Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қазақ хандарының өзара жау болуы Россияға қаншама тиімді болғаныменен де, Әбілқайырды біржолата шошытып алмайын деп, Неплюев оған «қандай қиын істі болса да татулықпен шешуге тырыс» деп ақыл берді. Оның үстіне Әбілқайырға өз қарамағындағы орыс қарашекпендерімен жақынырақ отыру үшін, Елек пен Берді өзендерінің бойында көшіп жүруге рұқсат етті. Бұл соңынан қазақ еліне деген үлкен жақсылық боп табылды. Осы арада Кіші жүздің ең алғашқы егінші жұрты пайда болды. Ал ханның өзіне «орыс бекіністерінің қайсысына болса да кіріп жүруге еріктісің» деді. Сондай-ақ Кіші жүздің ханын қазынаның астығымен қамтамасыз етуді орыс әкімшілігі өз міндетіне алды. Неплюев осы болмашы істің бәрін патша ағзамның Әбілқайырға ерекше көрсеткен құрметі деп ұғындырды. Бұның бәрі жылаған баланың қолына бір үзім нан ұстатқанмен бірдей, Орынбор губернаторының шығарып салма саясаты екенін Әбілқайыр түсінсе де, қарсы ештеңе айта алмады.

Еділ қалмақтары мен қазақ елінің таласын да Неплюев оңай шешті. Достастырып, бірімен бірі қарым-қатынасын жөндеп, ел боп араласып тұратын келісімге келтірудің орнына, «Еділ қалмақтары, сен Жайықтың бергі бетіне өтпе, ал қазақ елі, сен Жайықтың арғы жағасына шықпа» деп үкім айтты. «Тұтқындарымызды қайтарып берсін» деген Еділ қалмақтарының өтінішіне, Жәнібек: «оларды қайтару мүмкін емес, біз сол жылы-ақ қалмақ тұтқындарын Хиуа, Бұхар базарларына сатып жібергенбіз» — дегеннен кейін, Неплюев бұл мәселені соңынан қарамақ болды. Осылай тынымды ештеңе өндіре алмаған Еділ қалмақтарының елшісі де іштей тынып еліне жүріп кетті.

Бүл мәжілісте тікелей өз басына олжа тапқан тек Жәнібек болды.

Келісім сөз қызу жүріп жатқан кезде, қалт еткен бір үзілісте Неплюев қонақтардың басты адамдарын өзінің шатырына жинап, қазақтың, қалмақтың, башқұрттың сұлтандары мен батырларының алдында тамаша бір шабытты үнмен Елизавета Петровнаның указын оқып шықты.

Бұл указда патша ағзамға көрсеткен адал қызметі үшін Жәнібекке қырғыз-қазақ халқының бірінші тарханы деген атақ берілді. (Бұл Россиядағы фельдмаршал дәрежесімен тең еді). Егер патша ағзамға адал қызмет істесе, тархан атағы оның балаларына, ұрпақтарына дейін мирас етіледі делінген.

Указды оқып шыққаннан кейін жаңа тарханның құрметіне барабан соғылып, зеңбіректерден салют берілді.

Қошамет көрсеткен жұрт гуілдесіп кетті.

— Уа, Шақшақ, атың бәйгеден келді!

— Даңқың аса берсін, Жәнібек!

— Тархан дегені хан дегені ме екен? Қарадан да хан шығады екен-ау!

— Шап ауылға, сүйінші сұра!

— Уа, Арғын атам, бір көтердің ғой аруағымды! — десіп, бүкіл дала шуға толып кетті.

Тархан? Бұл қай халықтың тіліндегі сөз. Дәрежесі қандай болмақ? Жәнібекке бұл атты сұрағалы қашан! Патша ағзам указын әне берем, міне берем деп, Жәнібектің алдына оны қызыл түлкінің құйрығындай бұлаңдатты да қойды. Ақыры берді-ау әйтеуір. Бұрын өзі тілектес боп жүрген Әбілқайырдың қиялы қазір алай-түлей. Бұл не? Қызғаншақтық, әлде көре алмастық па? Ағайынды екі адам бәйгеге ат қосып, ағасының аты келсе, қызғаншақ болса, інісінің жаны күйінеді. Бұ да сондай бірдеңе... Әйтпесе Әбілқайырға Жәнібектен жақын кім бар? Туған балалары да ханға бұдан артық жақсылық ойлаған емес.

Жәнібекке тархан аты берілгенде шаттанғандары көп, жанына қызғаныш шоғы түсіп, күндестік сезім билегендер де аз емес. Ондайлар құр күлген, қуанған болады. Бірақ, көздерінде ызғар, еріндерінде кекесін ізі байқалады.

Ал, Неплюевтің өз есебі өзінде, «Бала секілді, бұлардың қуануы да, ренжуі де оп-оңай. Мұндай елді басқару қиынға түспейді. Егер біреуді мерт еткің келсе, өзгеден оның дәрежесін жоғары көтере қойсаң болғаны».

... Жалпы келіссөздер бітіп, қонақтар тарқардан бір күн бұрын Неплюев Құдабайды тағы шақырды.

— Әбілқайыр хан көптен бері Сырдарияның етегіндегі құлап қалған көне қала Жанкентті қайтадан жөндеуді сұрап жүргенін білесің бе? — деді.

— Білем...

— Не үшін екенін де білесің бе?

— Мүмкін Жоңғарға таяу тұрғысы келетін шығар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий