Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Тағанақ» кеңесінде қазақ елі қытаймен соғыспайтын боп шешілді. Келісім сөз жүргізгелі қытайдың ресми елшілері келгенін Әбілмәмбет ханның өзі хабарлады. Бірақ, Әбілмәмбет ханның айтып отырғаны — Абылай сұлтанның ойы екеніне де жұрт шек келтірмеді. Шүршітпен келісім сөздің басталуына қарамай көктем шыға үш жүздің жігіттерінен үлкен қол жинау керек деген хан тұжырымы да Абылайдан шығып отырғаны белгілі еді.

— Қалың қол шүршіттерді де тежеп отырады, — деді Абылай, — Қоқан билерінің де тәубасын ұмыттырмайды. Естуімше, Ерден мен Нұрбота билер Ташкент түбіне көп лашкарларын шоғырлап жатқан көрінеді... Келер жазға дейін біз дайын тұруымыз керек. Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің? Жау жағадан алғанда кермек татып не табасың? Қапылыста жинала қоюға, жер шалғай.

Үш жүздің «игі жақсылары» Абылайдың бұл ұсынысын әзер дегенде қабылдады. Өйткені Абылайдың қол астында мұндай әскердің болуы қайда апарып соғатынын олар жақсы түсінетін еді.

...Кеңес бітісімен жұрт елді-еліне тарады. Ең алдымен жері алыс Кіші жүздің сарбаздары өз мекендеріне беттеді. Содан кейін Ұлы жүздің батырларын, Орта жүздің де Торғай, Ырғыз, Баянауыл секілді алыстан келген жасақтарын қоныстарына қайтарып болып, Абылай енді өзінің қарамағындағы Арғын жігіттерімен Көкшетауға сапар шегуге дайындала бастады. Бұлар жүреміз деп атқа қонғалы тұрғанда, ордаға қос атты шабарман келді. Ол Әбілмәмбет ханның алдына кеп тізе бүкті.

— Хан ием, Лепсі өзенінің бойындағы он мың үй Садыр Әндижан төңірегіндегі ағайындарына көшпек боп жатыр!

— Неге? Қандай себебі бар? — деді Абылай даусы қаттырақ шығып.

Найманға жататын Садыр руы қытай басып алған бұрынғы жоңғар тайпасының жерімен шектес тұратын. Шабарман Абылайға бұрылды.

— Есің барда еліңді тап дейді Тасболат батыр. «Ақтабан шұбырындыда» қалмаққа жем болғандай, бұл Садыр енді қытайға жем бола алмайды дейді.

— Лепсіге жеткен қытай, Әндижанға жете алмайды деп ойлай ма екен.

— Онысын білмедім. Қоқан жағынан кісі келіпті. Сендерді қытай құртпаса, Арғын құртады деп, Нұрбота би кісі жіберіп азғырып жатқан көрінеді.

— Арғын құртқаны қалай?

— Әбілмәмбет ханды да, Абылай сұлтанды да Арғын елінің адамдары дейді.

— Сондай сөзге Тасболат батыр құлақ қойды ма?

— Құлақ қоймаса көшер ме еді? Жайшылықта салмақты Абылай күйіп кетті.

— Солай де! Арғындағы өшін менен алмақ болса, көрсетейін мен Садырға Абылайдың сойылын! — Ол есік алдында тұрған нөкердің біреуіне, — шақыр Бөгенбай мен Сырымбетті. Қонсын атқа қалың қолымен! — деп бұйырды.

Ордада бағанадан бері үндемей отырған Бұқар жырау:

— Сабыр ет, сұлтан, — деді. — Ел күйінсе де ер күйінбес болар. Бір жағы қытайдан, қала берді сендерден қорыққан Садырды шапқанда не таппақсың? Қол жіберудің қажеті болмас, он жігіт қосып бер, ол құтырған Найманмен өзім барып сөйлесейін. Көнбесе амал жоқ, сойылыңды сосын қолданарсың.

— Жырау дұрыс айтады. — деді Әбілмәмбет хан. — Қоқан жеріне бір шаңырақты да жіберуге болмайды.

Бұқар жырау қасына он жігіт ертіп, Қоқан хандығына көшкелі жатқан, Лепсі өзенінің Балқашқа құятын сағасында отырған он мың үйлі Садыр руына жүріп кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий