Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол осылай не істерін білмей, мазасы кетіп, әбігерленіп тұрғанда Ақ ордадан Абылайдың өзі шықты. Мүліктің жүрегі жиі-жиі соқты. Абылайдың бойшаң тұлғасы ай сәулесіне бөленіп, бұрынғысынан да ұлғайып, айбарлана түскендей. Бірақ Мүліктің әккі көзі оның қарусыз екенін бірден шалып қалды.

— Азырақ ауа жұтқан жөн болар! — деді Абылай кетіп бара жатып, артына бұрылып қарамастан.

— Жақсы, соңыңыздан мен ерейін, — деді Мүлік, сосын Нұржанға бұрылды, — Нұреке, Орда есігін сіз күзетіңіз... Біз жоқта үйге біреу-міреу кіріп кетіп жүрмесін...

Абылайдың езу тартып кекете күлімсірегенін Мүлік көрген жоқ. Ол қолындағы шиті мылтығы мен беліндегі қанжарын шешіп алым, Орда қабырғасына сүйеді. Қарусыз қолбасшы дәретке барарында соңынан еретін күзетшінің де қарусыз болуы ежелден келе жатқан тәртіп.

Абылай таң қараңғысына көзін сәл үйретіп тұрды да, Ордасының оң жақ іргесінен екі жүз қадамдай жердегі сайға қарай аяңдады. Арт жағында ілби басып Мүлік келе жатыр. Кенет ол ышқырындағы алмас пышағын қынабынан суырып алды. Абылай сәл кідірді.

— Мынау ағараңдаған не?

— Өзіңіздің ақ бураңыз ғой...

— Жарықтықты кешеден бері көрген жоқ едім, күндіз Орда маңында болды ма?

— Иә, кешке таман бір көргенімде алдыңыздағы сай жағасында тұрған-ды...

Бұлар таяған кезде ақ бура орнынан түрегелді. Абылай оның қалай қараң жатқанын аңғармай қалды.

— Жарықтығым, барсың ба? — деп жанынан өте берді. Ол сайдың қабағындағы қалың бұтаға қарай аяғын бірер басты да, арт жағынан «Алла!» деп бір-ақ рет бақырып қалған дауысты естіп, жалт бұрылды. Дауыс адам айтқысыз үрейлі шықты. Абылайдың жалт қарағанда көргені — өзінен бес қадамдай жерде Мүлікті желкесінен тістеп ап, жерге алып ұрып, аяғымен тарпып-тарпып жіберіп, үстіне шөге берген ақ бурасы болды. Дауыс шыққан жерге Нұржан да, өзге күзетшілер де жүгіріп келген.

— Уа, не болды? — деді Нұржан даусы дірілдеп. — Әйтеуір, өзіңіз амансыз ба?

Абылай ақ бураны көрсетті.

— Күзетші Мүлікті ақ бура басып қалды. Қазір астында жатыр.

— Ойпырмай, не дейсіз. Ой, жануар... — Нұржан бураға қарай тура ұмтылды.

— Тиме! — деді Абылай ақырып. Нұржан кілт тоқтады. Несі қалды дейсің.

Жұрт не істерін білмей тұрып қалды. Әлден уақытта ақ бура түрегелді де қара түнге кіріп жоқ болды.

Бір жас жігіт шақпақ тасын ұрып, от тұтатқан. Лaп етіп жанған кепкен қурайдың жарығы қанды оқиға болған жерге түсті. Жұрт мылжа мылжасы шыққан Мүліктің денесі мен қасында жатқан түсі суық жалаңаш қанжарды көрді. Мүліктің тісі ақсиып кеткен. Сықылықтап күліп жатқам адам тәрізді... Оның қылышы мен садағын тастап кеткенін көрген Нұржан бір сұмдықтың бола жаздағанын енді түсінді.

— Япырмай, ә... — дей берді. — Ақ бура болмағанда... мына сұм сізді өлтірмек екен ғой..

Абылай үндеген жоқ. Аяғын саспай басып Ордасына кіріп кетті.

Аңыз бұл оқиғаны бізге осылай жеткізді. Тек ажалдан құтқарылған Абылай, Мүліктің «соңыңыздан ерейін» деген сөзін естігенде, күлімсіреген жерін ғана аңыз айтпайды.

Ал сұлтан болса, Ақ ордаға кіріп бара жатып, кешегі хатты өзіне кім жазғанын ойлауда еді. Ол хаттың шетінде «Мүлік» деген, көзге көрінер-көрінбес сөз де бар-ды. Дос адам шынын жазған екен. Оны ақ бура айқындады. Абылай Ордасының есігін аша беріп тағы Күлімсіреді. «Кісі алатын бір бура он күзетшіге татиды екен-ау».

... Күндегі уақытынан сәл кештеу оянған Абылайға таңертең күзетшілері мылқауды алып келді. Абылай екеуі оңаша қалған. Өзбектің тұнжыраған бетіне ұзақ қарап отырды да, қолына бор алып, жанындағы дөңгелек столдың бетіне араб әрпімен:

«Кеше менің басымдағы қалпақты атып түсірген сенсің бе, жігітім?» — деп сұрады.

Мылқау борды алып жазумен жауап қайырды.

«Менмін».

«Мергендігің үшін көп рахмет!»

«Рахметті ең алдымен жазмышыңа айт».

«Мүлікпен екеуің қайдан келдіңдер?»

«Қоқаннан...»

«Кім жіберді?».

«Ерден мен Нұрбота билер».

«Қандай шаруамен?»

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий