Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Найман тайпасының бір тармағы Садыр руы «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын Талас пен Арыс өзендерінің арасындағы Қаратау қойнауында көшіп жүретін. Әулиеатаға таяу Келтеқара арығы, Бұрындай өзенінің арғы жағындағы Үшащы қойнауы бұлардың келіп-кетімді қонысы. Бұрындай өзенінің бойында «Садыр-Мүрде» деп аталған жер — бұл рудың аталары қойылған зират еді. Сыр бойының бір қуаңшылық жылы осы рудың атақты батыры Жұмарт өзінің қарамағындағы тоғыз аулымен көшіп, жайлауға Арғын руының ата мекен жері Арғынаты тауларына барады. Арғындар бұған ана Ұлытауды жайлаған Бағаналы туыстарыңа көшіңдер деп, жер бермейді. Күшпен Ұлытаудың бергі қойнауына қуып салады. Ашу үстінде Жұмарт батыр Арғын жасағының батыры Ақмырзаны өлтіреді. Содан кейін Арқаға көшуін қойып, енді Бұрындай өзенінің бойындағы Үлкен тұра, Кіші тура деген кішігірім тауларды қыс қыстауы етіп, жаз Әулие етегіндегі Талас өзенінің шұрайлы қойнауын жайлайды.

«Ақтабан шұбырындыда» қалмақ қолынан тоғыз баласымен Жұмарт батыр өледі. Қырық мың үйдің он бес мың шаңырағы шұбырып, Әндижан жеріне өтіп кетеді, ал қалған он мыңы Лепсі өзенінің бойындағы жоңғар Алатауының қойнауына көшеді. Сөйтіп жүргенде, Жұмарттың әлдеқалай тірі қалған Тасболат деген баласы ер жетеді. Енді әке орнына, мұнда қалған он мың шаңырақ Садырға сол ие болады. Тарбағатайдан қытай әскері түсіп келе жатқан дегенді естісе де, ол Абылай жинаған қолға қосылмаған. Бір кезде әкесіне Арғынның жер бермегенін кек тұтып, өзін азғырып келген Ерден мен Нұрбота бидің елшісінің сөзіне еріп, Әндижанға көшпек болады. Бұл хабарды көршілес отырған — Тобықты руының шабарманы әкелген.

Серіктерімен Бұқар жырау Тасболат батырдың аулына жеткен кезде, күн бесіндіге таяп қалып еді. Ел түйелерін қомдап, үйлерін жығып, көшкелі жатқан-ды. Битке өкпелеп тонын отқа салған Тасболатқа ашуланған Бұқар жырау аттан түспей, жанындағы серіктерімен батырдың үйінің сыртынан кеп, кәрі домбырасын қағып-қағып жіберіп, айқайға басып еді.

«Садыр, қайда барасың,

Сарысуды көбелеп?

Сен қашсаң да мен қойман

Арғымағым жебелеп.

Енді алдыңнан шығайын

Қар, жаңбырдай себелеп,

Ақмырзамды өлтірдің

Ақ сойылмен төбелеп.

Уа, сен танымай кетіп барасың?

Мен Арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен бұзау терісі шөншіксің,

Мен өгіз терісі талыспын.

Абылай алдында сен бітсең

Құдандалы таныспын.

Абылай алдында бітпесең, —

Атасын білмес алыспын, —

деп Бұқар жырау, көшпе деп ақыл айтудың орнына Садыр қолынан өлген ерінің құнын сөзге тиек етіп, жырын ызғарлы үнмен тоқтатты.

Үй сыртында келіп тұрған үш жүзге мәлім Бұқар жырау екенін біліп, әлі де болса көшерін де, көшпесін де шеше алмай, үйін жықпай отырған Тасболат сыртқа шықты. Бұқардың құн сұрап келгені жай сылтау екенін әрине, бұ да ұқты. Жырауды қолтықтап аттан түсірді, үйіне алып кіріп, қошеметтеп көрпе төсеп, төрге отырғызды. Амандасып болғаннан кейін, Бұқар жырау:

— Жарқыным, бұл қай көшу? — деді әлі де сабасына түсе алмай.

— Шүршіт келе жатыр дейді ғой, — деді Тасболат ойлана, — Қашқардан қашқандар бар...

— Шүршіт келе жатса, Абылай бар емес пе?

— Арғы беттегі елді шүршіттер тып-типыл ғып өртеп жіберіпті. Құдіретті болса Абылай сонда қайда қалған?

— Арғы бетке шығып шүршіттермен соғысуға әлі ерте... Жұрт қашты деп, батыр қашпас болар...

— Қашпалық...Сонда не ұтамыз?

— Батыр Баян мұндай сұрақ бермес еді. Әне, ол халқы үшін жанын пида еткен жоқ па?

Тасболат үндемей ұзақ отырды. Әлден уақытта барып:

— Жарайды, ендеше, біз де көшпейміз, — деді.

Онын даусынан өзінің жеңілденіп қалғаны байқалды. Кім ата мекен жерін тастағысы келеді. Оның үстіне Қоқан ханының қоластына барып, көгере қоюына Тасболат күмәнді еді...

— Ал біздің жерімізге шүршіт келе жатса, Абылай бізге жәрдем қолын соза ма? — деді Тасболат Бұқардан көзін алмай.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий