Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кеше ғана өз қолымен бауыздамақ болған нағашы жұрты оны құрметпен қарсы алды. Абылай үстіне үй тігіп, алдына үйірлей жылқы салды. Бірақ көп кешікпей Амурасана сол жылы қазақ жеріне қытайлар әкелген ұлы апат — қара шешектен Тобылда қайтыс болды.

Сөйтіп шығыстағы бір айбынды мемлекет көрер көзге құрып кетті. Жоңғар қақпасынан соққан жел қазақ даласына ұзақ уақытқа дейін жылымшы қан мен өліктің сасық иісін әкеп тұрды. Құзғын қарғалар енді сол қан иісі шыққан жаққа қарай ұшты...

Мұны көрген қазақ елі шошып кетті. Қытай мен өз даласының арасында тұрған жоңғар хандығының жоқ болып кетуінен қандай қауіп туғанын ол бірден ұқты. Енді шығысқа үрке қарады. Қытай боғдыхандары мен қазақ батырлары бұрын да сан шайқасқан. Тіпті қытайдың Тан династиясы кезінде де қазақ елі үш жүз жыл күресіп, жеңгізбеген. Рас, қытай әскерінің кейбір кезеңдерде қазақтың көне жері Көкше теңіз — Балқашқа дейін жеткен шағы болған. Бірақ тұрақтай алмаған. Соңдарына күйген қала, күйзелген даланы қалдырып қайтып отырған. Ал бұл жолғы Қытай боғдыханының қанішерлік қылығы өзгеше көрінді. Енді қазақ елі алыстағы аждаһаның ысқырғанын ғана емес, арандай ашқан аузынан қанжардай тістері ақсиып, өзін жұтуға келе жатқанын білді. Сол себептен де, бұрын қазақ жерінде орыс бекіністері салына бастағанына күмәнданып келген Бұқар жырау:

Шүршіт келеді деген сөз бар-ды,

Көктен түскен төрт кітап

«Енжіл» атты кәләмда,

Егер шүршіт келмесін,

Егер шүршіт қаптаса,

Алып бір жейді ақтарып

Көмулі көрден денеңді, —

деп, қытай әскерінің қорқау қасқырдан кем емес жауыздығын айтып, жұртты күні бұрын ұлы айқасқа шақыра бастады. Қазақ елінің басына бұл кезде тағы бір қара бұлт төне түскен. Бұл қара бұлт Қоқан хандығы жағынан келе жатты.

Ел бүлігі қашанда болса билеушілерден шыққан. Жоңғар мемлекетінің жойылуымен байланысты, Сырдың жоғарғы жағында көшіп жүрген қыпшақтардың әміршілері Нарбота би мен Ерден батыр Ташкент, Түркістан, Арыс секілді Сырдың орта тұсындағы қалалардың Қоқан хандығына көшуіне көмектесе бастады. Бұл қалалар жоңғар қонтайшысының қарамағынан босанса да, енді Қоқан хандығына бағынышты болар қаупі туған. Қоқан хандығы да енді Ташкент пен Түркістан уәлиеттеріне жататын шаһарларды біртіндеп басып алуға айналды. Қазақ еліне екі жаумен алысар ауыр күн туды.

Жоңғария мен Қашқарияны оңай алған Қытай боғдыханы қазақ жеріне ғана емес, тіпті Самарқант, Бұқар, Хиуа, Қоқанға да ауыз салуға баратынына Абылай шек келтірмеді. Өгізге туған күн бұзауға да туатыны күмәнсіз. Сол себептен де Абылайды, көкжал қасқырдың бір шабуынан қалмайтын Ерден мен Нарбота билердің әрекеті емес, қатерлі аждаһа Қытай боғдыханы қобалжыта берді. Ал, Самарқант, Бұқар, Қоқан әміршілеріне ақыл кіріп, бұған келіп қосылғанша, қазақ даласы айдаһардың өңешінен өтіп кетпесіне кім кепіл? Міне осыны ойлаған Абылай жаз ортасы болмай Үш жүзге ұран салып, бар әйгілі батырларын жинап, Көкше теңіз түбінен күншығысқа қарай қалың қолмен жорыққа аттанған. Ілемен жоғары көтеріліп, құмырсқадай қаптап келе жатқан Чжао Хой мен Фу Денің әскеріне қарсы жүрген.

Әрине, Абылай Қытай империясын жеңе қоям деп ойлаған жоқ. Онда басқа да ой бар еді. Қазақ елінің басы қашанда сырттан жау келгенде ғана бірігетін, Абылай содан үміт етті. Кешікпей сұлтан жорамалы шындыққа айнала бастаған. «Қара қытай қозғалса — ақырзаман болады» деп бесіктегі баласына өсиет айтып қорқытып, қазақ рулары келе жатқан жауының шын қауіпті екенін түсініп, бастары бірігуге айналды. Басқыншы жаудан аман қалудың бірден-бір жолы Үш жүз боп одақтасуда ғана екені айқындалып қалған. Сондықтан да Абылай саясатының жаршысы Бұқар жырау:

Шүршіт келсе, Сырға көш,

Ішетұғын суы бар

деп, жан сақтаудың жолын ғана айтып қоймай:

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз,

Судан суға шүйгумен,

Көлден көлге қоныңыз.

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін.

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз, —

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий