Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сұлтан жас кезінде Қалден Цереннің қолында тұтқында жатқанда, Ташкентке осы көсе дәруіш екі рет келген. Тәкаппар, адуынды Қалден Цереннің басын иіп бұнымен ілтипатпен сөйлесіп отырғанын Абылай өз көзімен көрген. Соңынан, осы көзі іріңдеп кеткен көсе шал ұлы Жоңғарияның құрып кетуіне себеп болған еді...

Ақ ордадағы әңгіме ұзаққа созылмады, қарт дәруіш есегіне мініп, белгісіз жаққа құрып кетісіменен, Абылай Алтынемелден Көкше теңізге дейін шегінуге бұйырған. Ертеңіне ақ бура да Көкше теңізге қарай шөккен...

Иә, Абылай сол күні-ақ осы жолды қалаған Алтынемелде шүршітті жеңу болашақ «Үлкен Орда» ханына тиімсіз көрінді. Қытай жағынан қауіп азайды десең-ақ осы отырған төре, билер басқа әнге басатыны хақ... Жау шабуылы алыстаса-ақ болғаны, саясатшыл, қызыл өңеш ділмәрлар әрқайсысы өз ұлысын бөліп алмақ боп, шарт жүгініп сөзге кіріседі. Мықтылары сойылына да жол беруге тырысады... Онда үш жүздің басын қосып, «Үлкен Ордаға» бағынған ел болуы адыра қалады... Ал шүршіт гүрзісі қазақ елінің басына төніп тұрғанда, Абылай да күшті. Мұндай жағдайда «Үлкен Ордаға» хан болуы айдан анық. Сонда барып ол Алтынемелге қайта оралады... Оған дейін Абылай өз күшін жоғалтпай, қорқау қасқырдай бұның өлігін күтіп отырған Қоқан билері Ерден мен Нұрботаға жонын көрсетіп қойып, орыс арыстаны мен қытай айдаһарының арасында ебін тауып жүре тұрады. Екі жақ бірдей сені өзіне тартқысы келіп тұрса, тәуелсіздігіңді сақтау үшін, саған одан ұтымды жағдай жоқ. Россияның қол астына кіруді ол әлдеқашан шешкен. Ал кей істе қытай боғдыханына да бағынышты екенін мойындаудан енді оның ештеңесі де кетпейді... Абылайды іздеп келген шал бұдан артықты әзірге тілеген де жоқ.

Жоқ, бұл ірің көзді кәрі шүршіттің арғы ойын түсінбейтін Абылай милау емес. Мыстан шүршіт қазақтың үш жүзін бірдей жоңғар қан жосығына ұшыратпақ. Жоңғар өлігіне тойынған шүршіт айдаһары әлі тоғын басқан жоқ. Сонау Хуанхэ, Янцзи өзендерінің бойынан қытай шаруасын айдап әкеліп, оларды Жоңғардың тып-типыл боп күйген жұртына орналастырғаннан кейін, араны қайта ашылады. Ол тағы жаңа жемтігін іздей бастайды. Сонда ол жалмауыз аузын ашып, тағы да қазақ даласына қарай жылжиды. Сол уақытта қазақ еліне өз даласына салуға рұқсат еткен орыс бекіністері де керек болады.

Оған дейін Абылай өз жолынан таймайды. Бұл жол қиын жол, бірақ тиімді жол. Түбі Абылайды үш жүздің алтын тағына жеткізетін жол. Кімде-кім осы ұстаған жолына бөгет болғысы келсе, өз обалы өзіне, ондайлардың басын Абылай алдаспанмен қағып түсіріп отырады. Осы үйдегі ақсүйегі бар, қара сүйегі бар, ешқайсысы Абылайдың ойлаған ойына бөгет болмауға тиіс. Өйтпесе... өйтпесе бұлар да Батыр Баянның көбіне душар болады. Абылай оны жау шебіне тегін қалдырған жоқ, өйткені Алтынемелден бұның неге шегініп бара жатқанын Батыр Баянның түсініп қалғаны Абылайға да аян еді.

...Ханның «Тағанақ» кеңесі бұл жолы әдеттегі дәстүрден тыс, өзгеше басталды. Басқа ақсақал, билер сөйлеп болып, Әбілмәмбет хан енді кезекті «маймене» қаз дауысты Қазыбекке бере бергенде, сөзуарлығы жоқ, сабырлы Бөгенбай батыр бақандай екі қолын алдына созды.

— Уа, тақсыр хан, — деді ол әдеттегісіндей тұтыға сөйлеп — бүгін үш жүздің бетке шығар жақсылары жиналып қалған екен, осы кеңесте менің Абылай сұлтанға қоятын бір сұрағым бар.

— Сөйле, Бөгенбай батыр!

Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды.

— Шүршіт көгенінде қан жылап жатқан Шығыс Түркістандағы бауырларымызды құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші.

Он екі қанат орда іші тына қалды. Әлден уақытта Абылайдың қоңыр даусы естілді.

— Шығыс Түркістандағы елдің бас көтергенін мен білген жоқпын! — деді, адамның өңменінен өтетін өткір көзін жалт еткізіп.

«Бұл хабарды ең алдымен сен естуге тиіс емес пе едің?» дегенді әркім іштерінен ойласа да, батылдары барып сыртқа шығара алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий