Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әрине, Әбілмәмбет ханның сонау Хантағыдан жеті күн жүріп, Көкше теңіздегі сұлтан ордасына текке келмегенін Абылай жақсы біледі. Ел ардақтағанды хан да мақтаған. Абылайдың шүршітпен соғысып, әскерін қырып алмай, аман қайтқанын қошаметтеп, ұлы тойға Әбілмәмбеттің өзі келген. Хан басымен немере інісіне алғысын айтып, батасын бермек.

Иә, бұл соғыс Абылайдың қастары ойлағандай боп бітпеді. Енді міне, алдағы уақытта қазақ елі шүршітпен соғыса ма, әлде бейбітшілік бітімге келе ме, тек Абылай ғана шешетін жағдай туды. Егер шүршітке қарсы тұрып соғыса бергенінде, бар әскерінен айрылатын еді. Әскерсіз елге кім қорған бола алады. Ал бар жасақтарымен Шыңжандағы ұйғыр мен қазақтарға барып болысып, қытай әскерлерімен қайтадан айқасуға дәл қазір Абылайдың мүмкіндігі жоқ. Жат жерде жүріп жауды жеңу қиын. Онда бәрі де қазір ауыл шетіндегі қаралы үйде жатқан Батыр Баянның кебін киер еді. Жоқ, Абылай дер кезінде шегінді. Ертең «Үлкен Ордаға» хан бола қалса, өзіне керек қалың қолын апаттан аман сақтап қалды. «Үлкен Орда» ханы? Абылай тұнжырап кетті.

«Үлкен Орда» төңірегіндегі сұлтан, батыр, билердің ой-мақсаттары Абылайға алақанында тұрғандай аян еді. Өздері хан болудан үміттенбесе де, Әбілмәмбет өлген күнде хан көтерсек деген адамдары әлдеқашан белгіленген.

Бақ күндес жақындары қазір Абылайдың әр қадамын аңдуда, тілейтіндері — сүрінуі. Россия қол астына кіруді жақтағанында Абылайға олар қандай айып тақпады! Кейбіреулер бұған қара халықты қарсы қоймақ та болды. Әне, анау бір тәспі тартып отырған қария «екі көрші» туралы мысал да айтқан.

«Момын шаруаға ала аяқ көршісі келіп, татулық достық үшін өгіз терісіндей жер бер деп сұрапты. «Ала ғой» депті момын шаруа. Сонда әлгі қу, өгіз терісінен таспа тіліп, момын көршісінің бар жерін қоршап алып, «осындай жер маған ауысады» деп, момынның бар жерін өзіне қалдырыпты. Сенің орыс жандаралдарың да әлгі қуға ұқсайды, — деген осы қария. — Ең алдымен бекініс салуға болмашы жер сұрайды. Соңынан оған егін, бақша салатын жерді өзі қосып алады. Артынан мұжық-төлеңгіттерін әкеп орналастырып, қазақты өз қонысынан қуады...».

Ал қазір қазақ елін шүршіт кеп жан алқымнан алғанда, енді бірде-біреуі «сен бізді кәпірге саттың, ханды да соған көндірдің» демейді. Шүршіт айдаһары жоңғардың тарғыл ырбызы емес, анағұрлым күшті. Онымен артында орыс бекіністері тұрғанда ғана жөндеп сөйлесе аласың...

Жоқ, Абылайдың қазір арқа сүйері төре тұқымы емес. Абылай жағындағылар, әне, анау халықтан шыққан атақты батырлар. Өз аттарын ел-жұртына найзасымен әйгілі еткен ата-бабасы белгісіз жаман тымақ, жыртық тон бұқара жұрт. Тілін таба білсең бұлар жетім лақтай соңыңнан ере береді...

Міне, тізесіне тізесі тие отырған, кексе тартып қалған Бөгенбай, оған таяу Еменәлі мен Жабай батыр, одан әрі Қыпшақ Дербісәлі мен Маңдай, Дулат Бөкей, Алтайдың ақбас атаны Сеңгірбай, Уақтан шыққан Сары батыр... Бәрінің де даңқы жер жарады. Соңдарынан ерген топтары да көп. Ешқайсысы Абылай берген бұйрыққа қарсы шыққан емес.

Егер Абылай «кейін шегін» демесе, осылар шүршітті жеңіп, оның табанының астында жатқан Шығыс Түркістанның біраз елін құртар ма еді, қайтер еді? Бүкіл үш жүз болып атқа қонуға әзір. Бірақ Шығыс Түркістан елі Арқа мен Сыр бойындағы бауырларынан жәрдем күтіп отырғанда, Абылай өз әскеріне «кейін қайт» деді. Өйткені болашақ «Үлкен Орда» ханына шүршітпен қазір соғысу тиімсіз болды. Ханға тиімсіз дүние, бүкіл қазақ даласына тиімсіз болып саналуға тиіс.

Басындағы қалпағын мылқау атып түсірген күні Абылайдың Алтынемелдегі ордасында екі бейшара дәруіштің болып шыққанын осы отырған адамдардың бірде-бірі білген жоқ, Дәруіштер күзетшілер арқылы Абылайға, жалғыз ғана иероглифы бар, күміс теңге көрсетті. Сұлтан дәруіштерді ордаға кіргізуді бұйырды. Ордаға кірген дәруіштердің бірі үстіндегі шапанын шешіп, басындағы сәлдесін тартқанда, Абылайдың денесі мұздап кеткен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий