Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шегінуге қанша ақыл керек? — деді, қабағы қатулы, бүгінгі ұрыста жалғыз ағасы оққа ұшқан жас жігіт. — Абылай ақылды болса жауды жеңудің жолын таппай ма?.. Қашу қатынның да қолынан келеді.

Алдыңғы жақта келе жатқан Тәтіқара жырау бұрылып кейін қарады. Ай жаңа туып, жер-дүние сәл ақшыл тартқан. Жігіттің қатыңқы қабағынан өте күйінішті екенін ұқты.

— Ауыл иті ортаға алса, көкжал қасқыр да қашып құтылуға тырысады, — деді ол жігітті жұбатып. — Асықпа, иттер андыздап соңынан түскенде ғана, көкжал қасқыр біртіндеп құртады...

Жігіт жауап қайырған жоқ. Енді біраз жүргеннен кейін қалың қол Іленің бір жалпақ өңіріне келіп аттан түсті. Әскер кешкі асын ішіп, азырақ көз шырымын алсын деп бұйырды Абылай. Заматта қостар тігіліп, әр жерде қазандар көтеріле бастады. Бірақ жауынгерлердің түрінде рең жоқ. Қашқандарына қорланғандай мойындарына су кетіп, иықтары салбырап, әр жерде топ-топ боп жиналып, күбір-күбір сөйлеседі. Абылайдан рұқсат алып, Тәтіқара мен Көтеш жырау осы жүдеген топтардың арасына барып, көңілдерін көтермек болды.

Қазақтың шырқай салған ән шыққан жерге заматта жиналатын әдеті. Бір ошақтың жанында отырып Тәтіқара «алты қырдың астынан естілетін» күшті даусымен бір айқайлап ап, термені желдірте жөнелгенде, ер жерде шоғырланып астың пісуін күтіп жүрген жігіттер, лезде сол маңға жинала қалды. Жырау осы ұрыста көзге түскен жігіттердің ерлігін айтып, жұрттың жабыққан көңілін көтеріп-ақ тастады. Енді көп арасынан:

— Уә пәле! Жігіт болсаң Малайсарыдай бол!

— Япырай, Қаракесек Қапан қандай мерген еді!

— Уа, Бөгенбай батырға кім жетсін! Алты алаштың айдары ғой!

— Ойпырмай, шүршітті қырамыз деп жүріп, көп қызықты көрмей қалыппыз ғой, Тәте-еке, әлгі жуан қытай сыпайының қалай қашқанын қайтадан айтып беріңізші!

Тәтіқара жырау екі көзі оттай жайнап, термеге қайта басты.

Жуан қарны іркілдеп,

Қытай қашып келеді.

Әзірейілдей зіркілдеп,

Жабай қуып береді.

О заман да бұ заман

Мұндай қызық кім көрген

Сан бәйгеде жүлде алған

Шабысы соққан желмен тең,

Аты шулы Кертөбел,

Қалды кейін жете алмай,

Жуан құрсақ, май басқан

Сыпай кетті құтылып,

Қашқан кезде, жігіттер,

Бұл шүршіттен кім асқан!

Осының алдында ғана иіндері түсіп, салбырап отырған жұрт мәз-мейрам боп, дуылдасып қалды.

— О, ерің-ай!

— Шіркіннің жанының тәттісін қарашы, Кертөбелге де жеткізбей кеткен.

Ошақ басы ду-ду күлкі...

... Біраздан кейін жігіттер астарына тоқымын, бастарына ерін жастанып, тәтті ұйқының құшағына енді. Бұдан мың жыл, екі мың жыл, үш мың жыл бұрын да ата-бабалары дәл осылай ұйықтаған. Ежелден келе жатқан осы көне халықтың етін жеп, сүйегін мұрнынан шығарып тастамақ боп, қытай айдаһары қазақ даласына дәл осылай сан рет кірмек болған. Бірақ әрқашан да басқыншы жаудың күрек тісі быт-шыт боп сынып, маңдайлары тасқа соғылып, Жоңғар қақпасының тар шатқалынан әзер өтіп, талай рет кейін шегінген... Жыраулар бүгін ата-бабаларының сол ерлігін жас ұрпаққа жыр ғып толғады. Жырау сөздері миларына қонған жігіттердің түсіне айдаһарлар кіріп, кейбіреулері шошып оянып, алдаспандарына жабысты...

Олар таң саз бере, әлемді тітірете күн күркіреп, шелектеп жауған жаңбырдан оянды. Абылай бар қолын тез атқа қондырып, құйып тұрған қалың жауынға қарамай, жолға шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий