Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Абылай Цеван-Доржидың жіберген елшісін құрметпен қарсы алды. Ұзақ сөздерден кейін, Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің қарамағына Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент секілді үш ай ұрысып жоңғарлардан тартып алған бірнеше қалаларды қалдырып, Түркістан шаһары мен оның уәлиетін қазақ еліне тегіс қайтарып беру мәселесі алдағы уақытта тағы қаралмақ боп келісілді. Қазақ елінен жоңғар қонтайшысы алып тұратын алым-салық көлемі де әжептәуір азайтылды. Қазақ хандарының қарамағына Сырдарияның төменгі жағы мен Талас өзенінің Жаңғы қаласы тұрған жеріне дейін қайтарылмақ болды. Әрине, жоңғарлардың бұрынғы жағдайы болса, Цеван-Доржи бұның біріне де көнбес еді, енді амал жоқ көну керек. Өйткені оның арт жағында да қыс бойы ұйықтап, жаз шыға басын көтерген айдаһар тәрізді, күшейіп келе жатқан қытайдың боғдыханы Цзинь-Лун бар...

Осындай абыройға жеткен Абылай, жан-жақтағы батырларына:

— Биылға соғыс осымен бітті. Енді аттың басын елге бұрамыз, — деп бұйрық берді.

Өзі Арқаға көшуге үлгірмей, Созақ төңірегінде қалып қойған Әбілмәмбет ханның ордасында аз күн аялдамақ болды. Хан немере інісінің құрметіне үлкен той жасап, сый-құрмет көрсетіп жатқанда, үйге асыға басып Көтеш ақын кірді, Ол үкілі домбырасын еңкілдете жылатып қоя берді. Мәз-мейрам боп қуанышқа бөленіп отырған Абылай:

— Жарқыным-ай, күйің қалай зарлы еді, сай-сүйегімді сырқыратып жіберді ғой, Жанай ұлым аман ба? — деді.

Сонда Көтеш:

Алтын күн кім қуанар батқанына,

Аққуды кім қуанар атқанына.

Жанайың жау қолынан қаза тапты,

Еліне енді жүргелі жатқанында, —

деп, жоқ жерден он жеті жасар Жанайды жоңғардың бір қарақшысы өлтіріп кеткенін хабарлайды.

Көрдей тұншығып тына қалған үй ішінде, кенет булығып өксіген дауыс шықты. Бұл Жанаймен түйдей құрдас және осы жорықта онымен жан аяспастай достасқан бала жырау Көтештің өксігі еді.

Ойын-той былай қалды. Абылай «аһ» ұрып, төсектен басын көтермей жатып алды. Жанай өліміне Олжабай жазықтыдай, осы сапарда баласымен бірге болған батырға сұлтан тіл қатпай қойды. Абылайға көңіл айтып, сонау Арқадан қаз дауысты Қазыбек би, Ұлы жүзден Төле би, Кіші жүзден Бала би келді. Бұл үш бидің келуі Абылайды Үш жүздің елі өзіне көсем ете бастағанының белгісі еді.

Сонда қаз дауысты Қазыбек:

— Уа, Абылай, Үш жүзің үш аққан өзен еді, солардың табысқан жеріндегі сен бір бәйтерек едің. Бәйтеректі дауыл ұрмас па, жапырағы оның түспес пе, бұтағы оның сынбас па? Құдай ма едің тетігін ұстаған бұл жалғанның, бұның не, бір балам өлді деп жатып алғаның? — десе, Тәтіқара жырау:

Үш жүздің баласы

Ақылдасып, сырласып,

Хан көтерсек деп еді.

Үш жүздің баласын

Бір баласындай көрмеді.

Ат құйрығын үзіңдер,

Аллалап атқа мініңдер,

Хан талау етіп алыңдар!

деген ашулы толғауын айтып еді.

— Жөн айтасыңдар! — деп Абылай басын көтерді.

Міне, осындай Ордаға бір кезде Көтеш ақын тағы кірді. Бұ жолы ол күй тартқан жоқ. Босағада бір тізерлеп отыра қалды да, көзінен жасы сорғалап, ащы дауыспен аңыратып қоя берді:

Үш жүзге уа, Абылай, қайғың аян,

Кез жетті қара бұлттан енді оян.

Тағы да суық хабар әкеп тұрмын

Өлтірді Олжабайды қашқын ноян...

Абылай басын төсегінен жұлып алды.

— Уа, жарқыным, жөніңді айтшы, не дейсің?

Көтеш ақын енді Олжабайдың қалай қаза болғанын айтып берді. Екеуі өз қостарына қайтып бара жатып, жолай әдемі бір әуен естиді. Олжабай серігінің «қазақ әні емес, қалмақ әні тәрізді. Сірә, қоршаудан шыққан тұтқындар болуы керек» дегеніне қарамай:

— Жоңғарлар болса қайтеді, қазір бітіміміз бар емес пе? — деп болмайды.

Бұлар он шыққан тұсқа таяп келгенде, жанған отты қоршай отырған Жоңғардың қашқын жауынгерлерін көреді. Аттарының басын бұрып үлгірмейді. Қараңғы түнге қарап атқан садақ оғы сауытсыз келе жатқан Олжабайдың дәл көкірегінен кеп қадалады. Олжабайдың тек:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий