Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Хун Ли қанша қаһарын төккенмен де, Абылай Россиядан қол үзбеді. Қол үзудің орнына, жұмсақ жастықтардың үстіне қанжар тырнақты аяқтарын қойып мүлги қалған айбарлы арыстанға ұқсас орыс бекіністеріне жақындай берді. Ал қазақ жеріне кіре берген қытай айдаһары, тұмсығын көкке көтеріп, күздің келіп қалғанын байқап, қандай қауіпке бара жатқанын енді сезіп, тез жиырылып кейін бұрылды да алдындағы. Тарбағатай тауына қарай қайта өрмеледі...

Қытай айдаһары орыс бекіністері тізіліп қалған бұл өлкеден оңай олжаға кенеле алмайтынын тез түсінген, Бірақ сол жылы ол қайтадан жүз сексен бес мың әскерін Шыңжаң шекарасына әкеп төккен. Россияның бұған қарсы шығар дәлелінің де, мүмкіндігінің де жоқтығын пайдаланып, енді ол бүкіл Орта Азияны жаулап алмақ болды. Қандай қауіп туғанын ұққан Хиуа, Бұхар, Қоқан, Ауғанстан әміршілері өзара араздықтарын тастап, бүкіл мұсылман қауымы боп шүршітке қарсы «газауат» соғысын ашуға ұран салды. Бұл ұраннан мұсылман дініндегі Абылай да, Кіші жүздің ханы Нұралы да бас тартуға тиісті емес еді. Өзі қол астына кірген Россияның Қытаймен тату-тәтті екенін сылтау етіп, Нұралы хан «газауат» күресіне қосылмады. «Газауатқа» бірікпеуге Абылай да жол тапты. Бір жағынан бұ да Россия қол астында бола тұрып, оның рұқсатынсыз Қытаймен үлкен соғысқа бара алмайтынын ескертсе, екінші жағынан өзінің шүршіт боғдыханымен келісімге келгенін айтты. Жақында ғана Абылай отыз ақ боз арғымақты тарту етіп, Ордашы биді бас етіп, Хун Лига отыз ақсақалын жіберген. Қытай боғдыханы бұны «бүкіл қазақ еліне бастық» және кімде-кім Цин мемлекетіне қастық етсе, оған өлім жазасына дейін үкім қолдануға қақысы бар деген «филин» — указ берген.

Ал шынында, Абылайға ата-бабасының дәстүрі бойынша мұндай келісімсөздердің құны бес-ақ тиын еді. Қағаз бетіне түспеген уәделерін қазақ хандары, көңіліне жақпаса, оп-оңай бұза беретін. Абылайдың газауатқа қосылмауына себеп болған — Орта Азия мұсылмандарының бір қауым бон, Ауған ханы Ахметті бар әскеріне қолбасшы етуі еді. Қазір Ахметтің қарамағында жетпіс бес мың әскер бар, егер шүршітпен соғыс ашпаған күнде, бұл қалың қол қайда барады? Көп жылдан бері үнемі соғысып, әбден қалжыраған қазақ жасақтары бұндай әскерге қарсы тура алар ма? Одан да... Түркістан жерінен көңілі бар бұл хандардың әскерлерінің қабырғаларын сындырып, шүршіттер ұйқы-тұйқысын шығарса бізге пайда деген. Әрине, күнгей жағыңнан шүршіттің көрші бола қалуы да қазақ еліне тиімді емес. Бірақ Россия бекіністері құр ғана қазақ жерінде ме, бір шеті шығыста, Қытай қабырғасымен шектес, сонау ұлы Мұхитқа дейін созылып жатыр ғой... Бұл Қытай боғдыханы санасатын жағдай.

Ал Абылай Шығыс мәселесін осылай түйіп қойып, Қызылжарда орыс тілін үйренген баласы Тұғылды бас етіп, өзін үш жүздің тағына бекітуін өтініп Петербургке, Екінші Екатерина әйел-патшаға елшілер жіберген. Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайды ақ биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп «Үлкен Ордаға» хан сайлағанмен, әйел-патшаның қол астындағы бар қазақ еліне хансың деген указы шықпаған. Әрине, бар қазақ еліне Абылай хан бола қалған күнде, осы мезгілді күтіп жең ішіне тығып келген қанды тырнағын ақ патшаның өзіне де көрсете бастауы мүмкін. Ресми түрде бекітілмей жатып, бар қазақ оны өзінің ханы деп танып, соңынан еруге бар. Ал бекітілген күнде... Жоқ, қатын патша ақымақ емес. «Есеңгіреген елге есті бастық беруге болмайды, одан да есеңгіреген елге есеңгіреген бастық берсең — қарамағыңдағы жұрт саған қарсы бас көтере алмайды».

...Абылай әдеттегісіндей ерте оянды. Таң селеуленіп атып қалды. Қыз көйлекшең бүкшиіп аяқ жағында отыр. Тарқатылып кеткен қою қалың шашы иығын көме, бүкіл денесін жауып, жерде шұбатылып жатыр. Тек боп-боз боп ақша жүзі ғана көрінеді.

— Қандай тілегің бар? — деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. — Айт, орындайын!

— Тілегім біреу-ақ...

Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий