Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дәл осы кезде, Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи тұрған төбеге қарай, басында үкілі кәмшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды.

— Абылай!

— Абылай!

— Ақжол!

— Қарақожа!

— Қабанбай!

— Абылай! Абылай!

«Қабанбай» аты аталған тұста Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды.

Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен таптап кетті.

Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ, Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді...

Қазақ әскерлерінің тегеурініне шыдай алмай, жоңғарлардың тұтас құрған шебі бұзылып, енді майдан үзілген жеке-жеке топтардың, қолдардың айқасына айналды. Осы кезде онсыз да қызыл қанға боялған әлем бетін бұрынғысынан да қызарта түсіп, күн де батты. Екі жақ өліктерін жинап көмуге ұрыстарын тоқтатты. Бүгінгі күнгі ұрыста Жоңғар жағынан қырылған адам қазақтардан анағұрлым көп боп шықты. Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл қазақ елінің жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудың ең алғашқы айқасы еді.

Абылай өз шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне жападан-жалғыз қарсы шауып, бүгінгі жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болған Абылай, беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді.

Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды. Қазақ әскері Жаңақорғанды, Шымкентті алып Түркістанға таяды. Солтүстіктегі Бөгенбайдан да Сайрам мен Созақты алдық деген хабар келді. Батыр Баян қолы да Талас өзеніне таяй түсті. Жәнібек батырдың да қолы Қарақалпақ жерінен жоңғарларды Сырдың жоғарғы сағасына қарай сырғыта бастады. Енді амал жоқ, Цеван-Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Абылайдың да бұл бітімге көнбестік лажы жоқ-ты. Үш ай бойы, Арқадағы үйлерінен алыс жерде ұрысқан қазақ жауынгерлері де әбден қажыған-ды. Жорыққа аттанған жауынгерлердің бестен екі бөлегі қаза тапты. Бұл жаңадан басын қосып, ел болып келе жатқан қазақ жұртшылығына осал соққы емес-ті. Оның үстіне Абылай бұл жолғы жеңістерін Жоңғар хандығын шын күйретудің басы деп санамаған. Қазақ хандары түгіл, қытай боғдыханымен алысуға жарап келген жоңғар қонтайшыларының әлі де күші мол екенін ол жақсы білетін. Қысылып бара жатса Цеван-Доржи қытай боғдыханына бас иіп, сол шекарадағы көп әскерін кейін шақырып, қазақ еліне төгеді. Тіпті қытайдан да жәрдем алады. Сонда Абылай оған ұрыстан әбден қажыған жігіттерімен қалай төтеп береді? Тағы бір естен шығармайтын жайт, күз болса келіп қалды. Ар жағында қылышын жалаңдатып қыс тұр. Шаруа жайын ойламаса да болмайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий