Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астына жиналуы керек, — деді Бұқар жырау. — Абылай қол астындағы елін қорғауға тиіс. Ол қорғамаса Бөгенбай, Жабай, Сары-сынды батырлар бар. Солар қорғайды... Бұл арада сендер әзірге қазақ жерінің барлаушылары болып қала тұрасыңдар.

Бұқар бір қонып, ертеңінде еліне аттанды. Тасболат оның соңынан ұзақ қарап тұрды. Жырау сөзін ойға салды. «Исі қазақ Абылай туының астына жиналуы керек» деп қайталады ол ішінен. Жұрт Бұқар жырауды Абылайдың тіл мен көмейі деуші еді, сол есіне түсті.

ІІІ

Көкейтесті арманына жеткен Абылайдың көңілі ай-жай еді... Иә, Телікөлдің жағасына жиналған үш жүздің «игі жақсылары» оны «Үлкен Орда» ханы етіп ақ кигізге көтерген. Рас, бұл жиынға Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп руларының басты адамдары келмей қалды. Келмесе, өзі білсін! Абылайға қазір оның қандай маңызы бар? Бүгін келмегені, ертең келеді. Бүгін көнбегені, ертең көнеді. Көнбегенін ат құйрығына байлап, ақ сойылдың астына алады.

Ал қазір айбарынан сескеніп тізе бүккен қалың ел! «Ханның қаһарынан сақта!» деп жалбарынған ру басшылары...

Міне, бүгін, Абылайға осындай кіріптар болғанның бірі — Қоңыратқа жататын Божбан руы. Түркістан уәлиетін жайлайтын бұл рудың басшы адамдары жерінің жақындығын пайдаланып, Қоқан билерімен тіл табысып, Абылай қоластынан шықпақ болған. Саққұлақтары арқылы бұны біліп қалған хан, тал түсте Божбан ауылдарын шауып, басты адамдарын тұтқынға алған.

Далбасалаған ауыл ақсақалдары қайтсек Абылайдың көңілін жібітеміз деп, бар мал-мүлкін алдына әкеп тартып, қойнына ең сұлу қызын салды.

Хан қазір осы жас қызбен оңаша тігілген ақ ордада жатыр... Қоңырат етекті ел. Ұлы-қызы өлген-тірілгеніне қарамайтын намысқой келеді. Сөйтсе де қыз жеңгелерінің «Ханның көңілін таба білсең, еліміздің бағы жанғаны, ағаларыңның ажалдан аман қалғаны» деген сөзінен шыға алмаған. Жігіттердің анда-санда қалжыңдап, ақ төсіндегі тастай қатты қос анарына қолы тигені болмаса, пәк денесін әлі тірі жанға сипатып көрмеген жас сұлу сүттей адал абыройын ханға олжа етіп, елін апаттан, екі ағасын ажалдан алып қалмақ болған. Ол ұяттан екі беті оттай жанып, жүрегі торға түскен торғайдай діріл қағып, жарылып кетуге дайын тұрса да, ханның ыңғайына көне берді, денесіне хан салмағы қатты батса да, асау мінез көрсетпеуге тырысқан.

Ал бұл кезде Абылай жарлығын орындауға Божбан руының бас көтерген адамдарын хан нөкерлері алып келген. Олардың ішінде осы қыздың екі ағасы да бар. Қыз құшағында ләззатқа кенелген Абылайдың ойына кенет осы екі батырды өлтіру туралы берген бұйрығы түсіп кетті. Абылай езу тартты: «Жоқ бір қыздың қызығы үшін, ол бұйрығын бұзбайды, кімде-кім бұған қарсы тұрса осылай өледі!» Көп кешікпей ол, бөкеннің етіне тойып алып, маужырап ұйқыға кеткен жолбарыстай, тұла бойын бір рақат тыныштық билеп, көзі іліне берді.

Абылайдың қасында құты қашып үн-түнсіз жатқан қыз кенет:

— Хан ием, бауырларымның күнәсін кеше көріңіз... — деді жасқа булығып.

— Көрерміз... — деді Абылай ұйқылы-ояу.

Қос батырды өлім жазасына бұйырғаны тағы есіне түсті. «Оқасы жоқ... күні ертең-ақ екі ағаларының менің қолымнан өлгенін ұмытады. Тек хан қойнында жатқаны ғана есінде қалады».

Абылай қайтадан көзін жұмды. Бірақ дәл осы сәтте:

— Аттан! Аттан! — деген айқай шықты. Кенет қырқаны бауырлай шапқан аттардың дүбірлері естілді. Тынық түндегі оқыс дауыстар құлаққа қандай құбыжық боп жетеді, онсыз да елегізіп жатқан ауыл, үрпиісе төсектерінен атып тұрды. Үстеріне жыртқыш құс келіп қалған балапандай, бала-шаға көздерін тырналай ашып, у-шу боп жылай бастаған.

Ауыл сыртында да орда сыртында да, анау-мынау жаудан сақтап қалар қалқаны бар екенін білсе де, Абылай да орнынан ұшып тұрды. Тақа әбігері кетіп саспаса да үнемі жоқ жерден пайда болар соғысқа үйренген әдетпен жылдам киіне бастады. Шаңырақтан түскен ай сәулесіне шомылып, нағыз бір түнгі періштедей қолаң шашы жерге түсіп не істерін білмей, үй ортасында тұрған жас сұлуға сұқтана тағы бір қарады да:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий