Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қарасақалға да халық сондай құрмет көрсеткен. Ең алдымен Кіші жүз арасында, кейін Қарқаралы маңындағы қаз дауысты Қазыбек биді сағалап жүрді. Қарасақал бір жағынан орыс патшалығын алдамақ болса, екінші жағынан қазақ елінің Жоңғар мемлекетіне өштігін пайдаланып, өзін Сыбан Раптан өлгеннен кейін, қонтайшылыққа таласып, Қалден Цереннің қолынан қаза тапқан Шұно Дабомын деп лақап таратты. Алдымен Қазыбек, артынан Қаракерей Қабанбай Қарасақалға сый-құрмет көрсетіп, өзіне жеке ұлыс билетіп қолдарында ұстады. Кейін оның Қарасақал, Шұно деген аттарын өзгертіп, Қарахан деп атады. Қараханның Қарасақал екенін білетін орыс патшалығына да, Шұно емес екенін білетін жоңғар қонтайшысына да қазақ елі ұстап бермеді. Жоңғар қонтайшысынан зорлық көргендер енді жазықсыз қуғынға түскен «Шұно Дабоның» қарамағына қашты. Бұл кезінде Қалден Церенді қатты қауіптендірген...

Қазақ елінің өзіне көрсеткен жақсылығын Қарасақал да бос тастаған жоқ. Маңына жиналған жоңғар, башқұрт, татар жігіттерінен жасақтар құрып, қазақ қолдарына қосты. Бұл жасақтар қазақ елінің бостандығын, тәуелсіздігін қорғауға өзінің ержүректілігін, шын берілген дос екенін жоңғар, қытай басқыншыларына қарсы күресте сан мәртебе көрсеткен. Көпшілігі жоңғар жігіттерінен құрылған Қарасақал жасақтарының қадірі, әсіресе, Жоңғар мемлекеті құрылғаннан кейін арта түскен...

Абылаймен сыйлас осы Қарасақал жақында оған өзінің Мүлік деген жігітін жіберген. Майданда Мүліктің ерлігін, мергендігін өз көзімен көрген Абылай, оны өзін күзететін жасаққа көшірткен.

Шеттері жырымдалған тулақтай ала шабыр бұлт күміс айдың бетін қымтай жапты. Жаңа ғана самаладай жарық дүние заматта қараңғылана қалды. Есік босағасында Нұржанмен қатар тұрған Мүліктің тыпыршып күткені де осы кез еді. Ол қынабынан қанжарын суырып алып, жалаңаш жүзін қолымен сәл сипап көрді. Дірілдеп кеткен жүрегін тоқтатып Ақ орда есігіне таяй түсті. Дәл осы сәтте Абылайдың ыңыранған үні естілді. Мүліктен бұрын үйге Нұржан кірді. Өзінің сәл кешігіп қалғанына өкінген Мүлік енді жалаңаш қанжарының сабын ашулана қысып, үй ішіндегі дыбыстарға құлағын тосып тұра қалды.

Мүлікті Абылай ордасына Қарасақал емес, Қоқан әміршілері Ерден мен Нұрбота билер жіберген. Жоңғар қаупінен құтылған Қоқан билері, орта жолда Абылай жасақтары тұрғандықтан, қытай шабуылын өздеріне қорқынышты санамаған, қайта Абылайдың қиын жағдайын пайдаланып, Сырдария бойының шаһарларын басып қалуды ойлаған. Бұл ойына бөгет тек Абылай. Ал қазіргі кезде қазақ даласының саяси және әскери билігі Абылай қолында. Егер ол өле қалса, Үш жүз тағы бытырап, қазақ хандығының быт-шыты шығатынына Нұрбота мен Ерден шек келтірмеген. Халық деген не? Олардың ойынша басқаратын кемеңгері болмаса құр топыр. Енді олар Абылайдың көзін жоюға тырысты. Міне, кісі өлтіргіш сұрқия Мүлік Абылайдың ордасына осындай құпия тапсырмамен келіп еді. Егер Мүлік ойлағандарын орындап келсе, қос би оның басына жұмақ орнатпақ боп уәде берген...

Мүлік бүгін жүйрік атының басына дорба кигізіп, торт аяғына кигіз байлап, сайға тығып қойып, іске кірісуге бел байлаған. Тек аңдығандай Нұржанның қасынан екі елі ажырамауы мұны күдіктендіре бастады.

... Оның Қоқаннан келгенін бір-ақ адам білетін. Ол әрі мылқау, әрі меңіреу, өзінің атқосшысы өзбек жігіті еді. Ол Хиуа ханы Қоқан әміршілеріне сатқан құл болатын. Қоқанда екі баласы қалған. Мүліктің неге келгенін мылқау білмейтін. Тек бүгін таңертең Қоқаннан келген шабарманның оған қағаз беріп жатқанын көріп қалған. Мүлік шабарманмен сөйлесіп тұрғанда шатырды жинап жүргем мылқау қоржынға тығып қойған сол қағаздағы «тездет» деген сөзді оқыған болар деген ой Мүліктің денесін кенет дірілдетіп жіберді. Бірақ сол сәтте «қойшы, әрі мылқау, әрі саңырау құл қайдан хат танысын», деп өзін-өзі басты. Бірақ қорыққанға қос көрінеді, күдік алған көңіл қайтадан қобалжи түсті...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий