Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал, құрметті қонақтар, мына шарапты Россия елінің шын досы, Кіші жүздің ханы, ұлы Әбілқайыр үшін алып қоялық, — деді.

Столдың бір жағында отырған бір топ «Ура!» деп шу ете қалды. Бұл драгун, гренадерлер тобы еді.

Бұл жолы молла үгіт жүргізген жоқ. Біреулер ішті, біреулер шыныға қолын да тигізген жоқ. Тек әр жерден естілер-естілмес күңкіл үндер шығады.

— Мәртебең өсе берсін, Әбілқайыр!..

— Әбілқайыр үшін шарап ішкенше, у ішкенім жақсы емес пе...

— Бағы жоғарылай берсін хан иеміздің.

— Шаңырағы күйреп ортасына түссін.

— Көріңде өкір, көріңде өкіргір Әбілқайыр, сенің әлегіңнен күнәкәр боп кәпірдің қолынан дәм таттық қой...

— Байқап сөйлеңіз, қария біреу-міреу естіп қалар?

— Естіп қалардай не айттым? Айыбым көрмегенімді көрсетті дегенім бе?.. Шырағым, пәле жаппай отыр... Пайғамбар жасына келгенде маған Әбілқайыр ханнан бөтен кім мұндай құрмет көрсеткен. Бұдан да абыройың аса берсін, Әбілқайыр хан.

— Осы құрметтің бәрі Әбілқайыр үшін ғой.

— Шіркіннің қадірі қалай күшті еді.

— Күшті болмай, бар қазақты бір тоқтыдай көрмей арзанға сатып отырса...

— Тек, жайыңа отыр! Жөн-терісін білмей...

Әр жерден осындай күңкілдер естіліп жатты. Бірақ кімнің аузынан не шыққанын адам аңғарар емес, гу-гу әңгіме. Әлдекім қолына домбыра ап патшаны, губернаторды, Әбілқайырды мақтамақ боп шырқай жөнелді. Бірақ та оның үні қызып алған офицерлердің «Ұзақ өмір берсін» деп қосыла салған әнінің астында қалды. Бұл әнге мас бола бастаған бай мен билер де қосылды. Арасында мүфтидің жіңішке ащы даусы да естілді.

Қонақтары осылай өзді-өзі болуға айналғанда, Неплюев Әбілқайырды стол басынан тұрғызып aп, қолтықтап, сай жағалай кыдырып кетті. Бұрын да мұндай қонақ асында екі-үш рет болған, шарапты да қанша ішуді білетін хан өзін жақсы ұстап келеді.

Неплюев сәл қызулау, көңілдегі сөзін айтып, ханмен ашық сөйлескісі бардай. Бірақ губернатордың бұнысы қулық екенін Әбілқайыр жақсы біледі, сол себептен де ол артық бірдеме айтып қалмайын деп сақтана түсті.

— Әбілқайыр хан, — деді Неплюев жұрт шуынан алыстаған кезде, — ертең кеңесіміз басталмақ. Сізге Жоңғар мен Қарақалпақ елшілерінің көзінше тілектеріңізді ашық айту қиын да болар...

— Әсіресе, ол тілектеріміз өтпей қалып жүрсе...

— Иә, ондай да жағдай болуы мүмкін... Сондықтан мен сізбен оңаша сөйлескім келіп еді.

— Менің де.

— Онда тіпті жақсы. Қандай өтініштеріңіз бар? Айтыңыз.

— Өтінішім үшеу. Алдыменен екеуін айтайын. Ол екеуі қабылдана қалса, үшіншісінің қажеті де болмас.

— Жақсы. Бірінші өтінішіңіз?

— Бірден бұл өтінішімнің неден туғанын баяндап өтуге рұқсат етіңіз... Жасыратын түгі жоқ, соңғы кезде менің қадірім Кіші жүз елінің алдында төмендеп барады. Бұған себеп Орта жүз ханы Әбілмәмбеттің әрекеті...

— Қалайша?

— Әбілмәмбет хан: «Әбілқайырға орыс патшасының жәрдемі жоқ» дейді. Сөйтіп менің жұртым алдында абыройымды түсіруде. Ал өзі Барақпен, басқа да сұлтандармен бірігіп, Жоңғар қонтайшысының жағына шықпақ. Аманат та бермек. Тек менен қауіптеніп мұндай іске бармай жүр. Біле білсеңіз, Әбілмәмбет хан, Абылай, Барақ сұлтандар Россия патшалығына қарсы.

— Олар сіздің де қасыңыз ғой?

— Кімде-кім Россия патшасына қарсы болса, ол менің де жауым.

— Солай делік. Бірақ бұл болжауға сену қиын. Өйткені Әбілмәмбет те, Абылай да, Барақ сұлтан да осыдан екі жыл бұрын Урусов генералдың алдында бастарына құран көтеріп «Россия патшасының қол астына кірдік» деп уәде берген жоқ па еді?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий