Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұнымен қатар Орынбор губернаторы Кіші жүздің еліне Жайық өзенінің арғы бетіне мал жаюды тоқтатуды бұйырды, Жайық пен Еділдің ортасында бұрыннан көшіп жүрген кейбір рулар енді бұл араны тастап, Жайықтың бергі бетіне қуып шығарылсын деді. Ал бұған қазақ ауылдары көнбейтіндей ниет көрсетсе, осы маңдағы казак-орыстардың қарулы күштерінің бас қолбасшысы подполковник Ртищевке қалмақтың қарулы әскерлерін қазақтарға қарсы қолдануына рұқсат етілді. Және қалмақтарға қазақтардан талап алған мал-мүлік, тартып алған жерінің бәрі өздерінің қарамағында қалатынын айтты. Ал бұндай шараларға көнбей қарсылық істейтін қазақ ауылдарының басшыларын, сенат өзінің бір мың жеті жүз қырық төртінші жылғы бесінші марттағы указы бойынша «ұстап алып, Орынбордағы Роговик, Сібірдегі Нерчинскийдің күміс шығаратын заводтарына жер аударылсын» деп жарлық етті. Бұл шара аз болғандай, бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы Сыртқы істер коллегиясы қазақ елі Жайық өзенінің оң жағына малдарын айдамас үшін, бұл өзеннің сол жағасы Каспий теңізіне дейін күзді күні өртелсін деп бұйырды. Бұнымен қатар орыс бекіністерін қазақ ереуілшілерінен сақтау үшін қазақ жеріне қарулы әскер шығаруға указ берді. Бұл указ бойынша, қарулы әскер қызметін Жайық бойының казак-орыстарына міндеттеді. Оларға қазақтардың жылқыларын ғана айдап алу емес, өздерін де тұтқын етіп, жер аударуға рұқсат етілді. «Шаш ал десе бас алатын» казак-орыстар енді ойларына келгенін істеуге еркіндік алды.

Мұндай жағдай тек қана Жайық бойында емес, Сібір губернаторының қарамағындағы қазақтарға да қарсы пайдалануға бұйырылды.

Бұл қысым жалғыз қазақ кедейлеріне ғана емес, жақында ғана кеп, жаңа жерге қоныс тепкен орыс шаруаларына да түсті. Патша қанауына шыдай алмаған бұқара арасында Пугачев бастаған көтеріліс белгі бере бастады. Бұған қазақ, башқұрт секілді ұлттардың кедей тобы да қосылды.

Неплюев қазақ елі мен патша үкіметінің арасындағы қырғи-қабақтықты бәсеңдетудің бір айласы бітім сөз жүргізумен қатар, қазақ даласымен сауда-саттықты кеңейте түсуде деп ойлады. Ол, тіпті, бір мың жеті жүз қырық жетінші жылы Сыртқы істер коллегиясына берген рапортында: «Бұл халықты құр қорқытумен ғана емес, көбірек сауда-саттық секілді жақсылық істер арқылы да бағындыру жолын ойлауымыз керек» деп жазды. Егер бұған қазақ елі көнбейтін болса, оларды күшпен бағындыру үшін, өзіне және Ойыл жолындағы әскердің бастығы генерал-майор Штокманға Жайық қазақ-орыстарынан екі мың, Орынбор мен Op бекіністеріндегі әскерден бес мың солдат берілуін сұраған. Түбі бұл әскер аз бола қалса, тағы қалмақ, башқұрт, шоқынған татарлар мен мешерлер секілді Россия патшалығына бағынышты бұратана ұлттардан он мыңға тарта қарулы адам қосылсын деген. Әрине, осыншама әскерді Неплюев неге сұрап отырғаны Сыртқы істер коллегиясына да айқын еді.

Осындай жағдайда қазақ елінің өз тәуелсіздігін сақтап қалуы екіталай шаруа.

Бір жағынан жиырма мың әскерін жалақтатып жоңғар қонтайшысы Қалден Церен, екінші жағынан дәл осындай әскерін қазақ жеріне кіргізе бастаған орыс патшасы. Жан алқымға енді келді. Хан мен сұлтандар өздерінің жолын тауып жатты: бірі орыс патшасына қызметке кірді, бірі Жоңғар қонтайшысымен ауыз жаласпақ болды. Ал қара халық ше? Жерінен, бостандығынан айрылуға жақын қалғанын сезіп, жанталасты.

Орыс патшасы арқылы «жұмақ орнатам» деген Әбілқайырдан да, Жоңғар қонтайшысы арқылы тыныштық әкелем, атамекен Түркістаныңды қайтып әперем деген Әбілмәмбеттен де халық суи бастады. Білегін сыбанып жіберіп, ол енді батыр жігіттерінің соңына ерді. Орыс патшасы салдырған бекіністерді шапты, керуендерін тонады, патша солдатының қолынан бір шаруа өлсе, оның құнын екі есе қайтаруға тырысты. Осылай Кіші жүздің көп рулары атқа қонса, Орта жүздің жігіттері де бос қалмады. Әбілмәмбет ханнан көрі, енді олар өз араларынан шыққан Баян, Малайсары, Бөгенбай, Бұқарбай, Олжабай, Елшібек секілді батырларының жасағы боп, тұс-тұстан Жоңғар қонтайшысының үстемдігіне қарсы шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий