Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

деп ел бірлігіне шақырды. Ел бірлігі — жау бетіне ұстар қалқан. Қытай әскерінің қазақ жеріне кіруі, қазақ ұғымында — ордалы жыланның келуімен тең. Осындай жағдайда ақ түйенің майдан ашылар жаққа қарамай қырындап жатуы жұртқа түсініксіз-ақ. Бұл қандай ырым? Бұның сыры тек әзірше Абылайға ғана аян...

... Қыр басында тұрған Абылай енді Бұқар жырауға бұрылды.

— Жырау, бүгін ақ түйенің қырын шөгіп жатқанын көрдіңіз бе? — деді ол, — жамандықтың белгісі болмаса нетсін...

Бұқар жырау қытай әскерлерінің төртінші рет шабуылға шыққанын қарауда еді. Қара құрттай қаптап келеді. Бір қазаққа жиырма қытай жабылғалы келе жатыр. Басым күшке шыдай алмай, қазақ қолының бір жақ шеті жапырылып кейін шегіне түскенін Бұқар жырау жаңа аңғарды. Бірте-бірте қазақ әскерінің халі қиындай берді. Өмір бойы ішер асқа жарымай өткен, бірақ өз әміршілерінің зорлауымен соғысқа әкелінген қытай әскері шабуылға шыққанда өлген тірілгендерін білмейтін. Әлде қорлық өмірден өлгендерін артық көре ме, қарсы жауған оққа кеуделерін тоса, үнемі алға ұмтылатын. Осыны көріп тұрған Бұқар жырау Абылай сұрағына асықпай жауап қайтарды.

— Қасқырдан қорыққан қойшыдан жақсы күзетші шыға қоймайды. Жауынды жеңгің келсе, ең алдымен өзіңе-өзің сен. Әйтпесе бәріміз бірдей апатқа ұшыраймыз.

— Көңілімде бір күдік бар. Одан қалай құтылам?

— Жеңетініне сенбей майданға шыққан қолбасшының өмірі ұзақ болмайды. Ондай кеселдің бір ғана емі бар...

— Ол қандай ем?

— Ажал.

— Ажал?

— Иә, ажал. Ол қандай дауасыз кеселден де құтқарады, — деп Бұқар жырау қазақ қолының жапырылып бара жатқан қанатын көрсетті. — Шап қазір ана тұсқа! Не ажал табасың, не өзіңе-өзің сенбейтін аурудан айығасың.

Абылай бұған бір ауыз сөз айтқан жоқ. Жалынқұйрығын тебініп қап, жырау көрсеткен майдан алаңына қарай шаба жөнелді.

Бұқар жырау атынан түсті. Мойнына белбеуін салып, бір тізерлей отырып, алласына «ақсарбас» айтып, жалбарына бастады. Әрине Бұқар жыраудың құдайға бағыштаған сөзін діни адамдардың біреуі естісе, «құран сөзін қор еттің!» деп сөгер еді, өйткені, оның аузынан құдайға жалбарынудан гөрі, ұран шақыруға ұқсас, ереуілді жыр тізбегі ағытылып жатқан.

Абылайдың жалғыз шапқанын көрген қазақ жігіттері шегінуді тоқтатып, жауға қарай лап қойды.

— Абылай! Абылай!

— Аруақ! Аруақ!

Таудан құлаған тастардай, өлген-тірілгендеріне қарамаған садақшы, найзагер қалың қол алдарындағы шәрке табанды, қара қалпақ, қара шапанды жаяу әскерінің алдыңғы шебін күл-талқанын шығарып, кейін қуа бастады.

Қайтып оралған Абылай Бұқар жырауға:

— Қолбасшыға күптенудің серік емес екенін енді ұқтым! — деді.

Бүгінгі жеңістен рухтанған Абылай ертеңіне де шабуылды өзі басқармақ боп, сауытын киіп, әскер алдына шыға беріп еді, Бұқар жырау:

— Ажалмен ойнама, сұлтаным. Шөлмек күнде сынбайды, бір-ақ рет сынады. Бүгінгің артық! — деді.

— Ер жігіттің серігі тәуекел демеп пе едің, Бұқар аға?

— Жүз тәуекелдің бір тәубесі болар. Кешегі тәуекеліңе бүгін тәубе ет.

Абылай бірдеме деп келе жатыр еді. Бұқар жырау:

— Қазақта Абылай біреу-ақ, ал қытайда Пуделер көп, — деді қолын жоғары көтеріп, — құдай менің тілегімді күнде бере береді дейсің бе, жетер енді!

Жалпы көшпелі елдердің салты бойынша жырау, ақын дегендердің қадірі халық алдында өте жоғары бағаланатын. Жырау арқылы ру көсемдері өздері бағынышты хан, сұлтандарға өкпелерін де жеткізетін. Бүкіл ел-жұртының мұң-мұқтажын жоқтаған мұндай жыраулармен ең тегеурінді хандардың өздері де санасатын.

... Бүгінгі ұрыс кешегіден де қиынға түсті. Өлген, тірілгеніне қарамай, қытай сыпайлары әміршілерінің бұйыруымен үсті-үстіне шабуылға шықты. Құлынжалды садақтарын шірене тартқан қазақ жігіттерінің жебесінен алдыңғысы оққа ұшса, артындағылары өліктерін басып өтіп, алға қарай ұмтыла берді. Қытай әскері қазақ жігіттерін тағы да ығыстыра бастады. Осындай бір шабуылда, қызып кеткен Бұқар жырау:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий