Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан нем... Мұны мен де ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!

Қыз сөзі Абылайға ұнады.

— Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?

— Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...

Абылай езу тартты.

— Біз олардың «үйірін тапқанын» қайдан білеміз?

— Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.

— Ал ермесе ше? — деді Абылай.

Қыз қуанып кетті.

— Онда, мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес.

Абылай шаңырақтан көзін алмай бозарып келе жатқан таңға қарап ұзақ отырды. Иә, қол астынан қашып кетпек болған Қоңыраттың бірнеше адамын аямай жазалады... Ал қалғандарының көңілдері енді қалай қарай ауады? Үйсін, Жалайыр, Дулат, Албан, Суан сияқты Ұлы жүздің белді рулары не демек? Бұлар Абылайдың ісін қош көре ме, жоқ па? Бұл рулардың көп жігітті қазір хан жасақтарында. Ал ертең сол жігіттер қазақ елі Қоқан әскерімен бетпе-бет айқасуға тура келгенде Абылайдың қаттылығына өкпелеп, Қоқан жағына шығып кетсе қайтеді?

Хан қызға көз қиығын тағы бір аударды да ләм-мим деместен, орнынан тұрып, үйден үн-түнсіз шығып кетті. Ол тағы бозғылт ренді аспанға қарады. «Аққу құсты көрмегелі не заман!» — деді әлденеге күйінгендей, бірақ сол сәтте-ақ бойын жинап алды. Анандай жерде тұрған күзетшіні өзіне шақырды.

— Шабармандардан хабар бар ма?

— Әлі ешкім оралмай жатыр.

Абылай Қазықұрт жаққа көз тастады. Тау етегінде көрінген салт аттылар хан ордасына қарай келе жатыр. Кенет ат дүбірі естілді. Құйындата шапқан салт аттылар ауыл сыртына кеп тоқтай қалғанда, Абылайдың жүзі жылып сала берді. Бұл келген Қыпшақ Маңдай батыр мен Керей Жанай батырдың жасақтары еді. Олар осы Қаратау маңындағы ілік-шатыстарында қонақтап жүріп, елдеріне әлі қайта қоймаған-ды. «Аттан!» деген айқайды естісімен, Абылай ордасына жеткен беттері...

— Бұқар жырауға кісі жібердіңдер ме? — деді Абылай.

Дәйекші жауап қайтара алмай қалды. Ханның қабағы түйіліп кетті. Бір кезде өзіне тірек болған жырау мен ханның арасы күннен-күнге суйи бастаған. Қоңырат еліне істеген рахымсыздығын көріп, Бұқар жырау ашуланып, кеше хан аулынан жүріп кеткен.

Қазықұрттың күншығыс жағынан тағы бір шаң көрінді. Құйғыта шапқан шабарман атынан домалай түсіп, хан алдына тізе бүкті.

Алдияр, Жалайырдан бізге тек төрт-бес жүз ғана жігіт қосылатын түрі бар...

— Қалғандары ше?

— Қоқандықтардан қашпақ боп үйлерін жығып жатыр.

— Осындай хабарды Ұлы жүздің басқа руларынан да алдық! — деді дәйекші жігіт.

— Сонда қай жаққа қашпақ?

— Алакөл тұсына.

— Шүршіттің шоқпарының астына барып тығылмақ па?! — Даусының қалай қатты шығып кеткенін Абылайдың өзі де сезбей қалды.

Бірақ, түс ауа, шабармандардың айтқанындай халінің тақа жаман емес екені анықталды. Абылайға қанша наразы болғанменен шүршіт пен Қоқан озбырлығы түбі қатты тиетініне шек келтірмеген Ұлы жүздің көп рулары көп кешікпей өздерінің жігіттерін Абылайдың ақ туының астына тегіс әкелмек деген хабар естілді. Бұдан кейін, іле-шала Бәкей мен Садыр батыр бастаған Дулаттың қалың қолы келе жатыр деген сөз де ауыл шетінде дүңк ете қалды. Ал Сырғалы Елшібек батырдың дер кезінде жетуіне Абылайдың өзі де күмәнданбаған...

— Күнәкәр Божбан руынан жазаланбаған қанша адам қалды, — деп сұрады Абылай кәрі қылыш жасағының бастығынан.

— Алдияр, өзіңіз өлімге бұйырған көтеріліс басшыларының бесеуін ғана ат құйрығына байлап үлгірдік... Қалғаны қол-аяғы байлаулы отыр...

— Босатып жіберіңдер тірілерін!..

Тұтқыннан босанған Божбан жігіттері арқан батқан білектерін сипай, заматта үйді-үйіне тарай бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий