Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әбілқайыр беті ауған жаққа жүріп келеді. Тек құлағын қайшылап қара қылшық кәрі төбеті ғана соңынан қалмайды. Расымен Әбілмәмбет, Абылай, Барақ жоңғарлардың жалған дәлелдеріне сеніп, кешегі төгілген ағайын-туыстың қанын кешпек пе? Жоңғарлардың айтуы бойынша, қазақтардың жерін, малын тартып алу үшін таламаған көрінеді. Қытай боғдыхандары апатқа ұшыратып жатқан кезінде, Жоңғар елін қазақ батырлары үнемі шауып, әбден зығырдандарына жеткен-мыс. «Ақтабан шұбырындыда» Жоңғарлардың қазақ еліне істеген қиянаты, кәрі-жасына қарамай қырып, ен даласын қанға бояғаны соның ызасы-мыс. Айыпты қазақ елінен алған кегі-мыс. Расында солай ма еді? Жоқ, бекер сөз! Ол кездерде Қытай мен Жоңғар арасы қандай болса, қазақ пен жоңғар, қытай мен қазақ арасы да сондай еді ғой. Бықыған, өсіп келе жатқан малына жайылым іздеген жоңғарлар бос жатпаған-ды. Ертістен бері қарай, таудан құлаған қорым талай рет жөңки қаптаған. Бүкіл тарихында қазақ жауынгерлері Жоңғардың жерін тартып аламын деп, Ертістен асып соғыс ашқан емес. Рас, өзі келген жаумен сан айқасқан, әрқашан да жеңіп, кейін шегіндіріп отырған. Осының бәрін Әбілмәмбет, Абылай, Барақтар білмей ме? Білсе керек-ті. Онда жоңғарлықтармен қалай бітімге келіп, қолтықтаса қалмақ? Әлде айла ма? Менің орыс патшалығының қол астына кіріп күшейіп кеткенімнен қауіптеніп, біз Жоңғар жағындамыз деп, маған халықты қарсы қоймақ па? Олай болса өздері де орыс патшалығына бағынуға бармыз деп, менімен жарысып неге бірнеше рет уәде берді? Бұл қандай ойын? Әрине, Барақтың ұстаған жолы ежелден басқа. Ал сонда Орта жүздің ханы мен басқа сұлтандарынікі не? Жоңғар мен орысты өтірік бірін апа, бірін жезде еткен боп, өздеріне дұрыс қаратып, қазақ еліне тек өз бастарының үстемдігін жүргізбек пе? Әрине, содан барып жұрт Орта жүз сұлтандары біздің жоғымызды жоқтайды екен деп әрі қарай ауып бара жатқаны хақ. Ал Барақ секілді сұлтандары мені тіпті орыс патшалығына ел-жұртын сатқан адам ғып көрсетпек. Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі жетер, бүгінгі әрекетімді ақтар; бізге қалған жалғыз жол — ол Россияның қол астына ену. Бүгін күшті болып көрінгенмен, бар тірлігі құр мал өсіру, өзінен әлсіз елді шабу болған Жоңғар тайпасы да күні ертең не Қытайға, не Россияға бағынады. Күні ертең бізге туған күн оларға да туады. Өйткені, ұлы мемлекетке лайық қайнар бұлағы, көзі тайыз. Өнері, білімі, шығарып жатқан қорғасыны, темірі, егіп жатқан егіні, өсіп жатқан бау-бақшасы, салынып жатқан қаласы, бекінісі жоқ ел ұзақ өмір сүрген емес. Бір қатты боранда бар малынан айрылып қалатын, елінің шетіне жау келсе құр сойылы мен отты жүрегін ала шабатын біз секілді ел жан-жағыңнан қалың жау қаптап тұрғанда, өз алдына жеке жұрт болып тұру қайда?! Тұра алмайды. Осыны неге түсінбейді олар? Жоқ, біз қайтсек те Россия мемлекетінің қолтығының астына кіруіміз керек. Бұл қазақ еліне бірден-бір келешегі бар жол.

Әбілқайыр сәл кідіріп тұрып қалды. Оның сұрғылт көзі тұнжырап кетті. «Мені Ор қаласын салдырмақсың» деп айыптайды. Ор қаласын салдырсам, қазақ елін Россияға бағындыру үшін салдырам. Оны жасырып отырмын ба? Егер сөзіме көнбесе, айтқанымды күшпен істетем. Күшпен бағындырам! Өз халқыма өзім осылай зорлық көрсетуім, біле білсе сол халықтың өзі үшін емес пе? Бүгінгі ісіме, ертең болашақ ұрпақ алғыс айтады! Ал осы арманым үшін, жолымда кім қарсы тұрса аяғымның астына сап таптаймын! Сол үшін маған қазақ жеріне салынар Ор бекінісі керек! Ол бекіністе мұздай қару-жарақты, аузы түкті көп солдат болуға тиісті! Әрине, қастарым «осының бәрін Әбілқайыр өз басы үшін істейді, орыс патшасының күшімен бөрімізге хан болғысы келеді!» дейді. Сөздерінде шындық бар, рас мен орыс патшасына сүйенген хан болғым келеді. Күшті хан болғым келеді. Бір жағынан, надан ел-жұртым, сенің қамыңды ойлайтын хан болғым келеді. Халқым, саған адал екенімді кешегі қырғын ұрыстарда көрген жоқсың ба? Өз басымның қамын ойлап қай жерде бұғып қалғаным бар? Алдағы уақыттарда да бұғып қалмаспын! Оған ар-ұятым куә!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий