Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

... Бір мың жеті жүз қырық екінші жылы жиырмасыншы август күні Неплюев Ор бекінісіне таяу Тасөткел деген жерде қазақ хандарымен кездесуге шатырларын тіккізді. Бұдан үш күн бұрын жеткен Әбілқайыр Орынбор губернаторы кеңеске тек қана Әбілмәмбет пен Абылай, Барақтарды шақырып қоймағанын білді. Жоңғар елшілері Кошка мен Бурун, олардың серіктері — қарақалпақ батырлары Момор мен Құшақтың да губернатор шақыруымен келгенін естіді. Екі күннен кейін Неплюевтің бұйрығы бойынша, Әбілқайырдың екі ұлы Ералы мен Нұралы да өздеріне арнап тігілген үйге келіп түсті.

Шақырылған қонақтардың санына қарағанда бұл кеңеске орыс әкімдері үлкен маңыз беретіні анықталды. Оған Кіші жүз ханының көзі көп кешікпей жетті де.

Неплюев жұпар аңқыған жанаргүл, қазоты аралас қалың шөпті Тасөткелдің талды ойпатына елуге таяу ақ боз үй тіккізген. Өзімен бірге келген екі эскадрон атты, бір батальон жаяу әскеріне арнап жиырма шақты шатыр тұрғызған. Аттарының ер-тоқымдары да, солдаттарының киген киімдері де судай жаңа. Бәрі мұздай боп көк темірлі қару-жарақ асынған. Қылыштарының сары жез саптары мен мылтықтарының жалаңаш ұштары күн сәулесімен жарқ-жұрқ ойнайды. Қонақтарына Россия патшасының айбарлы күшін көрсеткісі келген болу керек, Неплюев лагерь сыртына алты зеңбірек қойғызды.

Қонақтардың бәрі жиналғанмен, жиырмасында келуге тиіс Орта жүздің ханы мен сұлтандары августың жиырма екісіне дейін келмеді. «Бұлар неге кешігіп жатыр?» деп алдарынан жіберген кісісі: «Тасөткелге жарты күндік жердегі Қияқты сайына осыдан үш күн бұрын Әбілмәмбет хан қосын тіккен екен, түнде кеңес құрып, таңертең кейін қайтып кетіпті» деген хабар әкелді. «Қандай себеппен қайтты екен? Ешкім ештеңе демей ме?» деп сұраған Неплюевке, жіберген кісісі: «Жоқ себебін айтпапты. Сол араның бір байынан сұрап көріп едім, ол: Орта жүз ханының алдынан Әбілқайырдың тілмашы шыққанын, сол тілмаш еліне кеткен күнінің ертеңіне Әбілмәмбеттің де кейін шегінгенін айтты. Сірә, сол тілмаштан сіздің Жоңғар елшісін де шақырғаныңызды естіген болуы керек. Әбілмәмбет өзі Жоңғар қонтайшысымен келісім сөз жүргізіп жүргендіктен, сізбен ол ел елшілерінің көзінше сөйлескісі келмеген шығар» деген жорамал айтты. Неплюев жирен мұртын сипап, түксиген түкті қабағын қарс жауып сәл ойланып қалды, «Бұл сөздің қисыны бар. Жоңғар елшісінің келгенін естісе, Әбілмәмбет атының басын кейін бұруы ғажап емес. Жоңғар әскері бұған жақын тұр ғой. Бірақ оны қалай естиді? Осындай жағдай болмас үшін Жоңғар елшісінің келетінін мен Әбілқайырға да білдірген жоқ едім ғой... Жоқ, мұнда басқа гәп бар».

Дереу ол Құдабайды шақыртты. Кіші жүз ханының хатшысы, Неплюевтің одыраң-одыраң аттауынан, жирен мұртының едірейіп, көк көзінің шыныдай боп мызғымай қалуынан губернатордың ашулы екенін айтпай түсінді.

— Сау-саламатсыз ба, марқабатлы губернатор мырза, — деді Құдабай тілі сәл күрмеліп. — Сіз шақырып жатыр деген соң...

Губернатор хатшының амандасуына жауап та қайырған жоқ.

— Әбілмәмбеттің алдынан Әбілқайыр сені неге жіберді? — деп сұрады ызғарлы үнмен.

Әккі тілмаш әңгіме Орта жүз ханының кеңеске келе жатып кейін қайтқаны жайында екенін сезе қойды. Әбілмәмбет бүгін болмаса ертең келе қалса, өзінің не үшін кейін қайтқанын түсіндіреді. Сонда хан алдында да, губернатор алдында да тілмаштың қара бет ісі әшкереленеді. Әбілқайырдан гөрі, оған өзінің шын қожасы Неплюевтің ашуланбағаны керек.

— Әбілқайыр хан мені Әбілмәмбеттің алдынан жібергені рас, — деді ол басын иіп. — Сізге жеткізуге ыңғайлы жағдай бола қоймады.

— Қандай тапсырмамен?

— Әбілмәмбеттің Жоңғар қонтайшысымен келісім сөз жүргізіп жүргенін Орынбор губернаторы біледі. Егер бұл жолы Россия жағында екенін дәлелдеу үшін бір баласын аманатқа қалдырмаса, сол баласын Орынборға әкелгенше Орта жүздің ханын еліне қайтармайды деді. Соны Әбілмәмбетке жеткізуге жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий