Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өз билігің өз қолыңнан кеткен соң, бізді орыс басқара ма, жоңғар басқара ма, бәрібір емес пе? — деді Барақ сұлтан қайтадан сұрланып.

— Қонтайшы басып алған жерінің адамдарын тегіс қырып-жойып, тек әлі жандарды ғана басқарғысы келеді.

— Орыстар ше?

— Бүгінге дейін орыс саудагерлері біздің жерімізге тек керуендерімен ғана келіп жатыр.

— Соңынан солдаттары келгенде не болмақ?..

— Оны уақытында көрерміз — Әбілқайыр тағы Церен-Доржиға қарады. — «Қорқау қасқырдан гөрі арыстанға жем болған жақсы» деген мәтел бар.

— Ендеше, ол арыстаның бізді неге қорғамайды?

— Істеп отырған қастығымыз аз ба?

— Қандай қастығымызды айтасың?

— Қазақ жерінен Ташкент, Хиуа, Бұхарға қарай аттанған орыстың бір керуенін тонамай, сау өткіздік пе? Сөйтіп отырып, орыс патшасына қалай қорған бол дей аламыз?..

Әбілқайыр ханның бұл айтып отырғаны да шындық еді. Бір мың жеті жүз отыз екінші жылы, полковник Гарбер басқарған жүзге таяу жауынгер қорғаушысы бар, орыстың Хиуа мен Бұхарға бара жатқан сауда керуені Астрахань атырабында тоналған-ды. Орыс саудагерлерінен тек Гарбердің өзі мен бірнеше солдаты ғана аман-есен құтылған. Өткен жылы, майор Миллер басқарған, Орынбордан Ташкентке бара жатқан дәл осындай орыс керуені тағы тоналды. Мұндай жағдайлар Ертіс, Есіл бойларында да жиі кездесе бастаған.

Әбілқайыр осыларды Барақтың бетіне әдейі салық етіп отыр.

— Орыс керуендерін өткізсең, елімізге бейбітшілік пен қуаныш орнайды дейсің ғой, Әбілқайыр хан. — Барақ сөзі енді тұтыға шықты. — Бұның бекер. Айтайын дегенім көп еді, бірақ орда сенікі...

— Айт! Айт! — деді Әбілқайыр мысқылдай. — Айтарыңды айтып жүрсің ғой, бөтен жер ме, менің ордам ба, саған бәрібір емес пе?

— Онда тыңда! — деді күреңденіп кеткен Барақ. — Әбілқайыр хан, сен елімізге тыныштық емес, бүліншілік әкелгелі отырсың!

— Мен бүліншілік әкелмей тұрып-ақ, қазақ жері Жоңғар қонтайшысы қырған жұрттың сүйегіне толған жоқ па?

Барақтың кенет ерні кезеріп, көзі ұшқын ата қалды.

— Әбілқайыр хан, сен өзіңнің қамың емес, халқыңның қамын ойлайды екенсің ғой! — Барақ Әбілқайырдың тамағынан ала түскісі келгендей шарт жүгініп отыра қалды. Церен-Доржи да тайпы табан етігінің қонышындағы пышағына қолын созды. — Кәне айт, айтшы шыныңды?!

Барақ сұлтанның оқыс қимылынан Әбілқайыр ханның беті бүлк еткен де жоқ. Сол сазарған қалпында селт етпей отыра берді. Тек есік алдында тас мүсін секілді қозғалмай тұрған қос күзетшіге көзінің қиығын аударып еді, екеуі бірдей қолдарындағы садақтарын Барақ пен Церен-Доржиға кезеніп тұра қалды.

— Жоқ, Әбілқайыр хан, — деді Барақ сұлтан, ашудан күреңденіп кеткен бетінің ызғары тарамай, — сен Ор бекінісін орыс патшасына бәрімізді матап беріп, тек өз басыңды жоғарылату үшін салып отырсың!

— Менің орнымда өзің болсаң қайтер едің, Барақ сұлтан?

Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ Орда ішін бір суық ызғар биледі. Ашулы Барақ тағы сөйлемек болып келе жатыр еді, бағанадан бері жұмған аузын ашпай отырған Бөгенбай батыр жартас үстіне қонған бүркіттей қомданып, саңқ ете қалды.

— Әй, Әбілқайыр хан! Әй, Барақ сұлтан! — деді сол қолын жоғары көтеріп, — хан мен сұлтан өзара қырқысып жатырсыңдар. Сонда қара халық бізді неге шақырдыңдар? Соларыңды айтыңдаршы!

— Иә, соны естілік, — деді Тайман батыр да сұрланып.

— Иә, иә, сөйле! Сөйле! — деді Әбілқайыр өз айыбын мойнына алғандай, Бөгенбайдың халық арасында қандай қадыры бар екені есіне енді түскен болуы керек, ол батыр сөзін бар ықыласымен тыңдамақ сыңай көрсетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий