Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Қоқан билері сенен қорқады».

Абылай «жақсы» деп, басын изеді. Ол түрегеліп еңгезердей өзбек құлына өзінің керегеде ілулі тұрған құндыз жағалы шапаны мен кәмшат бөркін кигізді. Серіктеріне құлды өзінің қағаз көшіретін хатшысы етіп алатынын айтты. Көп кешікпей Қоқан жағына Абылайдың бес жігіті жүріп кетті. Олар өздерімен тілектес саудагерлер арқылы, мылқаудың құлдықта жүрген екі ұлын сатып алуға тиісті еді...

... Күн ұясынан көтеріліп те үлгірген жоқ, Жоңғар қақпасының бергі бетінен дүркін-дүркін айқай-шу естілді. Қытай жағына жіберген Абылайдың ертөлелері, түнде Фу Де мен Чжао Хойдың әскерінің қосылған хабарын алып келді.

— Келген күштің негізі атты әскер, — деді барлаушылар. — Аттары да бұрынғыдай емес, қазақы жылқы. Шамасы, Қашқария мен Ұлы жүз ауылдарынан тартып алған секілді...

— Дегенмен жаяу әскері көп қой, — деді Абылай барлаушылар жасағының бастығы Сеңгірбай батырға қарап, — дәл бүгін олар майданға шыға қояр ма екен, қалай ойлайсың...

— Жоқ, бүгін олар ұрысқа шыға алмайды. Алыстан шаршап келді ғой. Ал кешегі соғысқа қатынасқандары олардан да жаман шаршаған. Түнде екі мыңға жуық өлік жинапты, оңай ма... Ал қазір олар қазан көтеріп, тары орнына, бүгін екі есе етіп күріш салып жатыр... Бұнысына қарағанда Чжао Хойдың әскерінің аман-есен жеткенін тойламақ тәрізді. Бізге қарсы тек шамалы қалқан қоймақ ойы бар.

— Жақсы, — деді Абылай. — Менің Ордама мың басы батырларды тегіс шақырыңдар...

Сеңгірбай алдыңғы шепке кетті. Жан-жаққа қолбасшы батырларды жинауға шабармандар жөнелді.

... Абылай Ордада жападан-жалғыз отырып, қалың ойға шомды. Ертең таңертең не істеу қажет, соны бүгін шешуі керек. Абылай қалай шешсе, таңертең ақ бура солай қарап жататын болады.

Қырғын ұрыс басталғалы, міне бірнеше күн өтті. Қырылған шүршіт бізден он есе көп дейік, бірақ Фу Де ме Чжао Хойға ол дым да емес. Ал қазақ еліне келсек... «Ақтабан шұбырындыдан» бері әлі бұрынғы санымызға жете алмай келеміз. Бізге әрбір жігіт қымбат. Жарайды, Фу Де мен Чжао Хойдың осы екі қолын жеңсін-ақ, сонымен соғыс біте ме? Қытай боғдыханы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы қолын жібереді... Жоқ, қазір қазақ елінің қытайдың мың басты айдаһарына қарсы тұра алар дәрмені жоқ... Ол айдаһардың қолына түскен қазақ рулары әзірге шыдай тұрсын...Тірі қалу үшін суыр болып жерге кіріп, таутеке боп құзға шықсын, әйтеуір, құрып кетпеудің жолын іздесін... Ал, қазір біздің борышымыз неде? Шүршітке қазақтың оңай жау емес екенін көрсетіп, әскерімізді аман-есен елімізге қайтаруымыз керек. Шүршіт соңымыздан қумақ болса, сонда көрсін біздің күшімізді. Әрине, ақылы су боп кетпесе бізді қумайды... Қумаса теңбе-тең түскен боп айрыламыз...

Ал әскерімізді қайткен күнде де аман сақтауымыз қажет. Қоқан билері Мүлікті босқа жіберіп отырған жоқ қой. Олардың ойы ап-айқын: шүршіттер қазақ жауынгерлерін қырып жатқанда, сұрқия Мүлік қазақтың болашақ ханын өлтіреді... сол кезде Қоқан әміршілеріне кім қарсы тұра алады? Баз баяғы қазақ елін талан-тараж етіп, талап алмақ. Әрине, қоқан билері өздеріне ең қолайлы жерлерді күні бұрын белгілеп қойғандары да мәлім, әйтпесе Арал теңізі тұсында олардың жасақтары текке көрінбесе керек-ті. Шүршіт шапқыншылығы олардың ойына да келер емес. Алла-тағала өзінен өзі сақтап қалатындай көреді. Шүршіт пен Қоқан эмиратының ортасында қазақ қолдары тұр. Надир-шахтың Хиуадағы құлдары да қытай айдаһарының бар екенін естерінен шығарған. Бар айналдыратыны қазақ елі. Бізге тиіспеген, көз алартпаған бір күндері жоқ. Қытай боғдыхандары алда-жалда қазақ әскерін құрта алса, шүршіттен бұлар аман қала ма? Өгізге туған күн бұзауға да тумай ма? Иә, сөйтеді. Ал, кенет олар бізбен біріккен күнде де, қытай айдаһарына Қоқан мен Хиуа да төтеп бере алмайды... Сондықтан әзірге...

— Бүгін түнде біз кейін шегінеміз, — деді Абылай, батырлар әскери кеңеске жиналып болған соң, — артымызда қуғыншыларға төтеп беретін болмашы қалқан ғана қалады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий