Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Кеше құдай он тілегімді бергенде, бүгін бір тілегімді бермей ме? — деп жау шебіне қарсы шаба жөнелген. Абылай «тоқта» деуге де үлгермей қалды. Бір заматта Бұқар оң қолының қарынан оқ тиіп, өз кісілерінің жанына әзер жетті. Бұқарды Абылай елге қайтарып, қасына енді Тәтіқара жырауды алды.

Абылай тұрған қыземшек биік шоқының басынан көз жететін адыр-қырқа беттері тегіс көрінеді. Оның қасында қазір төрт-ақ адам бар: Қанай, Бекболат, Тәтіқара және Сырымбет батыр. Өзге батырлардың бері де майдан даласында.

Қырағы көзді Абылай арғы белестен тағы бір лек қытай әскерінің төмен түсіп келе жатқанын көрді. Құдайға шүкір, әйтеуір әлі Чжао Хойдың көк найзалы атты әскерінің шаңы шыққан жоқ.

«Бүгін кешегідей емес шабуылдары анағұрлым бәсең, сірә Чжао Хойдың атты әскерін күтіп тұр-ау, — деді ішінен Абылай, — бәлендей қауіп туа қоймас».

Абылай күнбатыс жаққа бұрылды. Таң атқалы уақыт мөлшерін де байқамапты, күн бесіндіден еңкейіп бара жатыр екен. Бірдеме айтпақ боп ол енді Қанайға қарай беріп еді, кенет басындағы қалпағы анадай жерге ұшып түсті. Абылай жалт бұрылды. Қалпағы жерде жатыр. Тазқараның тайлақ жүні қадалған жеріне қағаз байланған қозы жаурын садақ оғы қалпақтың дәл айыр ұшына кеп шаншылыпты. Абылай жылдамырақ қимылдап қалпағын жерден өзі көтерді. Қағазын жұлып алды да, жебені лақтырып жіберіп, оқ тескен қалпағын айналдыра қарап шықты. Егер жебе төрт елідей төмен тигенде, Абылай сұлтан бұл дүниеге жоқ екен.

— Япырмай, қандай мерген еді! — деді ол кім болса да қалпағына дәл тигізгеніне таң қалып. Сөйтті де қолындағы қағазға көз жүгіртті. Әдемі әріппен әлдекім: «Абылай, сақ бол, бүгін түнде күзетші бір жақының сені өлтірмек. Қайсы екенін анық білмеймін» деп жазыпты. «Оқ сол жағымнан атылғандай болып еді, кім де болса, өз әскерімнің ішіндегі бір дос-жар кісі жазған болды», — деді Абылай ішінен, қағазды ұп-уақ етіп жыртты да лақтырып жіберді.

Абылайдың қағазды оқығанын көріп, сұп-сұр боп түсі қашып кеткен Бекболат би:

— Жақсылық па, жарқыным? — деді.

— Жәй әшейін... Жауды қашан жеңеміз деп сұрайды. Сірә ұрыстан шаршаған біреу болар.

Әрине, Бекболат Абылайдың сөзіне сенген жоқ, бірақ одан әрі қазбаламады.

— Мерген-ақ жігіт екен...

— Айтпаңыз.

Абылайдың бағы өскен сайын қасы да көбейген. Оған бүгінгідей садақ оғы жасырын жерден талай рет атылған-ды. Түбі Абылай хан бола қалса, қарамағындағы елдеріне биліктерінің бұрынғыдай жүрмейтінін сезетін бақ күндес төре тұқымдары да оған жамандық ойлай бастаған. Бұны білетін Абылай жанына халыққа қадірі бар батыр, жырау, шешендерді көбірек жинауға тырысқан.

Абылайға қарсы бидің бірі Бекболат еді. «Хатта не жазылыпты?» деп ол босқа сұраған жоқ-ты. Әкесі қаз дауысты Қазыбектей емес, Абылай дәрежесінің бұлай көтеріле беруін ұнатпайтын. Және өзінің қарсы екенін жасырмайтын да. Тек ел шетіне жау келе жатыр дегенді естігеннен бері ғана райынан қайтқан. Қазір қазақ елін тағы бір апаттан алып қалу үшін Абылай секілді ер жүрек, табанды адамның соңынан еруді Бекболат мақұл көрген. Қорқынышты хабар тараған күннің ертеңінде өз жігіттерімен Абылайдың жасағына келіп қосылған. Ал сол Абылай Бекболаттан сырын жасырып тұр. «Ол қағазда не жазылды екен? Сұлтан соншама неге сұрланып кетті?» Абылай батып бара жатқан күнге тағы бір қарап қойды. Жау шебінен «бүгінгі ұрыс бітті» деген дабыл үні естілді.

— Жарайды, — деді Абылай, — бұ жолы біз шүршіттердің дегеніне көнейік. Бүгінгі ұрыс осымен аяқталсын...

Қазақ дауылпаздарының дүңкілі де кең даланың үстінде қалықтай жөнелді. Сол-ақ екен екі жақтың әскері екі бөлініп, кейін қарай серпілді. Ай туа майданға ат-арбалы өлік жинаушылар келді. Майдан шекарасында екі жақтың күзетші әскерлері бір-біріне көрінбей, жыра-сайларды бүркеніп, түнгі шептерін құрды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий