Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірақ бұл өрбу-өркендеу өзінің қоғамдық сатысында шүу дегеннен-ақ екі бағытта дамыды. Бір жағынан осы екі ұлттың ең алдыменен зәбір көрген кедей топтары бірімен-бірі белсене жақындай түсті: қазақ аулының кедейі мен малшылары, өз жеріне көшіп келген қара шекпендермен тіл табысты, содан кейін патша ағзамның түз кептіретін, кен шығаратын кәсіпорындарында қазақ пен орыс бейнетқорлары достасты, ақырында барып, сауда капитализмнің өркендеуінің арқасында күрделі өндірістерде екі ұлттың пролетариаттары бірікті. Бұл бағытта революциялық сана-сезімі жоғары орыс пролетариатының соңына қазақ елінің сезімі ояна бастаған алдыңғы қатарлы ұл-қызы ерді. Осы достасу күн сайын тереңдей, дами берді. Қазақ жұртының алдыңғы қатарлы адамдарының революциялық сана-сезімінің оянуына айдаудан келген декабристер мен олардың жолын қуушы орыс интеллигенциясының жәрдемі көп тиді. Бұған қазақ жеріндегі орыс жұмысшылары қосылды. Осылай тағдыры, келешегі бір екі халық күннен-күнге достаса түсіп, өздерінің алдағы бақытты болашағына қол созды.

Екінші жағынан, қарамағындағы елді жеке билеп-төстеудегі феодалдық ықпалын азайтқаны үшін, ақ патшаны қанша жек көргенімен, қазақтың кей ханы, сұлтаны өздері сол патшаның өкілдері генерал-губернаторларымен ауыз жаласып, солардың қазақ даласындағы шоқпарына айналды. Бұл оларға күннен-күнге айтқандарына көнбей бара жатқан бұқараны ауыздықтап ұстап отыру жолы болып табылды. Россия патшасының отаршылық саясаты мұндай адамдардың дегенінен шықты, тікелей жәрдем берді. Рас, орыс генералдарының ішінде әділеттілікті сүйетіндері де, ақылдылары да болды. Олар билеп отырған өлкелерінде қазақ балаларына арнап мектеп, аурухана ашты. Алым-салық жинайтын шенеуніктері мен почта қызметкерлерінен жергілікті халықтың тілін білуді талап етті. Кейбіреулері Петербургке барып қазақ секілді бұратана ұлттарға аздаған теңдік те сұрады.

Бірақ мұндай губернатор, генералдар тым аз еді. Ал қазақ жеріне келген шын тарих :— отаршылық тарихы аяуды білмес, қан шеңгелді, қатал тарих болатын.

Патшалы Россия бірте-бірте «халықтар түрмесіне» айналды. Декабристерді өз қолымен дарға асып, ұлы орыс халқын табанының астында шірітуді ойлаған Бірінші Николай патшадан қазақ секілді басқа ұлттар қандай жақсылық күте алатын еді? Бұндай жақсылықты Екінші Николай патшадан да, оның генералдарынан да дәмеленудің орны жоқ-ты. Егерде Россия жерінің өзінде қиянат, қазнаны ұрлау, пара секілді жексұрын қылмыстар орасан өрістеніп жатқанда, қазақ даласы секілді отаршылық саясаты қаулаған өлкелерден не күтерсің! Ондай сорақылық бұл жақта екі есе, үш есе арта түсуде еді! Егер Петербургте сот әділетсіздік істесе, Қаратал не Іле бойында ондай әділетсіздік темір шынжырлы, қанды апатқа айналған. Егер Петербургте әділетсіз сот бір кісінің басын алуға бұйырса, бұл арада «кәрі қылыш» жасағы сотсыз жүз кісінің басын бірдей домалатқан.

1737 жылы Сәмеке дүние салды. Орта жүздің билігі енді біржолата Үлкен Орда ханы Болат ханның баласы Әбілмәмбетке көшті. Бірақ ол алыстағы Орынбор әкімшілерінен көрі, қасындағы Жоңғар қонтайшысына жалтақтап қарай бастады. Егер Қалден Церен оған ата мекен Түркістан шаһарын қайтарып беруге көнсе, Жоңғар хандығына бағынышты боп, аманатқа бір баласын жібермек ойға да келген. Әйтседе қонтайшымен біржолата қолтықтасып кетуіне ел наразылығы көлденең түскен. Халық ойын Бұқар жырау:

Ежелгі дос жау болмас,

Шіркеуіште хаты бар.

Ежелгі жау ел болмас,

Көңілінде кірдің таты бар

деп ханға тікелей айтқан. Жұрт жырау сөзін мақұлдаған. Және Әбілмәмбеттің ойын сезген Орынбор әкімі Неплюев те босқа жата алмаған. Орта жүз Жоңғарға ауып кете ме деп қауіптеніп, онымен тіл табуды дұрыс көрген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий