түйе орда сыртында жатыр екен. Басы күншығысқа қараған. Түйенің бұрын үнемі күнбатысқа қарап жататынын білетін Абылай кенет бір ойға келді. «Жұрт бұл түйені менің кием деп босқа айтпайтын тәрізді ғой, осы жолы ақ бураның көрсеткен жағына аттанайын». Ол осы айтқанын орындады. Жолы болып қайтты. Сол күннен бастап ақ бураны жорыққа аттанса, өзімен бірге ала шығатын болған. Ақ бура ертең ұрыс деген күні басын қай жаққа салып жатса, Абылай сол жақтағы жауына аттанатын және үнемі жеңіп қайтатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий