Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Баянның жүрегіне біреу қанжар сұғып алғандай болды. Жайшылықтағы әдетіне салып, «ала қой» дей алмады. «Жоқ, бұл жолғы сұрағаныңды бере алмаймын» деуге інісінің көңілін тағы қимады. Аузына сөз түспей көп тұрды.

— Мұндай сауға тілеуге, Ноянжан, сен әлі баласың ғой, — деді бір уақытта даусы қарлығып. — Ер жет, саған бұдан да сұлу қор қызын әкеп беремін.

— Жоқ, көке, маған қор қызының керегі жоқ, осы сұрағанымды бер, — деді Ноян, жоңғар қызының отты жанарының лебіне еріп бара жатқандай, екі беті бал-бұл жанып.

Дәл осы сәтте Құралай сұлу үн қосты.

— Көкежан, — деді бұ да Батыр Баянның туған қарындасындай еркелеп, — менің әкем жоқ қой, сізді бұдан кейін «Көке» деп атаймын. Беріңіз ініңіздің бір тілегін. Мен де сізден соны қалаймын.

Өзіне Жоңғар лебізімен қазақша тіл қатқан сұлу қыздың сиқырлы сөзін естігенде, Батыр Баянның жаны бұрынғысынан да күйіп кетті, не дерін білмей.

— Жақсы, кейін көрерміз! — деп атына қамшыны басып қап, ауылға қарай шаба жөнелді.

Осы күннен бастап, Ноян мен Құралай арасында махаббат оты өрши түсті. Қыз жігітті қанша жақсы көрсе де қызыл ернінен сүйгізуден артыққа бармады. Ноянның махаббаттан есі ауып, басы айналды. Қыз одан көрі естияр еді. Әкесінің Батыр Баян қолынан қалай өлгенін көз алдына елестетсе-ақ болғаны, өз бойын жинап ала қояды. Өне бойын кек кернеп, қатуланып кетеді.

Ал Батыр Баянның жүрегі қан жылауда еді. Екі жастың бірін-бірі шын сүйгенін көрген сайын, өртене түседі. Ер жігіттің ғашықтық сезімнен арылуы, көк темірдің суарылып, құрышқа айналуымен тең. Өз жүрегін қайта соқтыру үшін, оған енді басқа адам боп туу керек. Бірақ ел-жұртының намысы, тәуелсіздігі үшін жанын қиюға дайын Батыр Баян, жақсы көрген інісінің көңілі үшін, өзін-өзі қиянат жолынан ұстай білді. Жүрегі оттай өртенсе де, Ноянға Құралай сұлуға үйленуге рұқсат етті.

Ағасының мұндай жомарттық еткенін естіген Ноян сол күні кештің батуын, аяғымен шоқ басып тұрғандай шыдамсыздана күтті. Көшпелі елдің қыз бен жігітінің бірін-бірі жақсы көруі таза, риясыз түсінікті келеді... Қой қораланып, сүт пісіріліп, қыз-қырқын алтыбақанға шығатын мезгіл де жетті. Лақтырған ақ сүйекті іздеген боп өзгелерден бөлініп кеткен Ноян мен Құралай сай жағасында оңаша кездесті. Жігіт жүрегі алабұртып, ағасының Құралайды өзіне сауғаға қиғанын айтып берді. Қыз бұл сөзді естігенде жігіттің құшағына кіре солқылдап жылап жіберді. Бірақ сол сәтте кенет оның көз алдына баяғы бір сурет тағы елестеп кетті. Батыр Баян сүңгіте салған көк найзадан өліп бара жатқан әке, су жағасында жер құшақтап боздаған ана... Соның бәрін кешіп, енді міне ата жауының інісінің құшағында түр! Неткен опасыздық!

Құралай бойын жинап алды.

— Ноян, — деді ол ыстық жасы бетін жуып, — дүниедегі жалғыз арманым өзің болдың. Сенші... Мен мәңгі сендікпін... Бірақ жалғыз ғана тілегім бар. Бер соны.

— Бердім. Айт.

— Көкең Батыр Баян шапқан елде жалғыз анам қалған еді. Мені әкетіп бара жатқанда, жер бауырлап жатып: «Құлыным, менің ақ батамды алмай ерге шықпа!» деп еңіреп қалып еді. Ана тілегін ақтауға ант беріп едім. Сол антымды орындауға мұрша бер, содан кейін мен мәңгі сендікпін.

Жігіттің жүрегі дір ете қалды, қолындағы ақ құсының енді мәңгі ғайып болғалы тұрғанын сезгендей:

— Сонда мен не істеуім керек? — деді абыржып.

— Жоқ, сен ештеңе де істеме. Сені мұнда тастап өзім де кете алмаймын. Кішкентай жүрегімді білегіңе шынжырлап байлап қойғандайсың. Ол шынжырды үзетін менде құдірет жоқ. Бар тілегім біреу-ақ: екі жүйрік ат әкел. Таңды күтпей біздің елге қашайық. Тірі болса кәрі анамның батасын алайық, өлі болса басына барып әйбатмия қызыл гүл қояйық. Содан кейін мен мәңгі сенікімін. Жарың етпей күңің етсең де өмір-бақи ризамын. Тек жүзіңді көріп, маңайыңда жүрсем болғаны.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий