Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Әбілқайыр хан райынан мүлдем қайтып, біржола Россия патшалығына арқа сүйегісі келсе де ме?

— Бәрібір, — деді Неплюев. — Енді Әбілқайыр райынан қайта ма, қайтпай ма, маңызы жоқ. Өзінен ақылды жас шықса, кәрінің оған жол беруі жаратылыс заңы...

«Ол жасың Әбілқайырдың баласы Нұралы ғой! — деді ішінен Құдабай. — Нұралы шу бастан әзін дұрыс ұстап келеді. Бірақ Әбілқайыр тәрізді көкжалдар бір бұлқынғанында жоқ қылғалы тұрған арыстан ашуланса, Нұралы секілді көжектің несін қалдырады?»

— Сонда... Біздің ханымызды орнынан түсірмексіздер ме? — деді тәуекелге бел буған Құдабай, — сенат ол туралы указ берді ме?..

— Өйте қояр ма екен... — Неплюев енді Құдабайға ызғарлана қарады.— Патша үкіметінің Әбілқайырда енді шаруасы жоқ. Қазақ сұлтандарын өзіне қарсы қойған екен, жауабын да өзі берсін...

«Сонда Әбілқайырды о дүниеге қай сұлтан жөнелтуге тиісті? — Құдабай тіпті терлеп кетті. — Губернаторы қайда бастап барады?»

— Меніңше қазақ еліндегі оның қас жауы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет, — деді Құдабай. — Екеуінің арасындағы бақ таластық...

— Жоқ, Орта жүздің ханы бұл іске жарамайды. Әбілмәмбет Әбілқайырды өлтіріп, бүкіл Кіші жүзді өзіне қарсы қояр ақымақ емес. Басқа қайсысы бар?

— Барақ сұлтан... Екеуінің арасындағы өшпенділік бірін-бірі нағыз өлімге қиярлық жағдайда. Оның үстіне Барақ сұлтан орыс қалаларының қазақ жеріне салына бастауының бас айыпкері Әбілқайыр хан деп санайды, Кек алуға ол тайынбас...

— Иә, Барақ сұлтан бізге де дос емес, «қол астына кірдік» деген анты құр шығарып салма сөз. Шын беріліп жүрген ол жоқ. Міне, осы Барақ сұлтанды пайдалану керек...

— Сонда маған не бұйырмақсыз?

— Барақтан жоңғар қонтайшысы құнын сұрамайды. Рақметін айтады, сенің міндетің — Бараққа біздің ойымызды сездіру... Және Россия патшалығының да қуғын салмайтындығына сендіру.

— Жоңғар мен орыс патшасы Әбілқайыр үшін, Барақты дарға асып, оққа байламайды делік. Бірақ мұндайда жайшылықта жек көргенмен, хан құнын жоқтар Кіші жүздің рулары бар емес пе? Барақ олардан сескенбей ме? Қанша көкжал дегенмен, оған да жан керек қой.

— Кіші жүз руларын Нұралыға жібер. Болашақ хан өзіне бағынышты елімен тіл табысар...

— Ал өзім жайында...

— Өзің жайында қам жеме... Россия империясы өз адамын қашан да қорғай білген.

Қанша сұм болғанмен, Құдабай осынау бір алыста жатқан сұмдықтың ызғарынан өзін тоңып кеткендей, бозара қалды. Тыңшысының мұндай халін алғашқы рет көрген Неплюев оның көңілін ашқысы келді.

— Орынборға көптен бері келген жоқсың ғой, — деді сөзді басқа жаққа бұрып. — Губернатор кассасында бірталай еңбек ақың жатыр. Соны ала кет.

Жаңа ғана салы суға кетіп тұрған Құдабайдың түрі енді жайнап сала берді.

— Менің еңбегімді ұмытпағаныңызға мың да бір рақмет! — деді Құдабай басын иіп. — Жаңағы тапсырғандарыңыз бұлжытпай орындалады.

Елге қайтқаннан кейін Құдабай Хиуа ханының қол астында жүрген Барақтың үлкен баласы Ханбаба арқылы сұлтан Неплюевтің ойын жеткізді. Ханбабадан да шапан киіп, ат мінді. Енді ол Әбілқайырға да Орынбор губернаторының бар сырын жайып салды. Тек Ханбабамен сөйлескенін ашқан жоқ. Ханнан да кәмшат ішік киіп, жорға мінді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий