Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үй іші тына қалды. Ызыңдап ұшқан масаның дыбысы ғана естіледі. Батырларда үн жоқ...

— Бұнымыз қашу ғой! — деді Қаракерей Қабанбай ұнатпағам пішінмен.

— Иә, солай десе де болады, — деді Абылай саспай. — Бірақ бұл қазақ батырларының ажалдан қорқып қашуы емес. Әскерін сақтаудың амалы.

— Бұған біз түсінерміз-ау, — деді қанжығалы Бөгенбай, — соңымыздан ерген жұрт не дейді?

— Дер кезінде шегінбесек, енді жиырма күннен кейін, тек сіз бен біз ғана тірі қалармыз. Оның өзі де неғайбыл, — деді Абылай, — өлік жинаушылар кешегі айқаста жеті жүз кісі өлді деген хабар әкелді. Алдыңғы күні алты жүздей жігіт қаза болды... Күнде осындай шығын етсек санаңдар, қанша күнге жетеміз?..

— Абылай сұлтан жөн айтып отыр, — деді Жәнібек тархан қамшысын алдына тастап, — шегіну керек. Бірақ қай тұсқа барым бекінеміз? Соны ақылдасайық.

Мысқылшыл Қанай мырс етті.

— Торғайға тартамыз. Қытайдан қашсаң, ар жағында Орынбор бар.

Шүршітпен бетпе-бет кеп шайқасуды ғана білген кейбір қазақ батырларының бұл оқиғаны тереңірек ойлауға өрелері жетпей жүрген-ді. Сұңғыла Қанай көп адамның ойын айтып салған. Осы отырғандардың кейбіреуі Абылайдың Россиямен жақындасуын жөн көрмейтін. Тіпті оны айыпты санайтын. Бұлар қалай десе олай десін, Абылайдың көз алдынан жақында ғана болып өткен жоңғарлардың қанды қайғылы халі кетпейтін. Әттең не керек, жаңа әйел патша өзінің империясында не болып жатқанын әлі ұға қойған жоқ. Соның салдарынан Абылай да шүршіттің сазайын тартқыза алмай отыр.

— Жә, жетер! — деді ол ақырғы кесімін айтып, — қазақ елінің тағдырын көкпарға салатын заман емес. Көкше теңізге дейін шегінеміз. Одан әрі бармаймыз. Ал шегінген әскерге қалқан боп, әз жігіттерімен бір батыр қалсын!

Абылайдан батырлар ұйғарымынсыз үзілді-кесілді жарлық естіп көрмеген қолбасшылар не дерлерін білмей, абыржып қалды. Ешкімнен ақыл сұрамай, бұлай бұйыра сөйлеуі оның ел тізгінін өз қолына біржола алғанын аңғартқандай еді. Мұндай қылық тек Үлкен Орда ханына ғана лайықты болатын. Батырлар осылай абыржып отырғанда, Батыр Баян:

— Әскер соңында қалуға мен бармын! — деді.

Абылай орнынан түрегелді.

— Онда сөз осымен бітті. Жарықтық ақ бура қалай шөгіп жатыр екен, енді сопы көрелік...

Ақұрық шетінде жайылып жүрген ақ бура келе жатқан кісілерді көріп, бері беттеді. Абылай «бурашым, бурашым» деп еді, бір тізерлей барып, Көкше теңізге қарай басын бере шөге бастады...

... Екі жақтың негізгі күші түгіл қатынаспағанмен, бүгін тағы қырғын ұрыс болды. Тек ымырт жабыла, Абылайдың бұйрығы бойынша, қазақтың қалың қолы кейін шегінді. Беттерін Іленің төменгі сағасына бұрған қалың әскерді арт жағынан қорғап, өзінің таңдаулы мың атты қолымен Батыр Баян қалды. Бұлар бос жатқан жұрттың әр жерінен от жағып, әскердің шегінгенін жауға сездірмеу үшін алдамшы көрініс жасауға кірісті...

Негізгі қол Балқашқа қарай он бес шақырымдай өткенде ғана, жігіттер арасында күңкіл шыға бастады.

— Сірә, біз шегініп бара жатқан тәріздіміз ғой.

— Түн ішінде осыншама жедел жүргенімізге қарағанда, шегіну былай тұрсын, қашып бара жатпасақ нетсін.

— Қашсақ, қашып бара жатқан да болармыз. Олар тым көп қой.

— Көп деп жоңғардан қаш, қытайдан қаш... Әбден су жүрек боп өлетін болдық қой тіпті.

— Үндеме, шырағым. Біз шегінгенмен, шүршіттің қолында қалған ел ереуіл шығарып жатыр деседі...

— Оны Абылай біле ме екен? Қашқар, Құлжадағы ұйғыр мен қазақтар бас көтеріпті...

— Бұны саған кім айтты?

— Жұрттың бәрі айтып жүр ғой...

— Бәрі дейсің бе?.. Иә, солай шығар. Жұртқа не бетімізбен қараймыз. Қытайдан қорқып қаштық дейміз бе?

— Шырағым, біздің тағдырымыз қазір батырлардың қолында. Ал батырлардың тағдыры Абылайдың қолында. Шегінсек со кісінің ақылымен шегініп бара жатқан болармыз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий