Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ымырт жаңа ғана түскен, әскерлер кешкі асын дайындап жатса керек. Бүкіл алқап бойы быжынаған от.... Санап көріп еді, мыңға таяй беріп жаңылысып кетті. «Әр ошақтың жанында жеті-сегіз адамнан болған күннің өзінде де мынау ойпатта кемінде он мыңнан астам қытай жауынгерлері бар-ау. Ал біз болсақ — мыңға әзер жетеміз» деді ол ішінен. Сөйтті де бір тәуекелге бел буды «ойламаған жерден тиген қолдың бірі жүзге татиды, оған тыныш жатқан елін шапқан қытай басқыншыларына деген қазақ жауынгерлерінің жүрегіндегі ашу-кегін қос! Тәуекел!»

Батыр Баян сол күні түн ортасы ауа, қытай әскерлері тегіс ұйқыға кеткен кезде жауын шаппақ болды. Бірақ күзетшілер отырған бекініс-шепті оралып өтіп, ұйқыда жатқан жауынгерлердің арғы түкпірінен тиюді дұрыс көрді. Сонда ғана бұлардың күлін көкке ұшыруға болады. Батыр Баян оз ойын жігіттеріне жеткізді.

— Сіздің бұл әрекетіңізді Абылай қостар ма екен? — деді әлдекім Батыр Баянның ту сыртынан.

Бірақ Батыр Баян өз шешімін өзгерткен жоқ. Түн көзге түртсе көрінбейтін тым қараңғы еді. Төгілетін қанды жасырғысы келгендей түксие түнерген. Қытай шебіне жіберілген барлаушылар жау қостарының бер жағында терең сай бар екенін айтып келді.

Батыр Баян дереу қозғалуға әмір берді, сайдан өткенше үн шығармауға бұйырды. Іле жағасының жиделі, тораңғыл тоғайын жағалай отырып, қазақ жігіттері сайдың арғы бетіне шығып, қайтадан сап құрды. Алдарында бір шақырымдай жерде жау жатыр...

— Уа, аруақ! Ақжол ата! — деп Батыр Баян тықыршып тұрған Тұлпаркөгіне бірінші боп қамшы басты.

— Абылай!

— Қарақожа!

— Қабанбай!

Ұрандасқан мың жігіт ұйықтап жатқан жау үстінен жөңкіліп келін қалды. Екпіндері қауға түскен өрттей жан шыдатар емес. Түнде шапқан жау қандай қорқынышты, үстеріне қазақ жігіттері, жетіп келгенде, қытай сыпайлары не істерін білмей, қостарынан шыға, беттері ауған жаққа қашты. Көбі қара басып қарсылық көрсетпей, жан сауғалап жүргендерінде сойылға жығылды, найзаға ілінді. Бүкіл дала қытай, манчжур әскерінің айқай-ұйқайына толды.

Жер тартып аламыз деп келген қытайдың коп жауынгерлері осы жат жерде қаза тапты. Өліп бара жатқандарында ғана, сорлылардың көз алдарында сонау туған өлкелерінің көк орманы, мөлдір аспаны, ақырын толықсып аққан мол сулы сұрғылт өзендері елестеді... Көбі «әттеген-ай, бекер келген екенбіз, сол туған жерде неге өлмедім» деп өкінді... Бірақ көк найзаның менен еріп келген ажал ешқайсысын мүсіркеген жоқ, тас құшағына ала берді...

Бұл айқаста бір мыңға таяу кісі қаза тапты. Қытай қолбасшылары әскерін тәртіпке келтіріп, қарсы тұрып үлгіргенше, қазақ жігіттері көзден ғайып болды. Бұларға тиген жын емес, адам екенін қытай сыпайларымен қатарласа жатқан қазақ жігіттерінің өліктері ғана анықтады...

Көп кешікпей бозарып таң да атты. Жау қостарынан үш шақырымдай бүйірдегі қамысты тоғай арасына кіріп үлгірген Батыр Баян жасағы шығындарын есептеп еді, қолға түскені, жараланғаны, қаза болғаны бар, үш жүздей жауынгер жоқ боп шықты. Батыр Баянның түсі қашып кетті. Енді Іле өзенінің арғы бетіне шығып, кейін қайтпақшы боп тұрған қолға, кенет ол:

— Жау қолына серіктерімізді тастап кеткеніміз болмас. Өлсе өлігін, өлмесе жаралысын алып шығуымыз керек! — деді ызалы жүзі сұп-сұр боп, — қытай қостарын қайтадан шабамыз!..

Жұрт үндемеді. Тек бір картаң жауынгер:

Осы шабуылды бізге қисаң қайтеді, Батыр Баян, — деді, — бір тәулік бойы астымыздағы аттарымыз да тыным алған жоқ. Және өзіміз де әлсірейік дегендейміз бе, қалай...

— Сонда шынымен-ақ серіктеріңді жау қолына тастап кетпексіңдер ме?

— Тірі қалғанын құдайға тапсырайық, ал өлгеніне жәрдем беру тек алла-тағаланың ғана қолынан келеді...

Тағы бір-екі жауынгер күңкілдеді.

— Құрылған қақпанға өзіміз барып түспекпіз бе?

— Кешірер бізді, шіркін боздақтар...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий